Тақырыбы:
Ана – бәйтерек, сен оның жапырағысың.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Ана еңбегін қадірлей білуге, анасын сүю
арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Тәрбиелік:
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға,
құрметтей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың логикалық ой - өрісін, тіл
байлығын, сөздік қорын дамыту.
Коррекциялық:
Сөз қорын кеңейту, жаңа сөздермен жұмыс
жасап тіл түзету жұмыстарын үйрету.
Сабақ
көрнекілігі:
Слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Әдісі:
Тәрбие
сағаты.
Сабақ
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық
шеңбері
Алтын
сәуле арайлы,
Бақшамызға
тарайды.
Қуанышпен
шат күліп,
Қарсы
алайық арайды.
Көктемнің
күніндей,
Нұрға
толсын өмірің,
Анашым
тек сен үшін.
Тыныс
алу жаттығуы
II
Кіріспе.
Тәрбиеші:
Әр
адам көзін ашып дүниеге келгенде
мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол
- Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай бауырына басып, біз үшін
жан ұшыра шырылдайтын - Ана. Әрқашан,
дұрыс таза жүр, адал бол деп тілейтінде
– Ана. Ана бұл жел жағымызға пана, бәріміз
үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге
келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек,
мөлтілдемейтін жанар жоқ. Әрбір ана
отының өшпеуін, бақытының көшпеуін,
шаңырағының құламауын, сәбиінің
жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл
гүлдің солмауын тілейді.
Бала,
бала, бала деп
Түнде
шошып оянған.
Түн
ұйқысын төрт бөліп,
Түнде
бесік таянған.
Қолын
қатты тигізбей
Кір
көйлек кигізбей.
Үстін
жұпар аңқытқан,
Бұл
кім? Бәрі: Ана.
Ана
туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер.
Ұзақбай:
Ана
дегеніміз – өмірдің бастауы мен
таусылмайтын жалғасы. Ана – тіршіліктің
көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың
нәрі.
Шухратжан:
Ана
махаббаты адамға қанат бітіреді, күш
береді, ерлікке шақырады.
Бақтияр:
Ана
– әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең
қамқор адам.
Мадияр:
Ана
сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті,
барша игілікті бойына сіңірген тұлға.
Досхан:
Ана
десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан
теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын,
дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Оқушы:
Дүниеде
ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.
Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге
дүниелер әлсіз келеді.
(В.Г.Белинский)
Жұлдызай:
Әлемде
өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол – ананың
ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.
(М.Горький)
Оқушы:
Анасыз
ақын да, батыр да болмайды.
(Ғ.Мүсірепов)
Ән:
«Анашым».
Ұзақбай:
Ана
дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді
жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген –
бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын
қазық, алтын бақ.
Шухратжан:
Ана
деген – асыл жандар болаттай,
Ана
деген – асыл жандар бұлақтай.
О,
адамдар, қадірлей біл ананы
Жат
қылыққа, ақыл-ойды жонатпай.
Бақтияр:
Ана
десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірімін
Орнар
еді бар әлемге тыныштық.
Мадияр:
Ана
десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің
бастау алар жанары.
Ана
деген тіршілікте пана боп,
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады.
Қымбат:
Кіршіксіз
жүргендей жас баланың,
Анашым өзің
менің асқақ әнім.
Өсірдің,
аяладың, әлпештедің,
Ойыңнан
бір сәт мені тастамадың.
Севинч:
Аналарды
сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз.
Жұлдызай:
«Ең қымбаттым» өлеңін оқиды.
Мақал
– мәтелдер (жалғасын тап).
1.
Ана көрген – тон пішер,
(Әке
көрген – оқ жонар).
2.
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ
(Бала
– жағасында өскен құрақ).
3.
Ананың көңілі балада,
(Баланың
көңілі далада).
4.
Анаға құрмет,
(Балаға
міндет).
5.
Күннің шуағы жылы,
(Ананың
құшағы жылы).
6.
Ананы сыйлаған (ұрпақ
азбас).
7.
Ата - ананың қадірін,
(Балалы болғанда білерсің).
8.
Атасыз үй батасыз,
(Анасыз үй панасыз).
9.
Ана сүтін ақтамағанды,
(Ешкім мақтамайды).
10.
Анасын сүйгеннің (баласын
сүй).
11.
Алып (анадан
туады).
12.
Ананың сүті – бал,
(Баланың
тілі - бал).
Көрініс:
«Соқыр ана».
Би:
«Өзбек биі».
Тәрбиеші:
Әйел
тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес,
сонымен бірге белсенді қызметкер. Қоғам
өміріндегі алатын орны ерекше.
Ана
– перзент тәрбиелеуші,
Ана –
қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана –
зейнеткер.
Ат
биеден туады, алып анадан туады дейді
халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы
жүйрік жазушыда, данышпан ғалымда, ел
басқарған көсемде, күміс көмей әншіде,
мың бұралған биші де анадан туып,
көкірегінен нәр алып өскен.
Ана
– алып бәйтерек демекші, мен бәріміздің
аналарымызды бәйтерекке теңер едім, ал
сендерді сол бәйтеректің жапырақтарына
теңер едім. Аналарымыз аман болсын!
Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар.
(Тақтада
ілініп тұрған бәйтеректің суретіне
«Ана кім?» деген сұраққа дана сөздеріңді
жазып іліп шығыңдар).
Балалардың
жауаптары:
Қамқоршы
Аяулы
жан
Ақылшы
Ұстаз
Пана
Жарық
өмір сыйлаушы
Қымбатты
жан
Ардақты
ана.
Ән:
«Ана туралы жыр».
Қорытындылау.
(Кері
байланыс)
Тәрбиеші:
Дүниедегі
ең асыл жан кім? - Ана
Қызығыңды да,
бұзығыңды да көтеретін кім? - Ана
Жоқты
бар, ашты тоқ ететін кім? - Ана
Үнемі
жаныңда періштедей қорғаштап демеу
беретін кім? - Ана
Үйдегі алтын қазық
кім? - Ана
Аналарыңның бақытты болғанын
қалайсыңдар ма? - Иә
Олай болса,
аналарың бақытты болу үшін не істеу
керек білесіңдер ме?