Әдептілік белгісі иіліп сәлем
бергені
Жоспары
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Адам әдептілігімен кҿрікті
3.Әдептілік неден басталады?
4.Әдептілік пен әдепсіздік белгілері?
5.Әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылыққа байланысты мақал-
мҽтелдер
6. Қорытынды
-
Ұрпақ тәрбиесі — ұлт
болашағы
-
Жаңа заманның талабына сай ұрпақ тәрбиелеу
міндетіміз
-
Мейірімділік (сабақ
жоспары)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: адам бойындағы ұнамды жҽне ұнамсыз
қылықтарды ажырата білу, әдеп, әдептілік туралы түсініктерін
кеңейту.
Түзетушілік: Оқушылардың таным қабілеттерін
дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, сҿздік қорды
молайту.
Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, жаман
әдеттен аулақ болып, бір-бірімен жағымды қарым- қатынас жасауға
тҽрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, «Күн шуағы»
ойынына арналған сөздер, әдептілікке, адамгершілік, сыпайылыққа
байланысты мақал- мҽтелдер.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
1 Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен, ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық, бір жадырап қалайық.
2. Адам әдептілігімен көрікті
Балалар, бүгінгі заман адамы сегіз қырлы бір
сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы – адамгершілік. Айталық,
бір адам оқымысты, бір адам дәрігер, бір адам мұғалім, бір оқушы
ылғи сабақты беске оқуы, біреу бай, біреу кедей, бір адам өте
көрікті де сұлу болуы мүмкін. Бірақ бұл адамдардың қай қайсысы да
қоғамда адамгершілік қасиетімен ардақталады, бағаланады. Дәлірек
айтқанда, әр адам қоғамда өзінің мҽдениеттілігімен,
кішіпейілдігімен, әдептілігімен құрметті.
Осындай қасиеттерге ие адам тартымды, тәрбиелі.
Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әдептілік – тәрбие
бастауы»
3.Әдептілік неден
басталады?
Таңертең ұйқыдан тұрғаннан бастап кеште ұйқыға
жатқанша адамның жүріс тұрысында, барлық ісінде әдептілік болу
керек. Әдеп дегеніміз- адамдармен қарым қатынас барысында,
әңгімелесу кезінде сыпайылық шегінен шықпау. Әдеп- тәртіп деген
сөз. Сондықтан күнделікті отбасындағы әдепті, тамақтану жҽне сөйлеу
мәдениетін, құрбыларыңмен ойнау кезінде, мектептегі тәртіп
ережелерін сақтау – әр баланың міндеті.
1оқушы: Отбасындағы
әдеп
Ең алдымен, әр бала ата-анасының алдында әдеп сақтай білу керек.
Үлкенмен қабаттасып сөйлеуге болмайды, ата-ананың айтқанын тыңдап,
кҿмекші болу керек. Ата-анасын сыйламаған бала басқа адамды да
сыйлауды білмейді.
2 оқушы: Дастархан басындағы
әдеп
Әрдайым асты уақытында жҽне тамақты асықпай аз аздан ішу, үстел
үстінде сөйлемеу керек.
3 Сөйлеу
мәдениеті
Әр уақытта ойланып, асықпай сөйлеу керек. Қоғамдық орында дауыс
көтеріп сҿйлеу–
мәдениетсіздік. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласу – үшінші адамды
сыйламағандық. Біреудің сөзін бөлу–
әдепсіздік.
4.Мектептегі тәртіп
ережелерін сақтау.
Мектепке кіргенде бас киіміңді шеш, сабаққа мектеп формасымен кел,
сыныпқа келгенде мұғалімге, жолдастарыңа амандас, үзіліс кезінде
жүгірме.
4. Әдептілік пен әдепсіздік
белгілері
— Әдептілік амандасудан басталады. Ер адамға «Ассалаумағалейкум»
деу керек, әйел адамға, қыз балаға «Сәлеметсіз бе» деу керек,
телефонмен сөйлескенде телефон соққан адам бірінші
амандасады.
— Әрқашан үлкенді сыйлау,
құрметтеу. Халқымыздың ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты
әжені, жалпы жасы үлкенді сыйлап, алдынан өтпеу- ата дәстүріміз.
Әдепті бала ата-анасын құрметтеп, автобуста қарт кісі немесе балалы
әйел адам мінсе орын береді.
— Әдептіліктің белгісі – мейірімділік, қайырымдылық.
Әдепті бала ата-анасына қамқорлық жасайды, туысқандарына бауырмал
болып, ауыр жүк көтеріп келе жатқан үлкен кісінің сөмкесін алып
көмектеседі.