Материалдар / Ашық тәрбие сағаты. Әліппемен қоштасу 1-сынып

Ашық тәрбие сағаты. Әліппемен қоштасу 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Керемет құрылған ашық тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2025
54
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





«Рақмет саған,Әліппем



Мақсаты:

1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен
іскерліктерін ата – аналарға көрсету.

2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту,
талғамдарын дамыту.

3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін — бірі сыйлауға, өзін — өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі:

Қазақ әліпбиі,суреттер,нақыл сөздер,«Әліппе», «Ана тілі»оқулықтарының мұқабасы, шарлар.













Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Музыка ойнап тұрады. Мерекелік безендірулер
Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетектеп
келеді анасы.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Ана:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Баласы:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да, қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.  Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, «Рақмет саған,Әліппем атты
ертеңгілігімізді бастайық.
Ал балалар мен сендермен кішкене ойын ойнап жіберейін.Мен сендерге
жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар бір сөз шығады.


«Қ» Көкала көйлек киеді
Күннің көзін сүйеді.
Қарбыз жеген баланың,
Шөлі әбден қанады.


«А»Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтам өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң


«З» Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!


«А»:Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!


«Қ»:Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.


«С»: Ала қанат сауысқан,
жемді көрсе, жабысқан,
Жақындатпай жанына,
Сезіп қояды алыстан.


«Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!


«А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті


«Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
.


Shape1

«ҚАЗАҚСТАН»

Мұғалім: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен балалар?




Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады?
1.
Біздің –Отанымыз!

  • Қазақстан
    2. Мемлекеттік рәміздер

  • Әнұран,Елтаңба,Ту
    3. Табиғаттымыз
    - Көркем,сұлу,жері кең байтақ
    4.Біздің отбасымыз

    -Ата-ана,бауырларымыз
    5. Мектебіміздің аты?

  • «SMART»
    6.
    Балалар сендер қандайсыңдар?

  • Ақылды,зейінді,тәрбиелі,батыр,білімді

7.Тағыда қандайсыңдар?

- Біз бақытты ,баламыз!

Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандары екендеріңді ұмытпаңдар.
Ендеше бақытты екенімізді көрсетіп әнімізді шырқайық
Хор: «Біз бақытты ,баламыз!»
Балалрымыздың Отан туралы тақпақтарын тыңдайық
Балайым
Отан менің ата анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған бауырым.
Рахат
Тәртіпті бала сүйініш
Төбең көкке жетеді,
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!-дей отырып
Қазақстан туған өлкемізде бейбітшілік мекенінде тұрып жатқанымызға қуныштымыз. Мұрат Хадишаның орындауында
«Жұмақ мекенім» атты әнін тамашалаңыздар.

Мұғалім:
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де,
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын!
Не үйреніп,не білдік
Кәне ортаға салайық!

Мұғалім: Әліппе ортамызға хош келдің .Балаларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарын қабыл ал.
Тұрғанбай Алихан:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Раяна:
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Жалғаспай Айша:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Әуесхан Айша:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-би
імен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.

Би: «Қазақ биі»


Волиханов Алихан:
Аңыз,ертек,ән жырдың
Бәрін ойға құйғыздың
Санамызға сен біздің
Бар асылды сыйғыздың
Жақтық білім шырағын
Рахмет саған ұстазым
Хор:Ұстазым
-
Балалар сендер алғаш мектеп табалдырығын аттағанда кіп –кішкентай едіңдер,төрт айдың көлемінде қаншама тер төгіп ,оқуды ,жазуды,есептеуді үйрендіңдер.Біршама есейіп қалдыңдар.Ыстық ұя мектебімізге арналған тақпақтарымызды айтып жіберейік.
Айым:
Мектебім — мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Айлин:
Алақай, келіңдер:
Сыныпқа еніңдер.
Балалық өмірдің
Бақытын көріңдер!

Нұрзада:
Мектебің, мынау класың,
Осында 10 жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың...

Мұғалім:
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

Ал балалар қанекей шаттық әнге шырқайық
Хор:Үйретеді,үйретеді
Мұғалім:
Мектеп балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Би:Әліппе биі:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.

Таснима:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде кірпік қақпаған.
Бесігінді тербетіп,
Бесік жырын арнаған.
Нұргүл:
Ана ,ана,анасын,
Әр қашан маған данасын.
Ақ сүт беріп өсірдің,
Түн ұйқынды төрт бөлдің,
Ризамын саған анашым!
Хантөре:
Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!
Амина:
Анамды мен сыйлаймын
Айтқанын оның тыңдаймын.
Айтқан тілін аламын
Мен анамдай боламын
Айзере :
Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын
! 

Мұғалім: Ата менен әже ардақты да асыл жандар,бар еркелігімізді көтеретін сүйіктілеріміз. Әке мен ана бізді дүниеге әкелген жандар ,әр кез өзімізді жақсы көретін жандарды құрметтеуді үйренейік.Барлық адам баласы «Ана» деген сөзді естігенде жүрегі дір ете қалатынын білеміз,ендеше аналарымыздың құрметіне ән шырқайық.Балаларымыздың орындауында «Ана» әні
Хор : Ана

Әліппе:
— Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Мұғалім: балалар ана тілі мен әліппеге арналған жыр шашуымызды шашайық,ұлдарымыздың орындауында
Би:«Флешмов»
Әліппе:
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хор : «Рахмет саған Әліппе!»

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Саян:
Әліппені бітірдім
Жаза аламын атымды
Әліпені бітірдім
Бала болып ақылды
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріпппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Ерасыл:
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе - білім бесігі.

Хадиша:
Хош бол құтты әліппем
Тіл тұсауын кестің сен
Аяулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.
Ата-аналармен ойын: «Көзімнің нұры» (берілген көздерден балалрын табу)
Мұғалім:
Керемет балалар бүгінгі кеш бар өнерді көрсету еді ,қонақтарымызда риза болар.Ержетіп өскенде Парижге барғыларың келе ме балалар? Өте жақсы .Балалар біздің қыздарымыз қайда кетіп қалды екен,қарап көрейік ,қыздарымыз құры жүрмей Париждің биімен танысып жүр екен ғой,бәрекелді қане өнерлерін тамашалайық.
Ортада биші қыздарымызды қарсы алайық
«Парижге саяхат» биімен.
Мұғалім:Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
тілек айтар қонақтар.
Мектебіміздің директоры Болакбаева Ардақ Жапаргаливнаға сөз кезегін ұсынайық,жүрек жарды тілекке ата-аналармызды ортаға шақырайық , оқушылардың сыйлығын беру.

  • Құрметті, ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.

  • Келгендеріңізге көп-көп рахмет! 











Shape2

«SMART» орта білім беретін мектебі»



Ашық тәрбие сағаты
«Қош, сүйікті Әліппем!»



Орындаған: Ұ.А Сарсепбаева

А.Т Төлешова

Қабылдаған: Э.К Бекзатова


2024-2025ж







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!