15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Анас бар адамдар ешқашан қартаймайды"
Мұғалім: - Құрметті аяулы аналар, әжелер,ұстаздар,көктем күніндей құлпырған қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Хормен:Құттықтаймыз анашым мерекеңмен!
Мұғалім: Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы. (Балалардың тақпағы айтылады)
1.Ақнұр : Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
2.Нұрай: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.
4.Нұрбақыт: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
5.Айзере: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
6.Айбарыс: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
7.Гүлнұр: Ақ қабақты анашым
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.
8.Дастан: Ана біздің күніміз.
Аялаған анамыз.
Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз
9.Али: Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз
Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз.
Хормен:Ұзақ өмір сүріңіз.
10.Ақнұр:Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
11.Нұрбақыт:Аялаған , баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
12.Нұрай:Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!
13.Али:«Адал бол, - деп балдырған»,
Әділдікке баулыған,
Жүрегін де баулыған,
Тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс!
14.Дастан:Жан ана құттықтаймын мерекеңмен
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен
Төрлесін елдің берген бақыт бағы
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.
15.Ақнұр:Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Анадесем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.
16.Санжар:Аналар ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім
17.Айзере:Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа ана ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
18.Нұрбақыт:Бастадым сөзімді ана деп мен
Себебі анам ғой мені адам еткен
Өмірдің бар асылын бойына жиған
Дүниенің ардақтысы анамекен.
19.Гүлнұр:Құрметтейік о адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
20.Айбарыс:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ
21.Нұрай:Сенен өскен балалар
Сенен өскен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар
22.Али:Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
23.Ақнұр:Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
24.Санжар:Адам барма ана сүтін татпаған
Алуан алуан ауыр сынды аттаған
Адалдықты ар намысты сақтаған
Мен анамның сонысымен мақтанам
25.Айзере:Ерлік еңбек атқарған
Еңбегімен мақтанған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ анам
26.Айбарыс:Әже деген көп шығар
Әжелердей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
27.Нұрай:Ана бақыт ана күн
Ана өмір тірегі
Ана өмір себуші
Ауырмасын жүрегі
28.Али:Қанаттанса балапан
Қалайынша ұшпайды
Әрбір қыз әр бала
Анасына ұқсайды
29.Дастан:Ана деген бәйтерегіөмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі тұнған өмірдің
Мұғалім: Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап ойнаңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.
1 сынып қыздарының орындауында ән: «--------------------------»
Мұғалім: Білмесең надан боласың, Жау қолында қаласың, Үйреніп бәрін біліп алсаң, Ақылың жетіп толасың! «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
1.Ананың сүті бал,баланың тілі бал
2.Күннің шуағы жылы,ананың құшағы жылы
3.Ана үйдің берекесі,бала үйдің мерекесі
4.Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды
5.Ана өмір себуші 6.Қыз ақылы анадан.
7.Ана жүзі-күлімдеген күн көзі 8.Анаңа ауыр сөз айтпа
9.Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды
Мұғалім:Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың, Әжелер мен әпкелер, қыздардың. Мерекеңіз ұлассын қуанышқа, Бұл күндер көксеген даналардың.
Ән: «Ана туралы жыр»
Мұғалім:Бізге жарық дүниені сыйлаған кім? –Ана
Түн ұйқысын төрт бөліп,бөбегін бөлеген кім? –ол мейірімді ана
Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының қолын,алақанын ұстау арқылы тапқызу.
Мұғалім: Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз. «Болашақ шақ - бақытты шақ» (жазған шығармаларын оқу) Мен аналар мерекесі қарсаңында ана туралы шығарма жазуға тапсырма бердім. Ана туралы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дедім. Соны тыңдауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім: Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.
Қыздардың орындауында би:
Мұғалім: Сіздерден өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар!
Ұлдардың орындауында би:
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым. Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін. Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл
бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Анасы – бар адамдар ешқашан
қартаймайды!» атты кешімізді жабық деп
жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген