жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты Абай әлеміне саяхат
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат-"
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы ақынның 175 жылдығына орай
ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау,
өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете
отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу,
адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге
тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеттік оқу, музыка
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Ән тындау. «Көзімнің қарасы»
Балалар, кімнің әнін тыңдадық?
Тақырыпты таныстыру,мақсатын қою.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен.
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
Оқушылар жауабы:
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен,қарасөздерімен танысып жатырмыз.
- Біз кішкентай кезімізден бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеміз.
- Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Мұғалім: Міне ,бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Мұғалім:
Біреулерге болғанменен айдала,
Басын иіп тәу етеді бар дана.
Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
Құдіретіңнен айналайын, сардала- дегендей, дана,дара Абайдың туған
жері туралы видеороликті
тамашалайық.
- Ұлы ақын 1845 жылы 10 тамызда – табиғаты тамаша Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен.
Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.
Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.
Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.
Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған
адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай
ата.
14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
Мұғалім: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық
Мұғалім: Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз.Аудармашылығы туралы не айтасыздар?
Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған.
Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.
Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысал өлеңдер) да, ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.
Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.
Қазір біз И. А. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тыңдап көрейік.
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)
|
Мұғалім: Сонымен балалар, Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы |
Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына.
Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі
пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға
шақырады.
-Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз.
Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
"Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас.
Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны
да рас. Жаратқан
тәңіріні де сен танытасың,
жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен
тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының,
жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып
беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ
- менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек
болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа
жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл
қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп,
үйден қуып
шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз?
Абай – ойшыл.
- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй демекші,
Енді Абайдың атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін орындауға шақырамын.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
Өзі де бірнеше ән шығарған. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Сегіз аяқ»
Яғни ,Абай –сазгер.
Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?
1- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды
алар»
2- оқушы:«- «Ғылым таппай
мақтанба»
3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»
7-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»
Түйіндеу. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде
артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен
айтсам:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған...
Қасиетті қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық.
Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы.
«Әлемнің Абайы» өлеңі
Абай біздің –Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік
шыңымыз,
Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған
сырымыз.
Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
Ақылменен дана болған
Бірге: Бүкіл елдің Абайы
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы
көңілге.
Сондықтан, балалар, Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген тілекпен,
біз Абай атаны жадымызда ұстайық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген