400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ана тілі - асыл қазынам" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 3 «Б»

Уақыты: 24.09.16ж

Мұғалім:Исаева Г.

Сабақтың атауы

Ана тілім – асыл қазынам!

Мақсаты





1.Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. 2.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету
Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.


Күтілетін нәтиже


1. Оқушылар сын тұрғысынан ойлайды.

2. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтей алады.

Көрнекі

құралдары

Компьютер, А.Байтұрсыновтың, А Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариннің суреті,тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Психологиялық ахуал. 3 минут

Ана тілі – атаңның,  анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті  қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.

Жеке  бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен  бірге жасап, бірге дамиды.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі. Ана тіліміз туралы М.Мақатаев, Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев, М.Шаханов, Ж.Аймауытов сияқты көптеген  ақиық ақындарымыз жырлар жазды.

Әнұран елді  басқа жерде таныстырушы, сондықтан тіліміз әлемнің түкпір–түкпірінде естілуде. Ендеше, кешімізді Бір шаңырақ астында Әнұранмен бастайық!

Қызығушылықты ояту. 3 минут








































































Сұрақтарға жауап беру арқылы топқа бөлу.

1.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?

2.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім?

3.Қазақтың ұлы ақыны кім?

1 шарт:

Оқушыларға өз топтарын қорғап постер жасау тапсырылады.


2 шарт: 3 минут

«Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ.

1 топ 3 минут

1. Тілтасжарады, тасжармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсізсөз ... (желментең).
3. Ине көзіненсынады, ... (шешенсөзіненсынады).
4. Пілкөтермегенді, ... (тілкөтереді).
5. Сөзтапқанға ... (қолқажоқ).
6. Жетіжұрттыңтілінбіл, (Жетітүрліілімбіл).
7. Шебердіңқолыортақ, ... (шешенніңқолыортақ).
8. Қаһарлысөз ... (қамалбұзар).
9. Бас кеспекболса да, ... (тілкеспекжоқ).
10. Айтылғансөз, атылған ... (оқпентең).
2-топ 3 минут
1. Бал тамғантілден ... (утамған).
2. Тауды, тастыжелбұзар, ... (адамзаттысөзбұзар).
3. Жақсысөз ... (жарымырыс).
4. Жақсыбайқапсөйлер, ... (жаманшайқапсөйлер).
5. Тілқылыштан ... (өткір).
6. Анасүті бой өсіреді, анатілі ... (ой өсіреді).
7. Жыланныңуытісінде, адамныңуы ... (тілінде).
8. Көре-көрекөсемболарсың, сөйлей-сөйлей ... (шешенболарсың).
9. Тілденартық ... (қазынажоқ).
10. Сүңгіжарасыбітер, ... (тілжарасыбітпес).

  3-топ 3 минут

1.      Тіл - адам ойының ... (айнасы)

2.      Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)

3.      Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4.      Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)

5.      Айтылғансөз, ... оқпентең (атылған)

6.      Бал тамғантілден ... тамар (у)

7.      Көпсөз - ... (бос сөз)

8.      Көпсөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

9.      Жасыңдақылжаңболсаң, өскенде ... боласың. (мылжың)

10.    Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)


Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпай, қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.

3 шарт: 5 минут

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».

Әр топтан бір оқушы шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

"Туған тіл – тұғырың, туған тіл –қыдырың” дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.


4 шарт «Білгірлер». 3 минут

1-топ «Сыйқырлы телефон». Бір сөз беріледі.Бұл сөзден1минутта бірнеше сөз құрау.

2-топ «Сөз тізбек». Бір сөз беріледі сол сөздің аяқталғаан дыбысынан сөз құрап жалғастыру

3-топ«Баспалдақ» ойыны. Қ әрпінен басталатын тиісті сөздерді торкөзге орналастыру.

«Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

1 топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,

2 топқа берілген сөздер: доп, сызғыш, сабақ, маймыл,қолшатыр.гүл.

3 топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,

5 шарт «Сен білесің бе?» 5 минут Интербелсенді тақтада сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап 5 балмен есептеледі.

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

2. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
4. Қазақ әліппесін құрастырушы кім? (А. Байтұрсынов).

1. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
2. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
4. «і» қандай дыбыс?


1. Ақыл сөзінің түбірі? (ақыл).
2. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
3. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
4. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

Бала Жамбылдың өлеңін тыңдау. Өз пікірін білдіру.

Сергіту сәті





Ой толғаныс



















Кері байланыс 2 минут

Үйге тапсырма

Бала Жамбылға хат жазу, тіл жанашырлары туралы мәліметтер жинақтау.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау


Мұғалім:


Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп  орман бол,

Шеттілі мен компьютердімеңгеріп,

Елгетірек, нағызұлттықтұлға бол!

   Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үшнәрсе бар: бірі – өзайтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әруақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден. 




Тексерілді:


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі