400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: Әкем,анам және мен

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әкем,анам және мен.

Мақсаты:Оқушыларды,ата-аналарды салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.Шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа,тапқырлыққа баулу.

Көрнекілігі: доп,обруч,газет,секіртпе.

Барысы:

1-бастаушы: Құрметті ата-аналар,оқушылар

Бүгінгі жарысымыздың мақсаты салауатты өмір салтын ұстана отырып,өзге де жанұяларға үлгі көрсету.Еліміздің болашағы «дені сау ұрпақ» екенін дәріптеу.


Жарыс мынадай бөлімдерден тұрады:

1.Бөлім. «Отбасы тірегі -әке»

2.Бөлім.Эстафета. «Секіртпемен жүгіру»

3.Бөлім.Обручпен шар жинау.

4.Бөлім.Ана өмір –шуағы.

5.Бөлім.Нысанаға доп салу.

6.Бөлім. «Ең берік жанұя.»


Әділ қазылар мүшесімен таныстыру.


1.Бөлім. «Отбасы тірегі -әке» деп аталады.

Бұл бөлімде әкелер ғана қатысады.

Барлық әкелер бірдей уақытта бастап оджимание жасап,күштіліктерін көрсетеді.

2.Бөлім.Эстафета. «Секіртпемен жүгіру»

Бұл бөлімде секіртпен бірінші әкесі,екінші анасы,үшінші баласы жүгіреді.Бірінші жүгіріп біткен жанұя жеңген болып саналады.

3.Бөлім.Обручпен шар жинау.

Бұл бөлімде әкесі.анасы.баласы обручтің ішінде тұрып бір-бірлеп тасып шар жинайды.

4.Бөлім.Ана өмір –шуағы.

Бұл бөлімде аналары папасы мен баласына саяхатта күннен қорғану үшін киетін қағаз қалпақ жасап кигізеді.

5.Бөлім.Нысанаға доп салу.

Бұл бөлімде 1-ші болып әкесі нысанаға доп салады,2-ші болып анасы доп салады,3- әкесі баласын мойнына отырғызып нысанаға доп салады.

6.Бөлім. «Ең берік жанұя.»

Бұл бөлімде 1 газет бетін бүктей отырып мейілінше құламай,аяқтарын шығармай бірігіп тұру қажет.


Қорытынды:

Бүгінгі іс-шараға келіп отырған ата-аналарға,оқушыларға, жарысқа қатысқан ата-аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қорытынды шығаруға сөз кезегін әділ қазылар мүшесіне береміз.

  1. «Ең мықты жанұя»

  2. «Ең ұйымшыл жанұя»

  3. «Ең шапшаң жанұя»

  4. «Ең сабырлы жанұя»

  5. «Ең берік жанұя» деген дипломдармен марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі