400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Адамгершілік - асыл қасиет" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: 5ә-сынып

Күні: 16.10.2017ж

Тақырыбы:

Адамгершілік –асыл қасиет

Мақсаты:

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту;
Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз ойларын еркін айта алады, топта жұмыстанады, пікірлерін білдіреді.

Керекті жабдықтар

компьютер, проектор, постер, түрлі түсті маркер, стикер, таймер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңбер тренингі.

«Қайырымды,мейірімді, достық, инабат »сөздері арқылы бөліп отырады.

Оқушылар топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер

Білу.

  • Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?

  • Ол нені дәріптейді?

  • Адамгершілік дегенді қалай түсінеміз? (ассоциялау әдісі)


Сұрақтарға жауап береді

Негізгі бөлім

Түсіну. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді.

Өзін ғана ойлаған -

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі,-

деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.

Қолдану.

І топ - Тіл  ұлттың қасиетті белгісі. 

ІІ топ – Ұлттық салт-дәстүрлер

ІІІ топ - Отан туралы мақал -мәтелдер

ІҮ топ – еліміздің тарихы

әр топ осы тақырыптар бойынша постер құру арқылы таныстырады (4 мин)

Талдау.

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Жинақтау. «Ыстық орындық» әдісі

    1. Қазіргі кезде оқушының бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

    2. Оқушыларды жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?

    3. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

    4. Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?

Мұғалімді тыңдап, өз ойларын білдіреді













































Бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Жүрек стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі.

Өз ойларын білдіреді









































А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы











Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет».

5ә сынып













Сынып жетекшісі: Исмагулова Г.С.















2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі