жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты «АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА!»
«АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА!»
Тақырыбы: «Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
Мақсаты:
1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2.Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3.Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Тәсілдері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, әндері.
Көрнекілігі : Абай Құнанбаев, мультимедиа,тақырыптық слайд, кітаптар көрмесі.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Абайтану, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Студенттер назарын аудару.
Оқытушының кіріспе сөзі:
-Студенттер, бүгінгі тәрбие сағатында біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін-әдептілік.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң-арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, -деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен Дана болған,
Бүкіл әлем Абайы, -деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігінде есімізге не түседі?
Ұлы
ақын композитор
классик
Абай
кім?
Философ
аудармашы
Абай
кім? қазақ жазба әдебиетінің
жазушы
негізін салушы
дана ағартушы
1-студент. Абай-ақын, Абай-дана, ойшыл, заман суреткері. Абай-аудармашы. Абай-сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.
2-студент. 20-ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдың «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз? Дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.
3-студент. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? деп жырлапты жыр алыбы.
4-студент. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.
5-студент. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.
6-студент. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.
7-студент. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14-жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15-жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрты Абайды би етіп сайлайды.
8-студент. Абай-ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.
9-студент. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.
10-студент. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды. Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды.
Оқытушының түсіндірмесі
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.
Оқушылардың қарасөздерді оқуы
Адам баласы дүниеге келгенде екі мінезбен туылады (Жетінші қара сөз)
Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме? (Жиырма бірінші қара сөз)
Шығармашылық жұмыс
1.Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар?(«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
2.Студенттер шығармашылығы (Абай ата жайлы өлеңдер)
«Ұлы ақын-Абай Ата»
Абай атам-данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге ақын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пушкинменен,
Абай атам-ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.
«Абай ата»
Ата сөзі-қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер-білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.
Топпен ән айту
«Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалады.
11-студент. Абай 1904 жылы дүниеден өтті. Абай өмірден озса да артына көп мұра қалдырды. Өлең-жырлары, қарасөздері мәнді де мағыналы болды.
12-студент. Жазушы Төлен Әбдіков. «Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. М.Әуезов Абайды әлемге таныту арқылы әлемге қазақты танытты»,-деді. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен қысқаша әңгімелер арқылы танысып келе жатырмыз.
Ойды түйіндеу
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, студенттер, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Абай (Ибраһим Құнанбаев) Екі томдық шығармалар жинағы
2.Қазақ әдебиеті Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова
3.Абай журналы
4.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген