жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты «Абай әлемі -адамгершілік бесігі»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай әлемі -адамгершілік бесігі»
Тәрбие сағатының мақсаты:Білімділік:Әлемдік поэзия алабы,әлемдік өркениетке үлес қосқан ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың өнер білім,адамгершілік тақырыбындағы шығармасымен таныстыра отырып,ақынынң ағартушылық көзқарасынан тағылым алу
Дамытушылық:Оқушылардың өзін өзі,бір -бірін оқытуына жағдай туғыза отырып білімді өз ізденістерімен алу дағдыларын жетілдіру,шығармашылық жұмыстарға баулу
Тәрбиелік: Ақын мұрасынан тағылым ала отырып,адамгершілік,ізгілік қасиеттеріне баулу,жақсылықтан үйреніп,жамандықтан жиренуге баулу
Тәрбие сағатының түрі: Іздендіру
Тәрбие сағатының технологиясы:Қ.Бітібаеваның «ой тастау,ойланту,ойлау» әдістемелік технологиясы
Сабақтың әдіс тәсілдері:Іздендіру,зерттеу миға шабуыл сұрағы,сұрақ -жауап, топпен жұмыс пікірлесу аннотациялық талдау, интерактивті әдіс,рольдік ойындар
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,тақырыптық слаид материалдары,ұлағатты сөздер,кітап көрмесі
Тәрбие сағатының барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Абайдың бір қара сөзін тыңдау Оқушылармен амандасуШаттық шеңберіне тұрғызу. «Балалар ,бір- бірлеріңе қараңдаршы. Қандай әдемісіңдер!!! Ал енді бір-бірімізге күлімдеп мейірімді көзбен қарайық. Қазақ «жақсы сөз жарым ырыс» дейді.Мен де сендерге бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбына байланысты адами қасиеттерді атап өтсек,жақсы білім алып осындай көңілді болуды тілеймін.Сыныпты топқа бөлу
I-топ «мейірім» тобы
II-топ «даналық» тобы
III- топ «ізгілік» тобы
Құрметті ұстаз тәрбиешілер, оқушылар!!!
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы « Абай әлемі- адамгершілік бесігі»дегендей Абайдың сөздерін нақылдарын қалдырған ғибраттарын оқып бүгінгі жас ұрпақтардығ рухани жан дүниесін байытып үлгі етіп отыру,Ұрпақты Абай үлгісіндегі тәрбиелеу ізгілікке, имандылыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Абай тағылымы жайында «Абайдың мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы.Замандар ауысып,дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды,қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының қырларын ашып,жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды,ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге,асқар асуларға шақыра береді» дегендей Абай бүгінде бүкіл қазақ елінің мәртебесін көтеріп,әлемге танытып отыр. Сондықтан да ұлы ақыннығ артында қалдырған еңбектерінің жас ұрпақтың санасына жеткізіп асыл қасиеттерін бойына сіңіру парызымыз Қазіргі заман талабының бірі жас ұрпақты көп тілді білуге баулу.Көптілділікті оқыту жас ұрпақты білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын әлемнің ғылым құпияларына үңіліп,өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.Елбасымыз тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.Оқушыларды тәрбиелеуде Абай атамыздың ұлағатты тағылымына сүйенеміз,пір етіп өмірлік шырақ етіп жағамыз
I-кезең
«Менің пірім- ұлы Абай»
1. Ақынның өмірі,туып өскен жері,шығармашылығы туралы үш тілде претентация.
II-кезең топтық жұмыс
Өлеңнің аты |
Тәрбиелік мәні |
Жасымда ғылым бар деп ескермедім Әсемпаз болма әрнеге Ғылым таппай мақтанба Интернатта оқып жүр Пайда ойлама ар ойла Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
|
|
2.Ұлы дана Абайдың 1. 7.19.31.38. 41 қарасөздерінде қандай тағылым ала аласыздар
« Ойлан тап!»
Асты сызылған нақыл сөздердің тәрбиелік маңызына дәлелдеме пікір айт
Өзің үшін үйренсең Жамандықтан жиренсең Сөзіңе қарай кісіні ал Кісіге қарап сөз алма Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол |
|
Іздендіру бағытындағы тапсырмалар жас ақындарымыз адамгершілік жайында не дер екен
Сергіту сәті
Балалар,бала Абайдың балалық шағына саяхат жасайық.
-Абай атамыз өнер,білім,адамгершілікті насихаттаушы. Соның куәсі ретіндеМ.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясынан «Әке мен бала»арасындағы әңгімеден көрініс тамашаласақ.
Әр топ көрініс бойынша постермен жұмыс жасайды
Елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны Астана_- Бәйтерек монументі.Жалпы бәйтерек ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш,оның идеясында Самұрық қасиетті құс қанатымен аспанды жауып тұр.Астана бәйтерек монументі тамырын тереңге жайған алып Бәйтерек.Бәйтерек сөзі өмір ағашы,біз Алып бәйтеректі Абай атамызға теңейміз.Біз сол биік ,алып бәйтеректі саялай да білуіміз керек
IV-кезең. «Абай әлемі-Самұрық құс жұмыртқалаған бәйтерек» Оқушылардың өздеріне қорытынды жасату «Болашаққа тілек» тілектер жазу
Сіэдерменен халқымыздың ұлы ақыны,философ,ойшыл,сазгер,аудармашы,дана Абай атамыздың өнегелі өлеңдерін,асыл да көркем қарасөздерін насихаттау арқылы ұрпақ бойына сана,ақылына нұр,жүрегіне жылу,сенімене үміт дарытып,рухани адамгершіліктің өзегіне айналдырсақ демекпін
Ендеше көкірегінде саулесі бар әрбір жан Ұлы Абайдың ұлылығына үңіледі дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Назарларыңызға рақмет!!!
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жақсылық жан азығы»
Тәрбие сағатының мақсаты:Абай тағылымы негізінде оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке,адалдыққа мейірімділікке,еліне,жеріне,Отанына деген сүйіспеншілікке,рухани бай болуға баулу
Оқушылардың «қайырымдылық» «қамқорлық» «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,дұрыс сөйлеуге,әдеби тіл байлықтарын дамытуға түрткі жасау;
Ақыл нақыл сөздердің тәлім- тәрбиелік мәнін түсіндіру,шығармашылық,ізденіс жұмыстарына баулу;
Тәрбие сағатының барысы:
Тапсырма: I-кезең.Ұйымдастыру кезеңі:Құрметті Ұстаз тәрбиешілер,қонақтар,оқушылар «Жақсылық жан азығы» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!!!
Жақсылық адамгершіліктің белгісі Жақсылық айналасындағыларға қуаныш сыйлау,табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасау.
Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса,оған бақта,бақыт та қонады дегендей адамгершілік- ол рухани тәрбие
Жақсылық дегенді өздерің қалай түсінесіңдер
Жақсылық жасау адамға парыз ба
Адамныңең жоғарғы қасиеті
Балалар бүгінгі сабағымызды психологиялық « Бір -бірімізбен амандасайық» тренингімен бастасақмен сендерге «күн» «жүрек» «қол»және «күлкі» бейнеленген суреттерді көрсетемін
Ал сіздер егер «күн» бейнеленсе жақсы ықыласпен тілек айтамыз
«Жүрек» бейнеленсе бір бірімізбен құшақтасамыз
«Қол» бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз
«Күлкі» бейнеленсе бір -бірімізге күлімдей қараймыз
Ендеше осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызға оралсақ
I-«Ақылдылар» тобы
II-«Мейірімділік» тобы
III-«Даналық» тобы
II-кезең топтық жұмыс Жақсы сөз көңіл құлпын ашатын кілт іздендіру бағытындағы тапсырмалар:
-Жақсылыққа байланысты бейнероликтер
Бейнероликтерне туралы мағыналары
-Ұлы ақын Абай атамыздыңқарасөздері мен өлеңдеріндегі жақсылыққа байланысты ақыл нақыл сөздерді жаттап келеді,тәрбиелік мәнін түсіндіру
Бейнероликтен нені көруге болады
Жақсылық дегеніміз не
III-кезең постермен жұмыс
I-Жақсылық жолы- жарық күн
II- Жақсылыққа жақсылық
III-Кеудесі жақсылардың алтын сандық
постермен қорғап болған соң әр топты формативттік бағалау бойынша бағалатамын
1-топты шапалақтау арқылы
2-топты бас бармақты басу арқылы
3- топты смаиликтер арқылы
IV-кезең. Оқушылар шығармашылығы оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқиды
/2-3 бала өз ойларын айтып кетеді/
V-кезең. Қорытынды
Балалар бүгінгі тәрбие сағатында жақсылық құндылықтары туралы білімдерін жинақтап ортаға салдық,жан жақты ашқан сияқтымыз енді тақтада ілініп тұрған Мәуелі бәйтерек пен адамның ең аяулы жері жүрекке назар аударсақ
Бәйтеректі адамның жан дүниесіне теңесек,жан дүниеміз жүректен нәр алып,қоректенеді. Жүректен де осы жақсылық пен ізгілік, мейірімділік және де бұдан бөлек адамның асыл қасиеттері тарайды.
Ал енді осы сабақтан алған әсерлеріңді жеткізсеңіздер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген