Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық тәрбие сағаты, өте қызықты сценеарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
2174
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:________________

бөбекжай-бақша меңгерушісі

Жаркенова К.К.





Picture 1


«Жомарт күз»- ертеңгілігі

«Жұлдызшалар» ортаңғы топ





Тәрбиешілер:Разбекова С.Е.

Аскербекова Л.А.

Музыка жетекшісі:Көксегенова Ж.А.



Зайсан қаласы 2018ж.



Тақырыбы: Жомарт күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге қолдарына жапырақтар ұстап кіріп, әуен арқылы жаттығу жасап орындықтарға жайғасады.


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!


Тәрбиеші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар!

         

Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Тәрбиеші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Келді міне қоңыр күздің самалы.

Бұлттар төніп, күн суытты шамалы.

Қ-сы.

Келді міне алтын күз,келді міне жарқын күз

Байлығымен мерекелі,берекелі.

Алтын күзім берекелі болады,

Қамба біткен ақ бидайға толады.


Асылым С.  Күзім-ау, күзім-ау!

                         Мінезің бұзық-ау  

                         Жаңбырың сіркіреп,

                         Келгенің қызық-ау!  


Айсұлтан        Қарашы күз келді, күз келді,

                         Сары алтын жауыпты іздерді  

                          Құс біткен керуен түзеді,  

                          Көңілсіз неліктен күз енді? 


А.Раяна            Қара бұлт қабағын түйеді,

                           Бұталар боз қырау киеді

                           Осы ма, осы ма күз деген

                           Бақшаға баратың бізбенен




Айсұлу              Сары теңге жапырақ,

                           Бояған ба көл бетін? 

                           Тоңазыпты топырақ, 

                            Ызғарлы екен жел де тым.


Біржан               Кездескен сон күзімен,

                            Бұтағынан үзілген.

                            Ай жапырақ-сары алтын,

                            Айналаның бәрі алтын


Тәрбиеші:           «Сағат» қыздар биі

1.Қолды айналдырып, шапалақтайды.

2.Бір орында айналып, секіреді.

3.Екі жаққа кезекпен қол сермеп шапалақтайды.

4.Бір орында тұрып сағат болады.

5.Алдыға,артқа қол сермеп жүреді.

6.Жерге отырып бастарын шайқайды.

7. Бір орында тұрып сағат болады.


Нұрасыл            Гүл жайнаған даланың,

                            Жапырағы солыпты.

                            Таңырқадым, қарадым,

                            Танымастай болыпты.


Асылым М.     Алтын, сары, қызыл, көк,

                            Алуан-алуан жапырақ.

                            Күзгі бақта күлімдеп,

                            Көз тартады атырап.


Асемай               О, алақай, тамаша,

                            Шашу шашады жапырақ.

                            Бақтың іші алаша,

                            Аунар ма еді жатып ап!

 

Нұржігіт           Астық жеміс жиылды,

                            Қамбамызға құйылды.

                            Ардақты күз мың алғыс,

                            Алдық өнім сыйыңды.


Сұңқар               Көбейді құт-береке

                             Астық толы қоймамыз.

                             Құтты болсын мереке

                             Алтын күзді тойлаймыз.

Тәрбиеші; Алтын күз балаларымызды аналарымен ойнатсақ қалай қарайсыз?

Алтын күз: Тамаша жақсы болат еді.

Ойын: «Жемістің дәмінен тану»

Мақсаты:Анасының козі байлаулы болады, баласы бир жемісті жегізеді.Дәм сезу арқылы қандай жеміс екенін айтады.

                

Азиза  Өнім үйіп тастадық,

                             Оқуды да бастадық.

                             Берекелі алтын күз,

                             Ашық болсын аспаның.


Жанару           Күн шуаққа маужырап,

                             Жатыр еді атырап

                             Ағаштардан жамырап,

                             Ұшты кенет жапырақ.


К.Амина                Қуандырып біздерді,

                                Мерекелі күз келді.

                                Кел жемісті алтын күз,

                                Кемелденсін халқымыз.


Алтынай              Жүзім, алма жинаймыз,

                               Алтын мақта тереміз.

                               Үлкендерді сыйлаймыз,

                                Көмектесе береміз


Ернар                    Жайдары күз, жарқын күз

                                Аяулы күз, алтын күз.

                                Дәнге толы кең далам,

                                Дариядай шалқар күз.

Ән: «Апорт алма»

1.Аппорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін.

Қ-сы.

Аппорт деген тәтті алма,

Өседі ол бақтарда.

Аппорт деген тәтті алма.

Өседі ол бақтарда.

2.Алатауда өседі,

Оған тең жоқ деседі.

                                

Мадина:                 Ұшты талдан жапырақ 

                                Сары көбелек секілді 

                                Аспанда жай шатырлап

                                Тамшы жерге секірді 


Әмина Е. Көрініп еліне,

Күндері береке.

Келді ғой желбіреп,

Күз деген мереке.


Раяна Ә. Алғыс саған,Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.


Досжан Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгілді.

Біздің өмір таңшуақ,

Біздің өмір көңілді.


Арсен Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.


Би:        Улдар биі.

1.Бір орында тұрып жүреді.

2.Екі қолды жоғары көтеріп оңға, солға көтереді.

3. Бір орында тұрып жүреді.

4.Кезекпен жан-жағына карайды.

5. Екі қолды жоғары көтеріп оңға, солға көтереді.

6.Қолдарын кезекпен дізесіне соғады.


Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт                     Мен алмұртпын, алмұртпын

                                   Аузындамын бар жұрттың.                   Інжу


Жүзім                        Мен жүзіммін, жүзіммін

                                   Моншақ болып тізілдім .                       Досжан


Өрік                           Мен өрікпін, өрікпін

                                   Табиғатқа көрікпін.                                Асемай


Алма                          Мен алмамын, алмамын

                                   Тандайда қалар бәр дәмім.                   Нұржігіт

Күз: Өте тамаша, балалар!

-  Жарайсындар, балалар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын?

1.Пісетін кезі дәл күзде

   Мезгілсіз оны үзбе

   Аузынан кетпес бал дәмі

   Онын аты (шабдалы)


2. Кіп-кішкене болса да,

   Ағаштың басын иеді.

   Жемістерін аиырып,

    Танисын ба? (шиені )


3. Жапырақты тасалап,

    Өсетін жері-бақша-бақ

    Күрен қызыл шіркін-ай

    Оның аты…(танқұрай )


Ән. «Жау-жау жаңбыр»

1.Алатаудың бауырына,

Атам-әжем ауылына.

Ақша бұлттар ауа берші

Жау-жау жаңбыр, жауа берші.


Қ-сы.

Бақыт болып жаушы жаңбыр,

Менің әсем қалама.

Бақыт болып жаушы жаңбыр.

Менің байтақ далама.


2.Астанадай Астанама,

Жасыл желек жас қалама.

Ақша бұлттар ауа берші

Жау-жау жаңбыр, жауа берші.


Тәрбиеші: Алтын күз сіз білесіз бе биздін өте ақылды да, дарынды балаларымыз ағылшын, орыс тілінде де тақпақ айта алады.Тамашалайық!


Айша Даун,даун

Иелоу энд браун

Зе ливз а фолинг

Оуве зе таун.


Артем Осень,осень погоди,

И с дождями не спеши.

Дай еще нам лета,

Солнышко и света.


Інжу Фол из фан

Ай лайк ту ран

Ай си зе сан

Фол из фан


Костя Вот на ветке лист кленовый.

Нынче он совсем как новый!

Весь румяный, золотой.

Ты куда, листок?Постой!


Күз: Недеген ғажап, бәрекелді!

Тәрбиеші: Бунымен өнеріміз біткен жок.Балаларымыз «Шалқан» ертегісін сомдап берсек деп отыр.

«Шалқан» -орыс халық ертегісі

Ата-Біржан

Апа-Айша

Немересі-Алтынай

Күшік-Жанару

Мысық-А.Раяна

Тышқан-Арсен

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің басқа балабақшаға баруым керек.

Тәрбиеші: Алтын күз сіз кетпей турғанда балалар биылғы жылғы күзгі вальсты билеп алсақ қалай қарайсыз?

Күз: Әрейне қуана-қуана билеймін!

Би: Күзгі вальс

1.Ұлдар бір қатарда,қыздар екінші қатарда.

2.Қыздар ұлдардың арасынан өтіп жұбын табады.

3.Әр жұп орнына тұрады.

4.Ұлдар қолын беліне қояды, қыздар етектерін ұстап екі жаққа қарайды.

5.Бір адым оңға, бір адым солға.

6.Бір-біріне артына қарап айналады.

7.Иіледі.

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігіміз аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Құттықтау сөз бөбекжай-бақша меңгерушісі Жаркенова Камшат Қабышқызына беріледі.

Тамашалағандарыңызға рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!