Адамгершілік-асыл
қасиет.
Сабақтың
мақсаты:
Қайырымдылық,ізгілі,бауырмалды
сияқты адамгершілік қасиеттерді жас
жеткіншектердің бойына сіңіріп,күнделіеті
қолдана білуге үйрету.
Жалпы
ой-өрістерін,таным-түйсіктерін,сөйлеу
тілдерін,байланыстыра сөйлеуін,өз ойын
саралай білуін,есте сақтауын,зейіндерін
дамыту.
Жақсы
қасиетттерді бойына
сіңіріп,адамгершілікке,мейірімділікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
тірек
сызбалар,суреттер.
Әдісі:
топтастыру,сауалнама:
«Сен қайтер едің?»,көрініс: «Адамгершілік
деген не?».
САБАҚТЫҢ
БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру
бөлімі.
Психологиялық
даярлық. «Шаттық» шеңбері.
-Кәнекей,тезірек
өзіміздің «Шаттық» шеңберімізге
тұрып,бір-бірімізді қарсы алайық.
Шақырып
біз шеңберге
Дейміз,айтып
балалар.
Жан
жетпейді сендерге
Сәлем
жарқын,балалар!
ІІ
Негізгі бөлім.
«Адамгершілік
деген не?» деген көріністі көрсету.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер
ме,балалар?
Рахман:
Амансыңдар
мА,жас достар?!
Мұғалім:Рахман,сәлемет
пе? Жандос қайда?
Рахман:
Апай,Жандос
ұятқа қалды.Ол бұл кешке келе алмайды.
Мұғалім:
Иә,
не болып қалды оған тағы?
Рахман:Оны
Тоқсанбай ағай жазалайтын болды.
Мұғалім:
Жазасы
не тағы?
Рахман:
Мен
қой десем,Жандос болмай гүлзардан екі
гүлді жұлып алды.Содан Тоқсанбай ағай:
«Гүлді таптадың,тәртіп бұздың»-деп
ұстап алып кетті.
Мұғалім:
Әрине,гүлді
жұлу,гүлзарды таптап жүру адамгершілікке
жатпайды.
Рахман:
Жандос
мектептегі кештен қалатын болдым
деп,жылап-еңіреп кетті.Обал болды.
Мұғалім:Рахмансен
адамгершіліктің не екенін білесің бе?
Рахман:
Адам
не істесе, соның бәрі- адамгершілік.Ал
Тоқсанбай ағайдың Жандосты жылатып
алып кетуі-адамгершілік емес,меніңше.
Мұғалім:
Рахман,
сен балалық жасама.Ағайды бекерге
жазғырма.
Рахман:
Адамгершілік
деген сол ма? Бір тал гүл үшін жас баланы
жасытып:
Мұғалім:Адам
тек жақсылық істеуі керек,ал Жандос
бүлдіріпті.
Рахман:
Егер
түсіндіріп,ескертсе,бұдан былай гүлзарды
таптамайтын еді ғой:
Мұғалім:
Тоқсанбай
ағай Жандосты жаман әдеттен тыяды.Оның
үстіне ол жалпы адам игілігіне өсірілген
гүлзарды қорғап қалды.
Рахман:
Мен
де досымды қорғап тұрғаным ғо.
Мұғалім:
Достыққа
адамгершілік,бірақ достың кінәсін,мінін
жасыру немесе оның қылмысын қолдау
адамгершілік емес. «Дос жылатып
айтады,дұшпан күлдіріп айтады» дейді
халқымыз.Достың мінін түзету үшін оны
қатты сынап,қадірлей көмектесу
керек.айту,үйрету,талап ету-парыз.Адамгершілік
туралы «Атамның өсиеті» деген өлең
бар,соған құлақ түрейік.
Әсемкүл:
Әдеп
сақтап әманда,
Әрбір
адал адамға.
Жасасаң
бір жақсылық
Қайтарады
сағанда.
Нұрайдын:
Кішілерді
аяла,
Кісілерден
аянба.
Адамдығың
көрінсін,
Анадай
жан саяда.
Аружан:
Ынтымаққа қосылда,
Ықылас
қой досыңа.
Әр
мақсатың нық болсын,
Ақылыңнан
тосылма.
Гүлзинат:
Ақылы
бар баласын,
Айтқан
тілді аласың.
Намысты
боп өссең сен,
Нағыз
адам боласың.
Рахман:
Енді
түсіндім,адамгершілік дегеніміз
ар,намыс,адалдық,достық, жақсылық жасау
екен ғо.
Мұғалім:
Адамгершілік деген ұлы сөз,адамның игі
іс-әрекеті,еңбек,достық,татулық-осының
бәрі адамның адамгершілік қасиеті.
Рахман:
Рақмет
сізге! Бәрін енді ұқтым.
Талдау:
Саматтың әрекеті дұрыс па?
-Тоқсанбай
ағайдың Айдарбекті жазалауы туралы
қандай ойда болдың?
-Неге
адамда адамгершілік қасиеттер болу
керек?
-Қалай
мейірімді болуға болады?
-Балалар,мына
суретті қарайықшы.Одан біз не көріп
тұрмыз?
-Нағыз
шындық мынадай ортасында қара нүктесі
бар үлкен ақ кеңістік.Өкінішке орай,бәріміз
қара нүктені көріп тұрмыз.Өйткені,өмірдің
көптеген көріністерінен біз оны қоршап
тұрған ақ түсті аңғармай,тек қана қара
нүктені көреміз.Былайша айтқанда,бізге
әр адамдағы жақсы қасиеттерінен
гөрі,кемшілігі мен әлсіздігін көру
әлдеқалайда жеңіл сияқты.
ТОПТАСТЫРУ.
Достық Ізгілік
Адамгершілік
Қ
айырымдылық Адалдық
Бауырмалдылық Әдептілік
Ән:
«Болайықшы осындай»
Тапсырма:
«Көбелекке көмектесу».
ІІІ.
«Алтын ақыл» бөлімі.
Бір
нәрсені істей білсең оны жолдасыңа
үйрет,егер жолдасың қиналса көмектес.
Бар
затыңды,ойыншықтарыңды жолдастарыңмен
бөліс.
Жолдасың
жамандық істесе оны тоқтат,жақсы ДОС
болу-өте жақсы қасиет.
Бір-біріңе
тек шындықты айту керек.
«Сен
қайтер едің?» сауалнамасын өткізу.
Шығармашылық
жұмыс.
Жас-кәріге…………сіз
деген,
Жақсы
үлгі….іздеген
Дос
боламыз……………біз деген,
Ізетті
ұл…………….қызбенен.
Қорытынды.
Сыйлап
үлкен ағаны,
Сәлем
берген баланы,
Кім
дейміз? (Әдепті екен бұл дейміз)
Кітап,дәптер,қаламы,
Кір
шалмаған баланы,
Кім
дейміз? (Ұқыпты екен бұл дейміз)
Таудай
биік талабы,
Жақсы
оқитын баланы,
Кім
дейміз? (Үлгілі екен бұл дейміз)
Ән:
«Балауса».