Материалдар / Ашық тәрбие сағаты «Абай-дара, Абай-дана қазақта» (А.Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл)

Ашық тәрбие сағаты «Абай-дара, Абай-дана қазақта» (А.Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ақынның өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы жөнінде мағлұмат беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: __________

ДТІЖО Г.П.Таңатарова


Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары

Мектеп: «І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектебі» КММ

Мұғалім: Отарбаева Гульназ Қайроллақызы

Пән атауы: Тәрбие сағаты

Сынып: 7 «Ә»


Тақырыбы:

«Абай-дара, Абай-дана қазақта»

(А.Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл)


Мақсаты:

Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, қара сөздеріне талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.


Күтілетін нәтиже:

Абай туралы білген-түйгендерін пысықтап, білімдерін тереңдетеді, сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры қалыптасады.


Ресурстар:

https://bilimland.kz/kk#lesson=18621


Әдісі:

Венн диаграммасы, «миға шабуыл», рефлексия пирамидасы, жапондық бағалау әдісі, сәйкестендіру тесті, эссе


Көрнекілігі:

слайд, бейнежазба, үнтаспа.


Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің ойын бағалау.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

2 минут



«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу

Сәлеметсіңдер құрметті оқушылар!

1. Биыл туылғанына 175 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны?

2. Өлеңдері жыл мезгілдерімен байланысты?

3. Ақынның әрбір нақыл сөздері жақсы болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелейді?


Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай қашықтықтан өткізіліп отырған сынып сағатына қош келдіңдер!


Сабақ барысында жинақылық танытып, сұрақтарға жылдам жауап беру.

Сабақтың басы

3 минут



























Сабақ ортасы

5 минут


«Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы» Бейнежазба(білім ланд) көрсету
















Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Бүгін ұлы Абай шығармашы лығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым . Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған сынып сағатымызды Абай атамыздың мына өлең шумағымен бастаймыз.

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған, Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!- дей келе Абай атамыздың өміріне тоқталып өтсек.

https://bilimland.kz/kk#lesson=18609

Бейнежазбаға назар аударады




























- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, кішіге

- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.





















1-тапсырма

Венн диаграмма

Абайға сипаттама жасау.

мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.


Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.








Венн диаграммасы

арқылы Абайға сипаттама

жасап шығады.









Сабақтың жалғасы

5 минут

2-тапсырма

«Ой-толғау».





Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.

Абайдың он сегізінші және жиырма бірінші қара сөздерін тыңдату.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/10-synyp/lesson/abajdyng-altynshy-qarasozi

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)

Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?

(Жиырма бірінші қара сөз)

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!

Әрқайсысы өздерінің ойларын жеткізеді, bilimland.kz платформасында берілген тапсырмаларды орындайды




















Қорытынды

2 минут

Сәйкестендіру тесті

Сәйкестендіру тест жұмысын орындауға беремін

Абай өлеңдерін «Сәйкестендіру»


Тақырып

тары

Өлеңдерінің атауы

1

Табиғаттың төрт мезгіліне арналған

« Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

2

Білім жайлы

« Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Болыс болдым, мінекей», «Әсемпаз болма әрнеге

3

Адамгершілік мәселесі жайлы

« Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Кәрі құдаң қыс келгенде»

4

Зорлық-зомбылық, әділетсіздікке қарсы

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»

5

Адал, махаббат мәселесі жайлы

«Ғашықты, құмарлық- ол екі жас», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»


Тесті орындайды




Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия жасау


Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтаймыз.
Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Оқушылар Рефлексия пирамидасы арқылы алған білімдерін түйіндейді

Абай 1904 жылы дүниеден өтті. Абай өмірден озса да артына көп мұра қалдырды. Өлең- жырлары, қарасөздері мәнді де мағыналы болды.



Үйге тапсырма

1 минут

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар шығармашылығы (Абай ата жайлы эссе).

30 сөзден аспайтын шағын эссе жазу.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ