Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты: «Алғыс айту –адамгершілік белгісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие сағаты: «Алғыс айту –адамгершілік белгісі »
Сынып жетекші: Гизатова А.Н.
5 «Б» сынып
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту –адамгершілік белгісі »
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік
беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым —
қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу
Барысы:
-
Мемлекеттік әнұран орындалады.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс
– адамның адамға жасаған
жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның
ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге
бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық
бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір
шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының
күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа
мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру
жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының
бір-біріне құрмет білдіретін
күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
-
«Жаныңда жүр жақсы адам.......»
Ашық тәрбие сағатына шақырылған әкелерімізді ортаға шақырсақ.
1.Дарменов Мереке Махмудович-шекарашы
2.Молдагалиев Бактыгерей Байборин-құрылысшы
Сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
-
Оқушы үні: Оқушылар жаттаған өлең жолдарын айтады.
-
Рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық!
Бастысы – алғыс айта
білу…
Анаға – өмір
сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы
үшін..
-
Проблемалық сұрақ:
«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға
жақсылық жасауымыз
қажет?»
«Автограф»
ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа
оқушылар тілектерін жазуы қажет)
Алғыстың да түпкі мәні –
ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды
тілеу.
Ән: «Әкеге алғыс»
Тәрбие сағатына қатысқан әкелерге келіп қатысқаны үшін, мектеп өміріне араласқаны үшін «Алғыс хат» беріледі.
Құрметті балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.
Осымен «Алғыс айту –адамгершілік белгісі » атты Ризашылық күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Хормен: «Өмірге риза болып, алғыс айт».
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Алғыс айту- парызым!».
Мақсаты:
Ø білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
Ø ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Ø үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
Ø әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу .
Көрнекі құралдар: презентация, бейнематериалдар
Кіріспе
1 наурыз – Алғыс айту күні
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір - біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді", - деп нақтылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін.
Бейнеролик
«Өз ойыңды білдір»
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты.
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.
«Жаныңда жүр жақсы адам.......»
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу… Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін..
«Жалғасын тап»
1.Алғыс алған арымас,
(Қарғыс алған жарымас).
2. Алғыс алған жігіттің (аты бәйгеден келеді).
3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, (алғыс деген ел сыйы).
4. Қағынған қарғыс алар, (Қарасқан алғыс алар).
5. Қайырымдылық жасасаң, (Қайырын өзің көресің).
6. Қонағыңның алтынын алма, (алғысын ал).
7. Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған (көктемес).
8. Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың (құлы бол).
9. Жақсыдан (жылы сөзіңді аяма).
10. Ел алғысын алсаң,
(Елеулісі боларсың).
11.Құр алғыс (азық болмайды).
12. Жақсылық еккен (алғыс орады).
Миға шабуыл: Ал сен тағы кімге, не үшін рахмет айтар едің? Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасайды. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.
Қортындылау: – Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар
Үйге тапсырма: Эссе жазу: «Рақмет, Анашым!
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты апайлар мен балалар!
«Алғысымыз шексіз» атты ризашылық күніне арналған мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда 1 наурызды «Алғыс айту күні» - деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
-Бүгінгі ертеңгілігімізді бастамас бұрын ауылдық округ әкімі Ақылбек ағай мен балабақша меңгерушісі А.Иниятоваға сөз кезегін береміз.
-лебіздеріңізге көп рахмет.
Жүргізуші:
Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
-Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы кімдер және нелер лайықты деп ойлайсыңдар?
-Тізімді бірге құрайық!
-Бастысы – алғыс айта білу.
1. Анаға - өмір сыйлағаны үшін,
2.Әкеге – қорған болғаны үшін.
3.Күнге – шуағы мен назары үшін,
4.Досқа – құшағы мен жүрегі үшін,
5.Әжеге – ыстық алақаны үшін р а х м е т
Жүргізуші:
Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бүгінгі күн – нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін,
Ризашылық қой әр елде. – дей келе «Балдырған» тобы балаларының алғыс айту тақпақтарына кезек берелік.
Аяулым
Әуелі Аллаға рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Дильназ
Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам
Гүлсезім
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Гүлжайна
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Нұрлыайым
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Абылайхан
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Қ.Айзере
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
<