Тақырыбы: Ана
мерейі
Мақсаты: 8-наурыз
мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген
мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру,
үлкендерді
сыйлай білуге үйрету, аналар
туралы өлең шумақтарын мәнерлі
оқуға
баулу.
Тәрбиеленушілерді
ізгілік, инабаттылық, сыйластық,
адамгершілік,сыпайылық сияқты қасиеттерге
тәрбиелеу.
Мерекелік
көңіл-күй сыйлау.
Көрнекілігі: аналар
туралы қанатты сөздер, шарлар, қолдан
жасалған гүлдер, көбелек, құстар бейнесі
т.б.
Сабақтың
барысы:
Тәрбиешінің
сөзі: Құрметті
қонақтар, асыл аналар және қыздар! Бүгін
бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған
“Ана мерейі!” деп аталып отырған ашық
тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8-наурыз
халықаралық әйелдер күніне байланысты
аталып отыр.
Адам
үшін ең аяулы, ең қадірлі жан-Ана. Ол
бала дүниеге келген күннен бастап өзінің
жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы
мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Құрметті
аналар және
қыздар мереке
құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық,
денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік,
о адамдар, аналарды,
Бізді
өмірге әкелген даналарды.
Себебі
Ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен
істелік әр қадамды.
Хормен: Мерекелеріңіз
құтты болсын, аналар!
(Сыныпқа
көктем мезгілі кіреді.)
Сәлеметсіздер
ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар,
бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын,
әр жанұяға шаттық тілеймін!
Тәрбиешінің
сөзі: Көктем
мезгілінің бізге әкелген ойыны бар екен
балалар (Кроссворд).
Олай болса ойын ойнайық.
Көктемде
құстар сайрайды,
Жерде
гүлдер жайнайды.
Алақайлап
балалар,
Мәз
болысып ойнайды.
(әр
оқушының аналарға арнаған тақпақтары)
1. Ана-біздің
күніміз,
Ананың-біз
гүліміз.
Ұландарды
қуантып,
Ұзақ
өмір сүріңіз.
2: Мәпелейсің
мені, анам,
Қолыңдағы
құсыңдай.
Құлпыра
өсіп дем алам,
Құшағыңда
қысылмай.
3: Бізді
өсірген апатай,
Еңбегің
де зор екен.
Құтты
болсын, апатай,
Құтты
болсын мерекең.
4: Аялаған,
саялаған,
Бар
бақытым, берекем.
Апатайым,
құттықтаймын,
Бүгін
сенің мерекең.
5: Сіздерден
өсер балалар,
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
аналар!
6: Бәрімізге
анасың,
Біз
үшін күн болып жанасың.
Құтты
болсың мейрамың,
Құттықтаймыз
ұстазым!
7: Анам
менің, ақ мамам,
Балапанын
мақтаған.
Анам
барда әр дайым
Қуанамын,
шаттанам.
8: Анашым,
жан анам,
Балдан
тәтті бал анам.
Үйге
келсең сақтанам,
Құшақ
жая қарсы алам.
9: Анам
менің панам ғой,
Содан
қорған табам ғой.
Асықпа,
анашым, ертен-ақ
Отың
болып жанам гой
10-оқушы: Ана
деген кім десе,
Шуақ
шашқан күн дер ем.
Сәбиі
үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,
Ана
үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.
Хор: “МАМА”
Аналардың
ыстық лебізі.
Жүргізуші: Әсем
би әрбір елдің рәсімі екен,
Өнерпаз
ортамызда басым екен.
Өнерің
қуаныштан кім аяған,
Жаңа
биді сіздерге
шашу
етем.
(Гүлдер
биі
биленеді)
Хор: Ақ
сүт беріп, өсірген аналарға мың алғыс,
Түн
ұйқысын төрт бөлген аналарға мың алғыс.
Күндіз-түні
еркелеткен күнім деп аналарға мың алғыс
Әрқашанда
мейірім төгіп, мәпелеген аналарға мың
алғыс.
Ата-аналармен
ойын: «Аялы алақан»
Жүргізушінің
сөзі:
Міне,
құрметті абзал жанды аналар,
әжелер. Сіздерді тағы көктемнің
алғашқы мерекесімен құттықтай
отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған
өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын
қабыл алыңыздар. Көңіл қойып
тыңдағындарыңызға рахмет!