Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ана тілі аруы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Ана тілі аруы" бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі аруы-2017.

Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту.


1-Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар» Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мерекесіне арналған !Ана тілі аруы-2006! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл- халықпен бірге өмір сүреді, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

Халықтың тәуелсіздігінің басты белгісі- оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел- өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Ана тілі- бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Халықтың тарихта қалуы да тіліне байланысты.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата салт- дәстүрі. Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге мемлекеттік статус берілді.


2-жүргізуші

Қуан далам»

Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін.

«Тіл туралы»

Заңым енді күшіне,

Паш еткендей,

Кескен жаңа кіндігін.

Қуан бабам»

Қуанатын жөнің бар,

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар

Халық жауы атандың-ау,

Сол үшін де ғұмырыңды

Құрбан етіп жолында ар.


1-жүргізуші

Ана тілін білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Бүінгі біздің сайысымызға қатысқалы тұрған ару қыздарды ортаға шақырып, сайысымызды бастайық.


2-жүргізуші

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысқа қатысушы ару қыздарымыздың білім мен тапқырлығын бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

  1. Смағұлова Марғұба Шаймұратқызы

  2. Сламбек Дария Сламбекқызы

  3. Уызбаева Қарлығаш Тоқтарқызы

Сайыстың бірінші шарты, әр сыныптан қатысушы ару өзін таныстырады.

(Ару қыздар бірінен кейін бірі микрофонға жақындап өздерін таныстырады)


Музыкалық сәлем: Ахметов Азамат


1-жүргізуші

Әр халықтың жер бетінде пайда болғаннан бастап басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары, жалпы дүние жайындағы ойлары, бәрі-бәрі ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. Сол ата-баба салтының бүгінгі ару қыздарымыздың бойында қаншалықты сақталғанын, ата-баба салтын қыздарымыз қаншылақты білетінін білу мақсатында сайысымыздың келесі шартына көшеміз.


2-жүргізуші

Қызар қоржыннан асық алып, сол асықтың номеріне сәйкес сұрақтарға жауап береді. Арулар ойланып сұрақтарға жауап тапқанша мектебіміздің күміс көмей әншіміз Магулов Тілектің орындауында ------------------- әнін қабыл алыңыздар.


  1. Шашбау деген не? 6. Тұсау кесу деген не?

  2. Құдалық деген не? 7. Тоқымқағар деген не№

  3. Бастаңғы деген не? 8. Сәукеле деген не?

  4. Сүйінші деген не? 9. Орамал салу деген не?

  5. Шілдехана деген не?

1-жүргізуші

Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас- адамның мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Бүгінгі ақын жазушыларымыз ана тілі туралы былай деген екен.


Әбдібай Табылдиев

Ақыл-ойы дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей ананың


2-жүргізуші

Қадыр Мырзалиев

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құметте.


1-жүргізуші

Мұзафар Әлімбаев

Қасиетің ана тілің аз ба сенің?

Өзің барда ескірмес тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.


Енді аруларымызды келесі сайысқа шақырамыз. Ару қыздарымыз мына ағаштағы бұтақтардан жапырақты алып, сол жапырақтағы сұрақтарға жауап беру керек.

1. Орыс тілін ығыстыру үшін қандай күш керек?

2. Елбасының ана тіліне қатысты қандай қанатты сөздерін білесің?

3. Ана тілі туралы қандай ұлағатты сөздер білесің?

4. ҚР Тілдер туралы Заңы қай жылы қабылданды?

5. Қазақ тілін дамытудағы нақты кедергілер нелер?

6. Сіз тұратын кентте ана тілі қандай дәрежеде?

7. Мемлекеттік тіл, халықаралық тіл, ресми тілдерді ата?

8. Қазақ тілінің мәртебесін қалай көтерер едің?

9. Ана тіліне қатысты қандай ұран сөздерді білесің?



2-жүргізуші

Ару қыздарымыз сұрақтарға ойланып болғанша, құрметті көрермендер сіздерге Мұрат Айнұрдың орындауында --------------- әнін тарту етеміз.


1-жүргізуші

Ана тілі-ар тілім,

Жанардағы жарқылым.

Жүрегімде сақталған.

Ән жыры бол халқымның


2-жүргізуші

Тілім менің –

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бөлінсе менің де бөлінгенім.- деп ақындар жырлағандай ару қыздарымыз ана тілі туралы өлең немесе романнан үзіндіні жатқа оқу керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12