Ашық тәрбие сағаты: "Әдептілік әлемі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Әдептілік әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды әдепті сөйлеуге, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік әлемі Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік инабаттылық жайында балалардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін- өзі ұстай білуге, балаларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейіл-ділікке,ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз салт- дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту. Әдіс- тәсілдері:сұрақ- жауап, ой толғау, Көрнекілігі:слайд ,бейнеролик Жоспары : Ұйымдастыру кезеңі 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім а)Ой ашар (балық қаңқасы әдісі арқылы) ә)Өлең сөздің патшасы .б)Мақал- мәтелді сурет арқылы айту в)Сергіту сәті г)Бейнефильм д)Жағдаят е)Керібайланыс(cиқырлы айна әдісі арқылы) 3.Қорытынды Ұйымдастыру кезеңі: Тәрбиеші:Қайырлы күн, құрметті әріптестер!Бүгінгі біздің “Әдептілік әлемі” атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Ендеше, ортаға балаларымызды шақырайық. Кәне,балалар,”Сәлемдесу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой Ізетпенен иіліп, Сәлемдесейік үлкенге”демекші бәріміз бірге келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар хормен) Үлкенге де сіз, кішіге сіз, Барша жанды құрметтеп, бас иеміз біз! 1.Кіріспе Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ.Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс- қимылы, жүріс- тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін- өзі ұстай білуі оның мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. 1.Негізгі бөлім а) Ой ашар (балық қаңқасы бойынша) Ендеше балалар, слайдқа назар аударыңдар.Біздің бірінші кезеңіміз “ Ой ашар” деп аталады. Мұнда сендерге “балық қаңқасы” әдісі бойынша тақырып беріліп тұр. Осы тақырып бойынша балық қаңқасының жоғарғы жағында сұрақтар беріледі. Егер сол сұрақтарға дұрыс жауап бере алсаңдар, жауаптарың қаңқаның төменгі бөлігінен шығады. Сендердің түйген ой қортындыларың балықтың соңғы бөлігінде көрсетіледі. Бірінші сұрақты кім оқиды . 1.Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер ?(Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, ортада өзін ұстай білуінен байқалады .Үлкендерді сыйлауы, кішілерге қамқорлық көрсетуі, жауапкершілікпен қарауды, адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін.) 2. Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәні қандай?(Қазақ тәрбиені амандасудан, есен- сау сұрасудан бастаған.Кейбір егде адамдар “Ассалаумағалейкум” дегеннен- ақ кім екенін білдім деп жатады.Біріншіден сәлем берген кісінің даусының шығуын байқайды . Екіншіден сәлем бергенде өзін қалай ұстайсың.Үлкендер осының бәріне назар аударады Сосын сіз туралы пікір түйеді.) 3.”Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді деген аталы сөзді қалай түсінесіңдер?”(Өйткені сәлемдесу кісіліктің белгісі.Сәлемдесу амандасу адамның бір- біріне ізет, сый- құрметін көрсетеді. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу. ) 4. Ассалаумағалейкум сөзінің мағынасын кім біледі?(“Ассалаумағалейкум” араб сөзінен шыққан оның мағынасы “Сізге тыныштық тілеймін” дегенді білдіреді . Оған жауап ретінде айтылатын” Уағалейкумассалам” -” Сізгеде тыныштық тілеймін” деген сөз. Одан кейін “Үй ішіңіз мал жаныңыз аман ба?” “Денсаулығыңыз жақсыма?” деген хал- жағдайды білісу, жөн сұрасу рәсімі басталады .) 5. Балалар сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдерме ?(Көрсету)1)Қос қолдап амандасу 2) Төс қағып амандасу 3)Құшақ жая амндасу 4) Қуанышты амандасу Тәрбиеші:Әдеп адамшылылық амандасудан басталады. Ақсақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзінен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек. Ендеше келесі кезеңіміз “ Өлең сөздің патшасы” деп аталады . Балалар өздерің білетін”Әдеп” туралы тақпақ, өлеңдеріңді үш тілде айтып берсеңдер. Кәнекей кім бастайды? Марлен: Әдептілік дегенің- Әрқашан да керегің. Әсемпаздық дегенің- Әуре сарсаң әлегің .

Виктория: Сыйлап сәлем беремін , Көршілерді көргенде. Ізетпен сәлем беремін, Үйге қонақ келгенде . – “Әдепсіз” деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін. Аркадий : Атам маған әмәнда, “Әдепті жан бол” деген. Ата сөзі санамда , Жасы үлкенге жол берем. Алдын орап кісінің , Кесіп өтпей көлденең. Ізетімен кішінің , Сәлемдесіп қол берем. Атам маған әмәнда , “Кішіпейіл бол” деген. Атам сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. Атам маған әмәнда , “Әділетті бол” деген. Ата сөзі санамда , Жүрем тура жолменен. Лиза: Орнықтырып әдеппен, Оқу, еңбек, ойынды. Оқушылық әдеппен, Орындаймын ойымды. Есептеулі сағаттар , Еш өтпейді күнбе күн. Еш өтпейді сабақтар, Бос өтпейді минуттар . Денис: Дастарханның басында, Әдептен біз озбаймыз . Үлкендердің қасында, Қолды бұрын созбаймыз. Тамақ ішер кезде біз , Сөйлемейміз күлмейміз . Астан басқа өзгені , Елемейміз білмейміз. Жарайсыңдар, балалар сендер әдептілік туралы тақпақтарды өте керемет айттыңдар өзге тілді де жақсы меңгеріпсіңдер. Б)Мақал- мәтелдерді суреттер арқылы құрастыру . Балалар, бұл кезеңде мнемо технологиясы арқылы мақал- мәтелдерді табуымыз қажет . Яғни, экранда суреттер көрсетіледі сол суреттерге қарап, мағынасы тура келетін мақал- мәтелдерді айтуымыз керек . Ендеше, бірінші суретке назар аударайық . 1.Бала тәрбиесі бесіктен. 2.Әдеп- басы тіл . 3.Әйел- әдептің әліппесі. 4.Тәрбиелі адам тағалы атпен тең. 5.Итті күшігінде үйрет. 6.Тәрбие басы тал бесік 7. Аға әдепті болса, іні әдепті. Әпке әдепті, болса сіңілі әдепті. 8. Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен. 9.Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер. 10.Әдептіліктің белгісі- иіліп сәлем бергені. Рахмет, балалар! Сендер өздеріңнің әдептілік туралы мақал- мәтелдерді жақсы білетіндеріңді көрсете білдіңдер . Ал енді келесі кезеңімізге көшейік . в)Сергіту сәті. Балалар, кәнеки ортаға шығып бойымызды сергітіп алайық . Жарайсыңдар, балалар! Енді орнымызға отырып, экраннан келесі кезеңіміз бойынша “Менің атым Қожа” атты фильмнен үзінді тамашалайық. г)Бейнефильм Ендеше, бар назарымызды аударып, фильмдегі әрбір іс- әрекетке мән беріп көрейік. Себебі фильмнен кейін талқылайтын боламыз . 1.Балалар фильм кім туралы? Бұл кино Қожа деген бала жайында 2. Қандай әдеп бұзушылықты байқадыңдар ? Қожа біріншіден үлкен кісіні сыйламай, кезек күтпей өтірік айтып дүкенге кірді . Екіншіден қызбалаға дөрекілік көрсетті . Қызбалаға ер жігіт деген сыпайылық танытып қол көтермеу керек .Үшіншіден үйінде отырған қонақпен амандаспай есіктерді тарсылдатып мінез көрсетті Кез- келген адам ең бірінші амандаса білу қажет. 3.Қожаның істеген іс- әрекеті дұрыспа ? Жоқ дұрыс емес. Мұндай жағдайлар кей- кезде өз арамызда да болып жатады. Бірақ үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету әрқайсымыздың парызымыз.. Көпшілік ортада өзімізді дұрыс ұстап, дұрыс сөйлеуіміз қажет. әдептілік басы сәлемдесу әрқашанда үлкенмен де, кішіменде сәлемдесе білу керек . Тәрбиеші : Дұрыс айтасыңдар балалар. Қожаның іс- әрекеті мүлдем дұрыс емес. Әдепті адамдар- қоғамңың баға жетпес байлығы ,әрі мәртебесі. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Д)Жағдаят Әдеп Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуіде бір мектепте , бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы жағына жайғасқан екеуі, мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп. әжей кірді. Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп отыра берді . Бір уақытта әжей орнынан тұрып түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді . - Ал балалар сендер не істер едіңдер ? - Арманның істеген ісі дұрыспа ? - Әдептілікке жата ма ? Демек , адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпеілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата аналарымыз , тәрбиешілерміз үйретеді екен . – Ал, біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз . - Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысулары керек. - Ал , балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады? - Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы? - Демек , бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. бала кішкентайынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен. Е) Кері байланыс (сыйқырлы айна әдісі бойынша). Кәнеки , балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бекіту үшін ортаға шығып, шеңбер құрып “Сыйқырлы айна” әдісімен кері байланысқа шығайық. Бұл әдістің шарты бойынша барлығың шеңбер құрып тұрасыңдар, ал мен сол шеңбердің ортасында тұрып сендерге бүгінгі тәрбие сағатымызға байланысты нені түсініп нені түйгендерің туралы сұрақтар қоямын . – Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма? Балардың жауабы: Виктория: Маған сабақ өте ұнады ,бұл сабақтан біз үлкенді құрметтеуді сыйлауды үйрендік Аркадий: Мен үшінде бүгінгі сабақтың берері көп болды. Мысалыға: “Ассалаумағалейкум” сөзінің мағынасын білдім . Марлен: Жаңа әідістегі мақал мәтелдерді тауып айту кезеңі ұнады . Лиза:” Менің атым Қожа” фильмінің үзіндісін көру кезеңі ұнады. Бұл фильмнен балалардың алары көп, әсіресе әдептілік пен әдепсіздікке байланысты . Нафиса : Маған сергіту сәті ұнады. Себебі сергіту сәтінде бойымызды сергітіп, келесі кезеңге деген ынтамызды ,көңіл -күйімізді арттырды. Мейрамбе:Сізге үлкен рахмет маған бәрі ұнады. Тәрбиеші : Балалар сендерге де рахмет! Әдептілік дегенің ар- ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі, адам мінез- құлқының негізі екенін түсінген боларсыңдар . Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын ,ниетінің адал болуын қадағаласа, істеген ісі де соған сай инабатты, әдепті, жүрегі мейірімге толы болмақ .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі