Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға күз туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
695
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:26.10.2018ж.

Сынып жетексішісі:Колдашбаева Нагима Джумхановна

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» мерекесімен құттықтаймын.

Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке! (хормен)

Жүргізуші: Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауаптары: Күз мезгілі



Жанарыс: Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.



Байқабыл: Алтын ,сары ,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.


Ырысжан Жемісті мөл беретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.





Жүргізуші.Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.

Қыркүйек

Қазан

Қараша


Қыркүек айы(Әділет)Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?


Қазан айы:О.Нұртас .Н Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.(Іңкәр)

Қараша айы (Райымбек). Күздіңтсоңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?


Аңсаған: Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.


Дж Нұрдәулет: Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.

Жүргізуші:Енді,балалар ,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға

шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға

шақырайық,қолында күзгі базарлығы бар)


Күз ханшайымы (Ақнұр):

Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)

Жүргізуші:Күз ханшайымы ,мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек.

Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан

Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін

тапқандарға сыйымды беремін дейді


Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.(Жапырақ)


Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )


Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)



Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді.
-Балалар ,мен жаңа өзі әдемі киінген,қолында себеті бар бір қызды көріп едім. –Сендерге келмедіме?


Жүргізуші: Сенің есімін кім болады?

Дастан-Дымбілмеспін! Мен еш нәрсе білмеймін ,балардан үйреніп алайын.

Ханшайым:Ал мен күз ханшайымымын! Біздің арамызға қосыл Балалар менің

сіздерге алып келген ойыным бар.

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Ойынның шарты. Балалар көздерін жұмып жеміс пен көкөністерді қолымен

ұстап ажыратады.

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы,жемістер қайда өседі? (Бақта)

Көкөністер қайда өседі?(бақшада)
Біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалайық .


Ән: Жау-жау жаңбыр

Жүргізуші: Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.


Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық.

Пияз
Әсия Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.


Асқабақ
Ақмаржан Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап қоюға




Қауын
Азиз Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.


Қарбыз
Ақылбек Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.


Қырыққабат
Қ.Нұрдаулет Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат — қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

Алма
Әсел Нарттай қызыл алмаман,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.


Алмұрт
Анара Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін.
Жесең тойып қалатын.


(Дастан)Дымбілмес: Балалар ,менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді. Ойынның аты «Жаңбыр суы».Ойынның шарты бойынша мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады.Ендеше ойынымызды бастайық.


Жүргізуші.Рахмет,Күз ханшайымы,Дымбілмес!Балалардың өнері әлі таусылған жоқ.Төрімізге шығып ,тамашалаңыздар!


Б.Нұрай Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Аяжан Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Еркебұлан О,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Гүл жапырақ салыпты,
Ел егінін егіпті.


Б.Нұртас Күзде жауын,бұлт –тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.


Айзере Көк майсалы, көрікті.
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін


И.Нұрай Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.


Айдос Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Жанель Күз келіпті дегенше

Жеміс пісті дегейсің

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін


Аружан: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті Алтын күз

Кемелденсін халқымыз
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!
Жүргізуші:

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!