БҚО,
Зеленов ауданы Достық жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Хайдарова Аяжан Сериковна.
Тақырыбы:
Аяулы күз, Алтын күз.
Мақсаты:
1)
табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері
жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2)
күз мезгілінің берекелі екенін айтып,
түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3)
балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ
іші күзгі суреттермен, мерекеге сай
сарғайған жапырақтар мен
безендірілген)
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай
бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен
құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге
молшылық алып келсін.
Жүргізуші:
Қанекей, балалар енді күзге арнаған
тақпақтарымызды айтайық.
1
- бала: Дияс
Алтын
күз, әсем айналам,
Қараймын
көзім талғанша.
Жақын
қалды желтоқсан,
Жабырқайды
жапырақ.
2
- бала: Асылзат
Жел
тынымсыз гуілдеп,
Болып
кетті тым бұзық.
Шуылдайды
тал - терек,
Жапырағын
жұлғызып.
3
- бала: Әбунасыр
Көк
майсалы көрікті,
Алқаптағы
көпегін.
Бұл
күндері киіпті,
Сары
жібек көйлегін.
4
- бала: Аякөз
Алтын,
сары, қызыл, көк...
Алуан
алуан жапырақ,
Күзгі
бақта күлімдеп,
Көз
тартады жапырақ.
Жүргізуші:
Жайдарлы
күз, жомарт күз,
Аяулы
күз, алтын күз.
Дәнге
толы кең
далам
Дариядай
шалқып
жүр.
Балалардың орындауында «Алтын
күз» әнін тамашалаңыздар.
Күз:
Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендердің
шақыру хаттарыңды алдым, сендерге
көп рахмет.
Балалар,
мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді
ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай
жақсы көретіндеріңді тексереміз.
Бізге екі бала қажет, олардың көздерін
орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы
жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап,
анықтаулары қажет.
Күз:
Жарайсыңдар балалар, өте сезгіш
екенсіңдер. Ендігі кезекте ата –
аналарды сынап көрейік, күзде қалай
шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата –
ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты
жылдамдыққа және қабығын үзбей
тазалау қажет.
Жүргізуші:
Алтын күз бізге өзімен бірге көкөніс
пен жемістерді ертіп келген. Ортаға
шақырайық.
(Осы
кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір
айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз:
Нұрдәулет
Өсіретін
бойыңды,
Дамытатын
ойыңды.
Қоянға
да азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Алма:
Көркем
Мен
алмамын, алмамын,
Таңдай
жұлар бар дәмім.
Қызылша:
Ерасыл Андиров
Ақтүсім
бар қанталар,
Қызыл
түсім қанға нәр.
Зияным
жоқ біліп қой,
Қызылшамын
пайдам бар.
Өрік:
Мөлдір
Мен
өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа
көрікпін.
Қарбыз:
Радик
Көрсең
егер
бақшада,
Доп
екен
деп
қалма.
Шөл
қандырар
қарбызбын,
Ерте
үзіп
алма.
Алмұрт:
Жансая
Мен
алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын
бар жұрттың.
Қауын:
Нурислам
Иісім
жұпар аңқыған,
Бақшадағы
шырынмын.
Жеп
көргенде тамсанған,
Балдай
тәтті қауынмын.
Күз:
Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті
тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды
білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз,
балаларға алма таратады)
Жүргізуші:
Рахмет,
сізге Алтын күз. Сыныбымыздың қыздарының
дайындаған Ертегілер әнін тамашалаңыз.
Ән:
Ертегілер.
Орындайтындар: Көркем, Мөлдір, Назерке,
Жансая
Күз:
Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды,
айтқан әндеріңді көріп, көңілімді
көтердім. Рахмет сендерге, келесі
кездескенше.
Жүргізуші:
Балалар, барлығымыз күздің сыйына
алғысымызды білдіріп, шығарып
салайық.
Балалар:
Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз:
Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:
Алтын күз атты ертеңгілігімізді
тамашалағандарыңызға рахмет.