15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Анашым-сағынышым"
Тақырыбы: Анашым-сағынышым
Мақсаты:Оқушыларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
1-бөлім. Әдеби-монтаж
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі
де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп
жаздым алғаш өлең-дастанды.
Бәрі де,
ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан
көрдім алғаш аспанды
2-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті аналар,
ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,
өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым
мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
-Сіздерге
арналған
Анашым-сағынышым атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
Ардақты
ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті
ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме
нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың
аясындай гүл бақтың., -дей отырып,
мерекелік құттықтау сөзді сынып
жетекшіміз Асылғаным Төлепбергенқызына
береміз.
1-жүргізуші: -Ендігі кезекті сынып оқушыларының әдеби-монтажын тамашалаңыздар
Асел:Ана! Ол-біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы-Отанды да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Хормен: құрметті асыл аналар
Ералы: Анашым әлдилеген,
Күш-қуат алдым сенен.
Өзіңсің бесігімді,
Тербеткен ән-күйменен.
Анашым-мейірбаным,
Шарлатқан көңіл бағын.
Бойыма ақ сүтіңмен,
Сыйладың өмір нәрін.
Гүлнар: Анашым күлімдеген,
Баласын «күнім» деген.
Баптаған өз қолыңмен,
Тұлпарым сүрінбеген.
Анашым аялаған,
Құшағың сая маған.
Әлемнің бар асылын,
Мен үшін аямаған.
Ерасыл: Анашым,анажаным,
Сағынып салар әнім.
Бар ма жан сенен артық,
Түсінер бала жанын?!
Анашым-сағынышым,
Өмірдің жарығысың.
Өзіңді,қайда жүрсем-
Іздеймін алып ұшып.
Ән: «Анажаным»
Мұғалім: Ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар.Сол сөздерден аналарымызға,қыздарымызға байланысты тәлім алу мақсатында көріністі тамашалайық!
Көрініс: «Ата тәлімі».
Атасы-Данияр: Үйдің алтын қазығы кім?
Немересі-Нұрғали:Ата,үйдегі алтын қазық бала.
Атасы-Данияр:Жоқ,балам,үйдегі алтын қазық-АНА.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі,әке тәрбиесі-ұлға үлгі.
Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың,інің сүйенішің,қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем.әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі-көзінде,ықыласы-көңілінде,ақылы-сөзінде.
Немересі-Нұрғали: Ата,жоқты бар,ашты тоқ ететін кім? Ол мейірімді әке ме?
Атасы-Данияр: Жоқ,балам,әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек.Жоқты бар,ашты тоқ ететін ол-ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.Аналарыңды сыйлаңдар!
Азамат,Б.Айкөркем,Нұртілек
Әділбек: Келбетінде ұлылық,
Даладай кең пейілі.
Ана деген-жылылық,
Ана деген-мейірім.
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық,расында.
Күн-алыста,ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Жұлдыз:Әлдилеген анамның
Аясында шалқыдым.
Ұғып,тыңдап аламын,
Бақыт тілін,бал тілін.
Айналайын,анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
М.Ансар: Мәпелеген әжемнің
Аясында шалқыдым.
Ұғып,тыңдап аламын,
Бақыт тілін,бал тілін.
Айналайын,ақ әжем,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Айару: Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ,көңілі
Күн шуақты саялы
Мейірі анам-күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен-өмірдің бұлбұлы
Гүлің менмін ашылған.
Мұғалім: Қазақ халқы қыз баласын қонақ деп,оларды өте құрметтеген біз де бүгінгі мерекемен сыныптағы қыздарымызды құттықтап оларға арнаған сыйлықтарымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жанерке:Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе,мен де
Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ әжемді мен әрқашан,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Рамазан:Ақ сүт бердің тәп-тәтті
Әлдиіңмен уаттың, Кей кездері тентек боп,
Мен өзіңді мұңайттым.
Апарсам да Меккеге
Өтей алман қарызды
Бір сен деп мен жасайын
Жақсылығын әлемнің
Айдана:Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың-аясындай гүл бақтың
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Айдана:Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ мамам
Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын,ақ мамам
Ән: «Әжем »
М.Айкөркем : Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етсін анасын!
К.Ансар: Ана-көркі көгімнің
Ана-нұры жерімнің
Ана-бағы баланың
Мақтанышы елімнің!
Еркелесем,күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым,күнім»,-дейтін.
Нұрдәулет:Күш-қуат алдым сенен.
Өзіңсің бесігімді,
Тербеткен ән-күйменен.
Анашым-мейірбаным,
Шарлатқан көңіл бағын.
Бойыма ақ сүтіңмен,
Сыйладың өмір нәрін.
Инабат: Анашым күлімдеген,
Баласын «күнім» деген.
Баптаған өз қолыңмен,
Тұлпарым сүрінбеген.
Анашым аялаған,
Құшағың сая маған.
Әлемнің бар асылын,
Мен үшін аямаған.
Алижан:Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ мамам
Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын,ақ мамам
Мәнерлеп оқу сайсының бас жүлде иегері Аскарова.Мадина
Құттықтау сөздер
Осымен аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Мерекеден-мерекеге жете берейік
-Сау болыңыздар!
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Бәрі
де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп
жаздым алғаш өлең-дастанды.
Бәрі де,
ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан
көрдім алғаш аспанды
1-жүргізуші: -Ендігі кезекті сынып оқушыларының әдеби-монтажын тамашалаңыздар
2-жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті аналар,
ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,
өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым
мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
-Сіздерге
арналған
Анашым-сағынышым атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
Ардақты
ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті
ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме
нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың
аясындай гүл бақтың., -дей отырып,
мерекелік құттықтау сөзді сынып
жетекшіміз Асылғаным Төлепбергенқызына
береміз.
2-жүргізуші: Ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар.Сол сөздерден аналарымызға,қыздарымызға байланысты тәлім алу мақсатында көріністі тамашалайық!
Атасы-: Үйдің алтын қазығы кім?
Атасы-:Жоқ,балам,үйдегі алтын қазық-АНА.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі-қызға үлгі,әке тәрбиесі-ұлға үлгі.
Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың,інің сүйенішің,қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем.әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі-көзінде,ықыласы-көңілінде,ақылы-сөзінде.
Атасы-: Жоқ,балам,әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек.Жоқты бар,ашты тоқ ететін ол-ана.Анасыз бала ұйықтамайды,қатықсыз айран ұйымайды.Аналарыңды сыйлаңдар!
Немересі-:Ата,үйдегі алтын қазық бала.
Немересі-: Ата,жоқты бар,ашты тоқ ететін кім? Ол мейірімді әке ме?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген