15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Әлемді тербеткен ана "3 сынып
Тақырыбы: «Әлемді тербеткен-Ана!»
Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеу,сыйлай білуге,оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке , ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сымбат: Айналдым «ана» деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Бексұлтан: Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып дауысынан ажыратқан
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсізғой аналар аналар
Зор денсаулық мол байлық
Тілейміз біз балалар!
Тақпақтар:Расул.Асылзат,Аңсар
Сымбат:Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыздың мерекесі құтты болсын!
Бексұлтан:
Сіздердің құрметтеріңізге хор «Ана туралы жыр» қабыл алыңыздар!
Тақпақтар: Рауан Жасмин Қ.Абзал
Сымбат: Көрініс: «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада»
Бексұлтан: «Ана туралы монолог» Сырымды қарсалыңыздар!
Сымбат:
Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі,ананың жүрегінің мықтылығының арқасында жүзеге аспақ.
Ал ақ самайлы, аяулыда ардақты әжелеріміз болмаса аналарымызға бұл жарық дүние есігін ашпас еді.Ендеше әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.
Тақпақтар: Б.Нұрасыл Ұлжарқын,М.Нұрасыл
Бексұлтан: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып,Ақниеттің орындауында «Әже туралы ән» қабыл алыңыздар
Тақпақтар:Мадияр,Нұржігіт,Сабина
Бексұлтан:Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып
Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып
Биімен көрерменді тәнті ететің
Арулар келдің міне толқып тасып
«Казақ биі қарсалыңыздар!»
Тақпақтар:Ораз,Балнұр,Жадыра
Сымбат: Ерте заманның бірінде қазақ даласында шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы жаулап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып,қорғаннан өте алмаған жау қалықтың берілуін күтіпті. Сонда, дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық беріпті. «Қаладан көтере алғанынша жүк алып,әйелдердің кетуін рұқсат етемін!» , - дейді.Әйелдер бір-бірден қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.Дұшпандар қалаға кіріп қараса бірде-бір еркек жоқ екен.Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп алып кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды ал кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
Бексұлтан: Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сымбат:
-Сен осылай жасай аларма елің? Бексұлтан
Бексұлтан:
-Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығарма едім?
Сымбат:
-Ол бақытты жан кім екен?
Бексұлтан: Білмеймін тек күшімнің келері сол болар дегенімғой
Сымбат:Жігіттеріміздің орындауында «Шымкенттің қыздары » Орындайтындар Бексұлтан,Абзал
Тақпақтар:Аружан,Абду Назерке
Сымбат: Ана деген –бастауы ұлылықтың
Ана деген –рәмізі сұлулықтың
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Бексұлтан: Олай болса Ақгүлді қарсалайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке қыздың талантына тәнті болып
Уа халайық, жұмыла қол соғайық
Ән: Анажаным орындайтын Ибрагимова Ақгүл
Тақпақтар : Нұрлан Айдана Алпамыс
Сымбат:Бұралып біздің қыздар билегенде
Үндінің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті қалай шыдап тұрар
Үндінің сұлулары билегенде
Бексұлтан: Аналарымыздың мерекесіне Үнді елінен келген қыздарымызды үнді биімен қарсалайық
Көрініс Ақниет Рауан
Тақпақтар: Толғанай Зәкір М.Абзал Айша
Сымбат:Бексұлтан , менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп одан қала берсе жұмысқада барып үлгереді ғой.
Бексұлтан:- -ия , мен мектептен келсем тамағымда дайын, үйде жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
Сымбат: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,біздің сырымыз оларға әрқашанда белгілі.
Олай болса аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім : «Аялы алақан» ойыны
Сымбат: Ал қанекей жігіттер аттарыңа мініңдер
Өнеріңмен биіңмен тамсандырып көріңдер
Жігіттеріміздің орындауында би қабыл алыңыздар
Тақпақтар: Диас Ақгүл Тәттібай
Сымбат: Менің анам алтын
Бексұлтан : Меніңде анам алтын, қол соғыңдар жалпың
Б.Нұрасылдың орындауында «Ана туралы ән» қабыл алыңыздар
Сымбат: Әнде шырқап, ойында ойнап жатырмыз
Асыл ана бәрі сіздің ғана арқаңыз
Бексұлтан: Дұниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Хор «Ақ дидарлы анашым»
Құрметті қонақтар біздің «Әлемді тербеткен ана» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды,
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды!
Сөз соңында мектебіміздің директоры Амирова Ақмарал Көмекқызына беріледі.
№126 «Айнатас» атындағы негізгі орта мектеп
Ашық тәрбие сабақ
«Әлемді тербеткен-Ана!»
Сынып жетекшісі: Әуесхан Б
2017-2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген