Абайды оқы,
таңырқа!
Мақсаты: оқушылардың ұлы ақынның
балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, ақындығы мен
композиторлығын таныту; Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін,
қасиеттерін үлгі ете отырып білім-ғылымға құмарлығын арттыру; жас
ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абай суреті, ақын туралы
айтылған қанатты сөздер, слайд.
Барысы
І. Ұйымдастыру: Шаттық
шеңбері:
Құтты қонақ
келіпті,
Төріме міне
еніпті.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал,кәнеки
бәріміз,
Сәлем дейік
үлкенге.
Сәлеметсіздерме
қонақтар.
Құметті ұстаздар 4-сынып
оқушыларының тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
Миға шабуыл:
Сұрақтар:
-
Ұлы ақын, кемеңгер данышпан,
аудармашы, сазгер, философ. (Абай)
-
Семей облысы, Шыңғыс тауының
баурайында дүниеге келген ақын. (Абай)
-
Шын аты Ибраһим.
(Абай)
-
Құнанбай мен Ұлжанның ұлы.
(Абай)
-
Мұхтар Әуезовтың 4 томдық
романы кімге арналған? (Абай)
-
Тоғжанға ғашық болған кім?
(Абай)
-
Ахмет Байтұрсынұлы кімді
«Қазақтың бас ақыны» деп атады? (Абай)
-
Зере кімнің әжесі?
(Абай)
-
Балалар кімнің суреті шықты?
(Абай)
-
Олай болса бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлап
отырсыңдар?
-
Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі
тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Абайды оқы, таңырқа» деп аталады.
Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы дана, дара ақын атамыз Абай
Құнанбайұлына арналады.
-
Биыл Абай атамыздың туғанына
қанша жыл толады? (175 жыл)
Бірге: Жүрегімнің түбіне терең
бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да
ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде
өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә
қойма!
Негізгі
бөлім:
Абай ата өзі айтқандай жұмбақ
адамның бейнесіне үңіліп көрейік.
Абай видио слайд
көру.
Сая: Абай- Ибраһим. Абай Құнанбаев-
қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында,
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.
Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі
зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі –
Зере.
Шырайлым:
Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін,
он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл
оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше
араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди,
Хафиз, Науаи, Физули еңбектерімен танысып, тағылым
алады.
Абай кім?( топтастыру
жасау)

Мұғалім:
Шын хакім, сөзің асыл – баға
жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі
кетпес.
Қарадан хакім болған сендей
жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес! – деп қазақтың
біртуар ұлы Мағжан Жұмабаев баға берген кемеңгер Абай осылай дүние
есігін ашқан еді.
Абай – кестелі сұлу сөздің иесі, көркем
әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын
қазақ балалары кімнің алдында болса да ұялмай мақтанышпен айта
алады.
Абай –
ақын.
Ұлы ақынның туған жері табиғаты тамаша Семей
жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған
отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның
ақындығына ықпал етеді. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың
өлеңдеріне кезек берейік.
«Жазғытұры»
(Іңкәр)
«Жаз»
(Бәти)
«Күз»
(Ұлпан)
«Қыс»(
Бағжан)
Абай –
сазгер.
Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу
Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін
ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән
шығарған.
Ән: «Желсіз түнде жарық
ай»
Абай –
ойшыл.
«Абай – ойшыл» дегенде біздің есімізге оның
қарасөздері түседі.
Қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге
құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға
шақырады. Абайдың 45 қарасөзі
бар.
Нурали:
18- қара сөзінен үзінді:
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылыми, ар, мінез деген
нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де
ақымақтық.
Бексұлтан:
33-қара сөзі: Егер де мал
керек болса, қолөнер үйренбеек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлік- қазақтың әулиесі
сол.
Абай –
аудармашы.
Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің
«Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю. Лермонтовтың, Гетенің
шығармаларын еркін аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа»
мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз
екен.
Көрініс: «Шегітке мен
құмырсқа»
Көп адам дүниеге бой
алдырған,
Бой алдырып аяғын көп
шалдырған.
Өлді деуге сияма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз
қалдырған.
Күй:
«Торжорға»
Қорытындылау:
«Сандар сөйлейді.» ойыны.
Берілген сандар Абай атамыз туралы не айтады.
(3,4,7,10,45,1845,1904,175)
«Адал қасиет»
ойыны
Әрқайсымыз осы сабақтан қандай
қасиеттерді бойымызға жинағанымызды жазып Абай атаның киіз үйіне
саламыз.
Абай дара, Абай кемел, озат
та,
Жол салады әр өлеңі
ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп
саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол
қазақта.
Абай жолы – халық жолы. Абай
атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күншуағы. Әрқашанда жас
жүрегіміз «Абай» - деп соғар – деп ойлаймын. Сабағымызды
Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп
отыр.
«Абайды таныту арқылы біз
Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан
біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»