Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Алтын сақа " заманауи ойыны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Алтын сақа " заманауи ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған қызықты ашық тәрбие сағаты .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
2260
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында өткізіліп отырған

«Алтын сақа» ойыны

Мақсаты: Балалардың бойына салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан ары дамыту,оны әрқашан құрметтеуге баулу.Балалардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп,әдепті болуына бағыт-бағдар беру.

Түрі: Сайыс

Әдістері: Әңгімелесу,түсіндіру,жарыстыру;

Көрнекіліктері: Алдаркөсе кейіпкері, Ұлттық бұйымдар, (қоржын,табақ,сандық,домбыра,тақия т.б.)

Тәрбиеші: Сайыс бағдарламасы

1-кезең Әр топтың таныстыруы

2-кезең Кім шапшаң?

3-кезең Жүзден жүйрік

4-кезең Білімді мыңды жығар

5-кезең Кім алғыр?



Ғажайып сәт: Алдар көсе.

-Уа халайық амансыздар ма!

Мен алдармын, алдармын,

Сақалым болса талдармын

Сақал түгіл мұрт та жоқ

Менен асқан жұрт та жоқ!-деп өлеңін айтып Алдар кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Сәлеметсіздер ме жиналған қауым!

Алдар:

-Осы жерде бір қызық ойын болып жатыр деген соң келіп едім,қоржынымды арқалап.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасың Алдар бізде «Алтын сақа» сайысы болып жатыр.

Тәрбиеші: Құрметті сайысқа қатысушы ұл-қыздар,қонақтар!

Бүгін «Жұлдызшалар» мен «Еркетай» ортаңғы топ аралығында өткізілгелі отырған

«Алтын сақа» ойын-сайысын көріп тамашалайсыздар.Бұл сайысқа әр топтың өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын балалар отыр.Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген.Міне,осы уақытқа дейін салт-дәстүріміз ұмытылмай,сақталып келеді.Ендігі жалғастырушы келешек жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейміз.

Алдар көсе: Менің сиқырлы сандығым бар онда түрлі-түсті асықтар бар, бұл асықты қай топ менің сұрағыма дүрыс және де бірінші жауап береді сол топқа беремін.

Тәрбиеші: Ойын шарты Алтын сақа» сайысы 5-кезеңнен тұрады. Әр кезеңде тапсырмалар болады. Әр кезеңнен дұрыс жауап берген топқа Алдар көсе бір-бір асықтан береді, сайыс аяғында қай топта асық көп сол топ жеңіске жетеді.













1-кезең Ал, қанекей танысайық!

«Жұлдызшалар тобы»

Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз

Арасын жер мен көктің бағындырар

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.



«Еркетай» тобы

Біз «Еркетай» тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан

Берік болсын іргеміз

Бәріміз де біргеміз!



2-кезең «Жалғасын тап» Мақал айту жарысы

1.Отан (оттан да ыстық)

2. Батыр туса-ел ырысы, (жаңбыр жауса жер ырысы)

3. Еңбек етсең ерінбей, (тояды қарның тіленбей)

4.Бірлік болмай-(тірлік болмас)

5. Ел ырысы-(жер тынысы)

6. отансыз адам-(ормансыз бұлбұл)

7.Әке көрген оқ жонар,(шеше көрген тон пішер)

8. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен)



3-Кезең «Жүзден жүйрік» / Жұмбақ шешу/

  1. Тас қуыста жүрегі

Арқалап үйін жүреді.

Құрғақта да,суда да,

Жатсынбай өмір сүреді. (Тасбақа)





  1. Басы-тарақ,арты-орақ. (Қораз)

  2. Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті (Қарбыз)

4.Ағайынды бәрі

Шықса-көк,түссе-сары.

(Жапырақ)



5.Үсті тас,асты ас,

Ортасында піскен ас.

(Жұмыртқа)









4-кезең «Білімді мыңды жығар» / Сұрақ-жауап/

  1. Жыл мезгілдерін атаңыз

  2. Күз мезгілінде неше ай бар,аттарын ата.

  3. Қазақстан рәміздерін ата.

  4. Тура сан қатарын тап. Кері сана.

  5. Көкөністер мен жемістерді айырып бер.

  6. Санамақ айта аласың ба?



5-кезең «Кім алғыр?»

Ұлттық салт-дәстүрлерді ата.



Тәрбиеші: Ал, қанекей екі топтың асықтарын санап, жеңген топқа «Алтын сақаны» тапсырайық.

Сайысымызды аяқтай келе осы тақырыпқа орай асық түрлері мен ойындары жайында айтып өтуді жөн көрдік. Мұны,сендер, жаттап,жадыларыңа түйіп алыңдар.



Алдар көсе:

Асық түрлері:

Құлжа сақа- арқардың асығы

Топай- бұзау асығы

Жабайт- қой асығы (сақасы)

Жабай- қой асығының әдеттегі түрі

Шүкей- қой,ешкі асығы

Шүкімейт- жас қозы,жас лақ асығы



Асық ойындары:

Хан талапай

Омпы

Алты атар

Шық етер

Төрт асық

Бес асық

Балалар менің сендермен қоштасатын сәт келді,басқа балабақша сайысына қатысынайын.

Тәрбиеші: Құрметті балалар,міне бүгін сендердің мынандай талапты,салт-дәстүрімізді жалғастырушы екендеріңді көріп,сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!-дей келе «Алтын сақа»ойынымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп қатысқандарыңызға көптен көп рахмет!









Бекітемін:_________________

«Айналайын» бөбекжай-бақша

меңгерушісі: Жаркенова К.К.

Shape1


Shape2

Ойыны





Тәрбиешілер:Разбекова С.Е.







Зайсан 2018 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!