400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Ана тілім - ардағым 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды әріптестеріме тәжірибе алмасуға және жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынамын. Бұл сабағымды жаңартылған бағдарлама аясында өттім. Қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін пайдаландым. Бұл сабағымдағы әдіс-тәсілдер жас мамандарға әдістемелік көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектеп







Ашық тәрбие сағаты


Ана тілім – ардағым


Бастауыш сынып мұғалімі Құралова Г. Қ.











Көктерек кенті


2018 – 2019 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы : Ана тілім -- ардағым .


Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу. Кітапханамен байланысты жақсарту.
Ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көректілігі: сюжетті суреттер, тіл, кітап туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған басылымдар, кітаптар көрмесі.
Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. 
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Кім жылдам?» ойыны.
3. Әдеби – музыкалық қойылым.
5. Зерделі болсаң биік шыңға жетесің.
6. Қорытынды.
Мұғалғмнің кіріспе сөзі
Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай үн? 
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. 22 қыркүйек -- Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын! 
« Кім жылдам? » ойыны
Оқушылар дөңгелене отырып, « Кім жылдам? » ойыны арқылы тіл туралы  мақалдар мен нақыл сөздер айтады. 

Мақалдар
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.
3. Тіл қылыштан да өткір.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.

6 .
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады 
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/

Кітап- алтын сандық, Іші толған қазына құт, оқы, оқы ойыңа тұт. Кітап оқысаң таным көкжиегің кеңейеді, тіл байлығың дамиды.Барлық білім кітапта. Көп білу үшін кітапты көп оқу керек.
Кітапханамен үнемі байланыста болып, кітапханадан ертегі, балаларға арналған әдеби кітаптар алып оқып, тіл байлығымызды кеңейтуіміз керек.
Әдеби – музыкалық қойылым.
Ән: «Ананың тілі – аяулы үні» хор

Сабырқожа
1. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, 
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Айдана
2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Даниал
3. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.

Гүлшат
4. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Ерасыл
5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Аруна
6. Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақта көзіңнің жанарыңдай,
Ән: « Бақытты балалық »  хор
Зерделі балсаң биік шыңға жетерсің.
Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Тіл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
4. Орыс тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?

Қорытынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі-ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтың белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Өз тілімізде таза сөйлеп, қадірлеп, құрметтейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі