400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ана - өмірдің шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»


Мақсаты: 8 наурыз – халыаралық аналар мерекесі туралы түсінік бере отырып, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.


1-жүргізуші: 


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық аналар мейрамы күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Ана – өмірдің шуағы» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер! 

2-жүргізуші: 


Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне_________орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: 


Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
Кім-кім болсын сені алақанында, 
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 
2-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған, 
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!


Оқушылардың тақпақтары


1-жүргізуші: 


Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!


2-жүргізуші: 


Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға ...сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).

2-жүргізуші: 


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


1-жүргізуші: 


Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.. 

1. Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
4. Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
5. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
6. Ердің анасы – елдің анасы.
7. Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.

Ситуациялық сұрақтар (қыздарға)



1-жүргізуші: 


Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «___________________» флешмоб.

Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!








































1-оқушы: Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 

2-оқушы: Қасиетті жұмақ кілті табылар, 
Алыс кетсең алаңдар да сағынар. 
Аналарын сыйламаған адамдар, 
Қашан болсын өз ісінен жаңылар. 
3-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
4-оқушы: Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.
5-оқушы: Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.
6-оқушы: "Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені - 
Ана жайлы айтқан сөзі болады.
Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде - 
Ұлым, сенің есімің!.. (Ерлан Жүніс)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1014
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі