жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты "Ана сен - бақыттысың!"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Көксу ауылшаруашылық колледжі
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
«5» наурыз 2018ж.
__________ Н. А. Шөмшеков
Әдістемелік әзірлеме
Ұйымдастырушы топ: 11 А
Топ жетекшісі : Ибраева Жанна Мәлікқызы
Агро экономикалық пәндік-циклдік
комиссия отырысында қаралды
№ ___хаттама«____»_____________ 2018ж.
ПЦК меңгерушісі ________ Ж.М. Ибраева
Жастар ауылы- 2018 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Көксу ауылшаруашылық колледжі
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
«5» наурыз 2018ж.
__________ Н. А. Шөмшеков
«Ана –сен қымбаттысың!» атты мерекелік шара жоспары
Өткізетін күні: 06.03. 18ж
Өткізетін уақыты: 11. 00
Өтеізетін жері: Мәдениет үйі
Өткізетін топ: 11- А
I. «Мерекеге тарту» би
II. Жүргізушілердің кіріспе сөзі
III.8 наурыз халақаралық әйелдер күніне орай құттықтау сөз колледж директоры М.Ә.Қарасаев.
IV. Ән «Ана туралы жыр » орындайтын мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Серікбай Бақытбекұлы.
V. Мерекелік құттықтау сөз Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Мусапиров Т. А. Құттықтау сөз зейнеткер.
VI. Колледж қызметкерлерін марапаттау рәсімі
VII. Ән «Анашым» орындайтын Алипбаев А.
VIII. Жастар негізгі орта мектебінің бүлдіршіндерінің құттықтауы .
IX. Әдеби- монтаж (өлең жолдары)
X. Би мектеп
XI. Ән «Ана гүл сыйлайық» орындайтын Құлджабай Елдос
XII. Ұлттық би.
XIII. Ән «Ана» Марлан
XIV. Ана туралы өлең жолдары
XV. Ән «Аналарға бас ием» Серікбай
XV. Жүргізушілердің қортынды сөзі
Ана – сен бақыттысың!
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз
жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін
кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
(М. Мақатаев)
( сахна пердесі « Мерекеге тарту» би қойылымымен ашылады)
1-жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. «Ана –сен бақыттысың!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Армысың мейірімді
аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың
Біз ғана емес,қадір тұтқан
бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар, ұстаздар,арулар! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын…Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
1-жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал
аналар!
Құттықтау сөзді Ыбрай Алтынсарин атындағы төс белгінің иегері, «Нұр Отан» Партиясы Ескелді аудандық филиалы «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Ескелді аудандық маслихатының депутаты колледж директоры М.Ә.Қарасаевқа береміз.
2-жүргізуші:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Аруларды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз
! Мәдениет үйінің
көркемдік жетекшісі Серікбай Бақытбекұлының
орындауында «Ана туралы жыр» әсем
әнді қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегін, бүгін бізге қонаққа келіп отырған Алдабергенов ауылдық округінің әкімі Мусапиров Төлеген Аппақұлына береміз.
2-жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты- дей келе, сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің қонағы қадірлі ұстаз, асыл ана,зейнеткер Самалбаева Бағдат Лұқманқызына беріледі .
1-жүргізуші: Коледжде сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар мен колледж қызметкерлерін марапаттау рәсімі үшін сахна төріне колледж директоры Мәлік Әбілмәжінұлы Қарасаевты және директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Дүйсебеков Базархан Төлегенұлын шақырамыз.
М арапаттау
кезегі
1-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне Алипбаев
Алишердің «Анашым» атты әнін
қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Бүгін бізде қонақта Жастар
негізгі орта мектебінің бүлдіршіндері . Ендігі кезек
сіздерде!
1-жүргізуші:Тіршілікке нәр берген ана сүті
қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек
мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші:Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
1-жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық ең әуелі әркімнің, өз отбасымен басталады. Бақытты жанұяда өскен бала жан-жақты, ақылды болып өседі. Өкінішке қарай бүгінгі таңда тастанды бала, жетімдер үйінде қаракөз қазақтың балалары көбейіп барады.«Тастанды бала»
Анашым…
Іздеумен келем, іздеумен өтем өзіңді,
Естігім келет бір ауыз жылы сөзіңді.
Жас жаныма серік етіп келемін
Таусылмайтын сабыр менен төзімді.
Анашым…
қалайша қиып, қалайша мені
тастадың?
Сенсіз әлем қара түнек, ашық емес аспаным.
У- шуы көп көшелерде кетіп бара жатқанда
Қараймын мен қызыға анасына
басқаның…
Анашым…
Кеудеңдегі жүрек пе, әлде темір ме?
Тастар болсаң неге әкелдің өмірге?
Неге, неге аямадың сен мені
Тумай жатып дақ түсірдің көңілге?..
Анашым… хайуан да тастамайды баласын,
Мендей сұлу періштені қайдан енді табасың?
Кеудемдегі СЕН деп соққан жұдырықтай жүректе
Өмір бойы сұрақ белгі болып қана
қаласың…
Анашым…
Қатал тағдыр мені қалай аясын?
Тек түсімде маған құшақ жаясың.
Тірі болсаң, тілеймін амандығыңды,
Өлі болсаң… бұйыртсын жұмақ
саясын…
Анашым…
Мен сені көрмесем де сағынамын,
Тағдырдың жазғанына бағынамын.
О дүниеде жазаласа Тәңірім,
Араша боп, қасыңнан
табыламын.
Білемін, сезем…
Оңашада жасыңды көл ғып төктің,
Мен сені келеді тек бақытт(ы) еткім.
Оралшы тез, кешіремін… бұл өмірге
Жалғыз келіп, келмейді жалғыз
кеткім…
Күнде оқимын сен қалдырған хатыңды,
іштей ғана қайталаймын атыңды.
Көп болды ғой, түн ұйқымды сағындым
Қанша таңды сені ойлаумен
атырдым…
Анашым…
Азайып бара жатыр күлкім де,
Мәңгілік көз жұмсам ғой бұл түнде.
» Кешір мені!» деп жазыпсың хатыңда
Менің сізге өкпелеуім мүмкін
бе?..
Қайран көңіл іштей ғана тынады,
Қайда екен бақыт, шаттық
тұрағы?
Не болса да
көнем, басқа амал жоқ,
Бұл да, мүмкін, бір Алланың сынағы…
Сені ойлаумен
өтеді менің әр күнім,
Білмеймін ғой не кінәмнің барлығын…
2-жүргізуші: Құрметті асыл аналар,
әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде
тойланатын
8 – наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен тағы да
құттықтаймыз. Келесі кезекте мектеп бүлдіршіндірінің өнерін
тамашалыңыздар!
1-жүргізуші: Ана –барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің
дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында
отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана
бақыт құшағында емес пе?! Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын,
ең әзиз жан ол – анамыз.
Құлджабаев
Елдостың орындауындағы «Анаға
гүл сыйлайық» әнін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін
көрсетуде,- қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
ақ сүтіңді ақтасам ,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
Аяулы аналар, қырмызы қыздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап келген бүгінгі кешіміздің арнайы қонағымыздың әсем әнін қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
1-жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
2-жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын! Назарларыңызға әсем ән!
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ,біздің «Ана – сен бақыттысың!» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жүргізушілер бірге: Сау-саламатта
болыңыздар!

