1 Наурыз – Алғыс айту
күніне арналған
«Алғыс айту – парызым!»
атты ашық тәрбие сағатының әдістемелік
даярламасы
2017-2018 оқу
жылы
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Алғыс айту-
парызым!»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда
адамгершілік, кішіпейділік, ізеттілік қасиеттерін одан әрі
жетілдіру.
Тәрбие сағатының
міндеттері:
-
ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік
беру;
-
үлкен — кішіге деген
сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын
дамыту;
-
әдептілікке, кішіпейілділікке,
ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: слайдтар көрсету, суреттер, шарлар,
буклеттер.
Барысы:
Топ жетекшісінің
сөзі: Құрметті оқытушылар, біздің ІФ1 тобымен
өткізгелі отырған, «Алғыс айту- парызым!» атты ашық тәрбие сағатына
қош келдіңіздер! Бұл ашық тәрбие сағатының мақсаты, студенттерге
колледж қабырғасында тек білім беріп қана қоймай, олардың
«сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, коммуникативті
дағдыларын қалыптастыруда адамгершілік, кішіпейділік, ізеттілік
қасиеттерін одан әрі жетілдіру болып
табылады.
Тыныштық сәтi. (Нұрға
бөлену) ақырын музыка ойнатылып
турады.
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп
көріңіз: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта
тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып
келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің
аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің
басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің
дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға
бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:
барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі
жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыныз..
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаныз.
Жаймен көзінізді ашуға
болады.
І-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар мен студенттер! «Алғыс айту- парызым!» атты Ризашылық
күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
2- жүргізуші:Уважаемые преподаватели и студенты! Мы
приветствуем Вас на замечательном празднике Дня Благодарения. От
всей души желаем в этот особенный день много радости,веселья и
приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым
любимым праздником!
3жүргізуші:
It is
Thanksgiving.
It is
Thanksgiving.
Oh, what
fun
For everyone.
Friends and family near,
Filled with holiday cheer.
Oh, what fun.
Thanksgiving’s come!
Перевод.
Это День
Благодарения
Это День
Длагодарения
О что за
радость
Для
всех.
Друзья и семья рядом
Полны праздничным настроением
Ах, что за веселье.
Пришел День Благодарения!
Ән: «Көңілді күн!»
Жүргізуші-1: Алғыс айту күні — 1
наурыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік
Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының
ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев: "Сталин режимінде әр
жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды.
Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі
болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып,
оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана
өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы
үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан
олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар
қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің
отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып
өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - дей келе, "Қазақстан
халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты
қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды
қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп
белгіленсе әділетті болар еді", - деп
нақтылады.
Елбасы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласында баса айтылған «Туған жер» бағдарламасы да, қазақ
халқына, жастарға, болашақ ұрпаққа туған елге, жерге деген
сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін, ризашылықтарын білдіріп
отыру керектігін, басты атап өткен
еді.
Өлең шумақтары: «Туған
жерім»
Жүргізуші-1:
Алғыс - адамның адамға жасаған
жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның
ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Сол
себепті, бізді осы өмірге әкеліп, риясыз сезімдері мен ақ адал
ниеттері үшін, ата-аналарымызға, білім нәрімен сусындатып жүрген
ұстаздарымызға, колледж қабырғасында біз үшін қызмет жасап жүрген
колледж ұжымына, сіздерге барлық студенттер атынан көрсеткен
қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды
иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға
бақыт тілейміз!
Бейнебаян «Алғысымыз
шексіз!»
2 -
жүргізуші: Наш президент
отметил,что главной целью
развития страны
считает построение независимого, процветающего,
политически
стабильного государства. «Но такой
Казахстан, говорит Назарбаев, не создается сам
собой. Он будет построен нами, исходя
из наших желаний и нашей воли
к успеху». Конечно, те, кто живут и
трудятся в Казахстане, думают
и мечтают о будущем. Мы, молодое поколение, -
будущее Казахстана. Нам его строить и беречь, нам укреплять мир и
дружбу между народами. Мы должны сохранить мир на древней и
прекрасной казахстанской земле, это важнейшее условие нашего
процветания!
Көрініс:
«Жақсылығың қайтар өзіңе»
3- Жүргізуші: In our country this holiday is
celebrated only third year.
Our president entrusted us to
celebrate this holiday, in order to be kind, responsive and to help
each other.
Thanksgiving day was originaly
holiday of expression of gratitude to all and to family and friends
for material well-being and good attitude
«Алғыс айту»
ойыны
1-
жүргізуші:
Сіздер
білесіздер,
кең байтақ
Қазақстанда
130 -
дан астам
ұлт өкілдері
тұрып
жатыр.
Әрине,
бұл қазақ
халқының
ұлылығынан,
"Кең болсаң,
кем болмайсың"
дегендей
қазақ
халқының
пейілінің
кеңдігінен
басқа
ұлт өкілдерінің
тұрып
жатқан
жайы бар.
Қорытынды
ретінде,
осы ұлт өкілдерінің
тілдерінде
«Рахмет»
сөзін
бірге
атсақ.
Студенттер
әр
түрлі
тілде
«Рахмет»
сөзін
айтады
Қорытынды сөз куратор:
Студенттер,
жылы сөз,
қайырымды іс,
жақсы ой,
кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.
«Рахмет»
деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.
Қазақ даналығында «Жаңбырменен жер көгерер,
бата менен ел көгерер»
дейді.
Сол себепті,
қайда жүрсеңіздер де ақ бата алуға тырысыңыздар!
Ол сіздердің болашақтарынызды жарқын етеді.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,
жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңыздар.
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер!
Бүгінгі «Алғыс айту -
парызым!»
тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатынан «ризашылық,
алғыс»
сөздерінің жүректеріңіздің түбінде сақталып қалатынына сенімім мол!