Ана - өмірдің
гүлі!
Сабақтың
тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі!
Мақсаты: 8 - наурыз аналар
мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының
берекесі, бүкіл адамзаттың
өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік
жанды қыздарды сыйлауға
үйрету;
Қыздарды әсемдікке,
іскерлікке баулу;
Аналарына деген балалық
махаббатқа, ер балаларды қыз балаға
деген қамқорлыққа,
сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау
сөздері жазылған плакаттар,слайд, шарлар, магнитофон,
үнтаспа.
Мұғалім:
Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар,
қымбатты қыздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күні
мерекесімен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі,
табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен
кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы
тамаша күнге орай ұйымдастырылған «Ана өмірдің гүлі» атты тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші; "Ана дегеніміз – әлемнің жан – дүниесі, оның
бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр,
махаббат пен шабыттың нәрі. " Ана" сөзі бізді елең еткізбей,
жылылық пен шуақты сездермей қоймайды!
"
Хор
«Анашым әні»
Шұғыла:
Ана деген - адамзаттың данасы,
Ана
деген - сәбилердің панасы.
Ана
деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана
деген - қайнар ыстық бұлағың.
Ана
деген - өмірдегі қамқорың,
Ана
деген - сүйенерің жан құрбың!
2
оқушы: Ана десе сезім билер тым
ыстық,
Жарасымды адамдарға
туыстық.
Бір адамға берсе ана
мейірім,
Орнар еді бар әлемде
тыныштық.
Әдемі: Адамзат қуат
алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің
кең.
Аналық махаббатың кәусар
бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі
шырақ.
Жастар күйі» Серикбаева Ләйләның
орындауында
Қару
:Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал
жедім.
Мен ұйықтарда
айтады,
Ертегісін,
әндерін.
Біздің үйде
осындай,
Әжетайым бар
менің!
Шұғыла;
Әже менің бұл әжем
Айтқан
сөзі дәл әжем
Аман
болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Һарун:
Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ана
деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана
деген бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ
атын.
Шамшархан Қарудың орындауында "Бозторғай"
әні
Аяла :
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген - қуанышы өмірдің.
Ана
деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана
деген - гүлі туған өмірдің
Раяна:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды,
Бізді
өмірге әкелген даналарды.
Себебі
ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр
қадамды.
Асилбек Шұғыланың орындауында "Кукарелла"
биі
Ақайша:
Ана деген - ақылшың,
Анаң
барда батырсың.
Қасыңда кім болса
да
Тек анаңа
жақынсың!
Ерасыл
:Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе
жүрегімді жалғадым.
Өзің
мына сыйға берген өмірде,
Ақ
сүтіңді ақтап өту-арманым.
Ләйлә: Барша ана,құтты
болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен
берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл
анам.
Сонда біз кісілікке
теңесеміз.
Гусейнова Раянаның орындауында "Әкеге мың
алғыс"әні
Мөлдір: Өмірде ана
бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана
ғана.
Өсірген талай көсем, талай
шешен,
Талай ер, талай ақын, талай
дана.
Алинур: Сегізінші
наурызда,
Құттықтаймыз
ананы.
Теңеп оны жұлдызға
-
Сый тартамыз
бағалы!
Абдулла:
Ана - біздің елде ардақты адам,
Кіші де,
үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің
аяулысы - Отанды да,
Ана деп
біздің халық текке айтпаған
Ауесхан Аяланың
орындауында«Өзбек биі».
Айсултан: Анаң болса
қасыңда,
Басқа
бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
Көрініс « Мейірімді бала» (авт.Ерасыл, анасы –Ләйлә ,
балалары – Абдулла, Қару, Һарун)
.
«Жүргізуші: Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы -
ана. Ақын да,
батыр да
анадан туады. Ана - үйдің берекесі, қыз
баланың
өнегесі,
отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.Ананың көзінен төгілген
нұр жан - жағына шуағын шашады, олай
болса,
-
Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған
кім?
Бәрі: -
АНА
Мұғалім: Бізді дүниеге әкелген кім «Ана» дұрыс
айтасыңдар енді тақтаға бала жүректеріңнен шыққан жыллы
лебіздеріңді, сөздеріңді
жабыстырыңдар!
Би«Алаш»
Ән:
«Аяулы анашым» хор
Құрметті
аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі
де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір
сүріңіздер!
Назарларыңызға рахмет!!!