Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ана гүл-ана өмірдің шуағы "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ана гүл-ана өмірдің шуағы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтың ана махабаттына бөленіп, отбасының діңгегі ана екенін түсінеді. Аналарына алғыс айта отырып, өздерінің бала махаббаттарын сездіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2018
2260
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тексерілді: Күні:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана гүл – ана өмір шуағы»
Мақсаты:
1. Оқушыларға 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Жанұядағы

ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Оқушылардың жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Отбасы бағыты
Көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер, шар

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

Армысың, алтын арай күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз.

Келді міне ортаңызға балалар,

Сәлем бердік ұстаздар мен аналар!

2 Шаттық шеңбері

Әкел достым қолыңды,

Тату болған орынды.

Өкпелесу не керек,

Көрсет, кәне өзіңді.

Жүзімізге қараңыз,

Біз бақытты баламыз!

Бізге қымбат анасыз,

Бізге қымбат құшағы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі- 8 наурыз мерекесіне орай «Ана гүл-ана өмір шуағы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін!

1-жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

2-жүргізуші: Құлпырған көктем келді,

Жылу тарап бойымызға.

Ұстаз, ана кемеңгері

Құттықтау тұр ойымызда.

1-жүргізуші:  Қар астындағы қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады.

Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атауға төзімді болады.

2-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз.

Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың  ыстық құшағынан қасиетті  ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананның шапағат мейіріміне жетпейді.

2-жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын  өтей алмайсың.

1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі  8-наурыз –аналар мерекесіне арналған «Ана гүл - өмір шуағы»
 атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Құрметті абзал аналар!-деп Жанеркенің орындауындағы «Бала тілегі» әнін арнаймыз.

1-жүргізуші:

-Расында, адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен, балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінен басталады.

Күлкі,күлкі, күліңдер,

Күлімдеп өмір сүріңдер.

Қызықтайық халайық,

Әзіл-ысқақ құрайық

-Олай болса бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын «Ата мен бала» көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс "Ата мен бала"
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды. Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 3 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 2 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнерлеріңді көрсетіңдер!

1-жүргізуші:   Бар баланың данасы,
Өзің жайлы тақпағы.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата-анасымен бақытты, келесі кезекті өлең жолдарына берейік.

Наргиза

Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі

Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.


Темірлан

Ана деген — асыл жандар болаттай,

 Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.


Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған


Санжар

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Өмірде ана-бақыт, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.


Бекназ

Бас қосты бүгін жиынға

Аналардың қауымы.

Таусылмасын әрдайым,

Отбасымның сауығы.

Ана өмірдің қуанышы, тірегі

Бала оның жұбанышы, жүрегі.

Арсен:

Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
        Анам менің – өмірдегі тірегім
  Анам менің – кеудемдегі жүрегім
        Егер менің қасымда сен болмасаң
        Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

 Мұрагер:

Асыл анам,

Мейіріңе қанбағам.

Қанша уақыт бой алдыры өтседе,

Жас балаша еркелеймін өзіңе.

Қуат болған, пырақ болған,

Мына өткен өмірде.

Сіздей жанды таба адмаспын

Асу асып өтсемде.

Бәрімізге баға жетпес

Таң нұрындай арайсың,

Шалғай жүрген әр балаңа

Сағыныш жырын арнайсың


Жанерке

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана дейміз бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірле біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай


Бейбарыс

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз!

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Ана- біздің күніміз

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуанып,

Ұзақ өмір сүріңіз!






2-жүргізуші:Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып,-дей отырып, ендеше, әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз. Наргизаның орындауындағы «Асыл әжем» әнін тыңдаңыздар!

Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын.

Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - бала: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - бала: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - бала: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
Автор: кенже қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Жанерке: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Жанерке: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.

Хан: Балаларым, мен сендердің ана туралы тағы не білетініңдерді білгім келеді.

1-жүргізуші: Айналдым «Ана » асыл заттан,

Шуағын бар әлемге таратқан.

Ойнап жүрген құлынын даладағы,

Үйде отырып дауысынан ажыратқан.

Әкем менің-асқар тауым

Жанымызды жайнатқан,

Зор үмітпен қараған,

Болашағына баланың-дей отырып, ұлдардың орындауындағы

«Әке -ана» әнін тыңдаңыздар!

2-жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Үнді биін»

1-жүргізуші: Ана деген – адамзаттың данасы,

Ана деген-сәбилердің панасы.

Ана деген- жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген-өмірдегі қамқорың,

Ана деген-сүйенерің, жан құрбың

«Мен анамда қаншалықты білемін!» анкеталық сұрақтарға жауап береміз.

1.Анаң қандай түсті киімді ұнатады?

2. Анаңның сүйіп тыңдайтын әншісі кім?

3.Қандай гүлді ұнатады?

4. Анаң қандай иіссу себеді?

5. Бос уақытында анаң немен айналысады?

6. Анаң сені еркелеткенде қандай сөздер айтады?

7. Анаң қандай тағам ұнатады?

8. Анаңның әкеңе айтар жылы сөзі?


Мұғалім: Псиологиялық тест. «2016 жылы сіз үшін қандай жыл?»


Мұғалім: Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде, кеудеңді қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір,жылылық, әсемдік сыйлайтын аналар.

Ана, осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр, тала терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махабаты, мейірімі, ақ тілегі, сәби үшін қаншама қиындыққа төзімділігі бәрі осы «Ана» деген үш әріпті сөзге сыйып тұрғандай.

  1. «Мейрімділік шуағы»

Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертенгі ұйқыдан қандай көңіл күймен тұруы-бүкіл бір күндік көңіл күйіне әсер етеді екен.

1.Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

3.Балаңыздың тәтті қылықтары.

4.Балаңыз қандай көмек көрсетеді?

5.Балаңызды ұрысып оятасыз, себебі....

6. Таңы асын әзірлеп отырамын....

7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз

8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Бала-ата-ананың үміті,өмірінің жалғасы.

1-жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі қазақ биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, –демекші, ендігі кезекте «қазақ биін»
тамашалаңыздар.

«Ана жұмбағы»

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.

Автор: Кенже ұлы таққа отырып, ұлан –асыр той болыпы.

Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал ақ самайлы, аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да бұл жарық дүниенің есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз.

Хор: « Ақ мамам! »

Қария. Олай болса, балаларым, ана туралы тағы не білетіңдерің бар, айтып беріңдер.



2-жүргізуші:

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
«Ана туралы бірер сөз». Сөз кезегі балаларға беріледі.

«Менің анам» тақырыбында эссе жазу.

Қорытындылау:

1 жүргізуші:  Аналарымызға деген біздің көңіліміз, құрметіміз шексіз.

1-оқушы: О, анашым,мақтанышым, тірегім.

2-оқушы: Бар бақытты бір өзіңе арнадым.

3-оқушы: Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

4-оқушы: Өзіңе арнап бір құшақ гүл теремін.

5-оқушы: Бар тілекті өзіңе арнап тілеймін

6-оқушы: Анашым, айтатын тілегім көп.

7-оқушы: Өзіңсің өмірдегі алтын адам

8-оқушы: Қымбат қой аналардың алақаны.

Барлығы: Аман болсын бәрінің аналары!


Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым!

Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер!

Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып

«Ана гүл – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

2-жүргізуші:  Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анасы!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, балалар өзіміз дайындаған аналарына сыйлықтарымызды табыс етейік.

2-жүргізуші: Ата-ана мен ұстаздарға құттықтау сөз кезегін береміз

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі

«Ана гүл– ана өмір шуағы!» атты кешімізді аяқтаймыз.

Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!











Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор:
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы:
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Қария: Дат тақсыр
Хан: Датың болса, айт!
Қария:
Бала:
Қария:
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала:
Хан: Өнерлеріңді көрсетіңдер!

Хан: Балаларым, мен сендердің ана туралы тағы не білетініңдерді білгім келеді.

Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.

Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым!

Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер!

Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!




















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!