Ашық тәрбие сағаты Алтын күз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы оқушыларға түсінік бері.Күз өнімдерімен таныстыру. Олардың пайдасы туралы айту. Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Алтын күз!» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

2 - жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Алтын күз» кешіне.

Шат күлкіге бөлене.

1 - жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн, біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

2 - жүргізуші:

Бүгін, міне, қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!

1 - жүргізуші:

Көбейді құт - береке,

Құтты болсын мереке,

Астық толы қоймамыз.

«Алтын күзді» тойламыз!

2 - жүргізуші:

Өрік, шие, алма, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Қоймаларға түседі.

Айтындаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде.

1 - жүргізуші:

Олай болса, ортаға күз бен күз айларын шақырайық.

Күз, Қыркүйек, Қазан, Қараша шығады

Күз:

Сәлем, өрен достарым,

Қымбатты сый алыңдар,

Өмірге көп қосқаным.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты!

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін

Мен мырза күз ынтымақты еліңе

Берекелі ырыс болып енетін.

Нағыз сары алтындай күз айы -қыркүйек айы. Ол-еңбек айы.

Қыркүйек:

-Алтын күз! Сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бізге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Күз:

Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені, дихандар сабантой жасайды.

Қазан:

-Қазан айы басталады,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Жалғасып күндер барады.

Күз:

Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Қараша:

Күздің қараша айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған,

Сыбдыр, сыбдыр түседі.

Күз:

Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.

1 бала: 
Алтын, сары, қызыл, көк, 
Алуан – алуан жапырақ. 
Күзгі бақта күлімдеп, 
Көз тартады жапырлап, 
2 бала: 
Күн шуақтап маужырап, 
Жатыр еді атырап. 
Ағаштармен жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ, 
2 жүр: 
Ал балалар тұрмайық, 
Қол соғайық тұрмайық. 
Күзгі бақта бүгінгі, 
Шырқап әнге салайық. 
1 жүр: 
Ал балалар тұрмайық, 
Қол соғайық тұрмайық. 
Күзгі бақта бүгінгі, 
Шырқап әнге салайық. 


1 Өлең --Алтын күз

1 бала: 
Берекелі, мерекелі, 
Келді жомарт алтын күз. 
Қалада да, далада да, 
Жаның бәрі жарқын күз. 
2 бала: 
Шаттық жыры, 
Астық жыры. 
Қырман басы думанды, 
Қарқынды еңбек, әр күн өрлеп. 
Ел ісіне сүйсінді, 
Балақайлар, 
Алақайлап, 
Бақтың іші нұрланды 
 

2 Би Қырмашылар

Күз: Менің жеміс – жидектерімде өздерін таныстыруға осында келді. (жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады) 
Алма:

Дәмі аузыңнан кетпейді, 
Қызыл алша шырын бал. 
Көктей тісің өтпейді, 
Піскен кезде үзіп ал. 
Шие:

Мен маржандай шиемін, 
Күн сәулесін сүйемін. 
Жемістерім піскенде, 
Жерге басымды иемін. 

2 жүр: Көкөністі көп ектік, өссін, піссін деп ектік. 
Көктемде еккен көкөніс, 
Күзде берді көп өніс. 
Қияр:

Дәнін егіп қиярдың, 
Тыным таппай сұрадым. 
Түйнектерін көргенде, 
Бес алғандай қуандым. 
Қауын:

Жинап досты бауырды, 
Ортаға алдық қауынды. 
Жарып ішін қауынның, 
Қарық қылдық ауылды. 
Асқабақ:

Қауыннан да басқарақ, 
Қарбыздан да басқарақ. 
Семіріпті бақшада, 
Қандай болып асқабақ. 
Пияз:

Қас батырдай түйілген, 
Тоғыз сауыт киінген. 
Аршимын деп пиязды, 
Жылап шықтым үйімнен. 
Бұрыш:

Аршығанда бұрышты, 
Абай болған дұрысты. 
Ашытады көзіңді, 
Жылатады өзіңді. 

3 Би жапырақтар
2 жүр «Салат» ойыны:
- Балалар, ойын ойнайық! Мен сендерге өлең шұмақтарын айтамын, сендер болса оны жалғастырып шешуін табасыңдар. 
1. Іші толған шәрбәт, 
Дәмі қандай әйбәт! 
Үзесің бірдей жүзін, 
Оның аты ...(жүзім) 
2. Дөп-дөңгелек доптай, 
Одан дәмді жоқтай, 
Мезгілсіз оны жұлма, 
Оның аты ...(алма) 
3. Дөп-дөңгелек, сары, 
Ішінде бар дәні. 
Қызығасын көріп, 
Оның аты ...(өрік) 
4. Өсіретін бойынды, 
Өсіретін ойынды. 
Қоян жейтін көкөніс, 
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз) 
5. Бір сабақта көп түйме, 
Жей алмайсың көк күйде, 
Мезгілсіз оны үзбе. 
Оның аты ...(шие) 
6. Жапырақты тасалап, 
Өсетін жері бақша-бақ, 
Күрең қызыл, шіркін-ай! 
Оның аты ...(құлпынай) 
7. Іші жұмсақ, сырты қатты, 
Еті қызыл, сүті тәтті. 
Қарнын жарып аламыз, 
Дәмді сондай ...(қарбыз) 
4 Өлең Қолшатыр

Ойын Қім жылдам

5 Би Флешмоб

6.Өлең Бала тілегі

1 жүр:
Күзгі бақтағы қонақтар! 
Айналайын балалар, 
Мерекеміз бүгінгі, 
Естен кетпес күн болады. Мерекені аяқтайық осымен «Алтын күз» мерекесін аяқтауға рұқсат етіңіздер.


2 жүр: Ең алдымен баршамызға зор денсаулық, қажымас қайрат, үлкен жетістіктерге жете берсің деп тілеймін.

Зейін қойып тыңдағандарыңыздарға көп, көп рахмет!












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі