Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Апаттар" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Апаттар" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
төтенше жағдайларда оқушылар оздерін қалай ұстау керектігін біледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып жетекшісі Исабеков Пернебектің ашық тәрбие сағатының

қысқа мерзімді жоспары


Күні: 14.03.2017ж.

Ашық тәрбие сағаты


Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи апаттар

Жалпы мақсаты:

Төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен таныстыру. Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар туралы түсінік беру. Оқушыларды табиғатты  қорғауға, аялауға өздерінің ондағы      тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу .


.

Сілтеме:

  1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

  2. Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.


Оқу нәтижесі:

Оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптасады , сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасы жан жақты дамиды.


Негізгі идеялар:

Жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Қолданылатын материалдар:

АКТ

Постер, фломастерлер , қима қағаздар, жүректар.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. Миға шабуыл.

Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

АКТ. Шаттық шеңбер құру

Оқушыларды топқа бөлу


Шаттық шеңбер құрады

Қима қағаз арқылы 2 топқа бөлінеді


І. Білу

  • Сабақтың мақсатын айқындау

арқылы оқушылар видео ролик көреді

Өздеріне мақсат қоя білуге үйренеді.

Видео ролик арқылы оқушылар оз ойларын жинақтайды және топпен бөліседі

ІІ.Түсіну

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. 

Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері. 


Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.



Әр оқушы табиғи апаттарды атап және талдап көрсетеді , мағынасын ашады.

Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады.


Су тасқыны -    Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Дауылдар. Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.


Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті. 
Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күштерінен пайда болатын толқындар.

Сел –– тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.  Қар көшкіні -– бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. 


ІІІ. Қолдану

Постер корғау



Сергіту сәтін ұйымдастыру.


Оқушылар постер қорғап ,өз пікірлерін айтады.


«Жүректен-жүрекке» сергіту сәтін жасайды.

ІҮ. Талдау


Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі барҚазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.


Алғашқы жер сілкінісі кезінде не істеу керек?


Өрт шыққан жағдайда қандай арекет жасау керек?


Су тасқыны кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?

Жер сілкінуіне дейін
Алдын ала дайын болыңыз;
- рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттар;
- үш күнге жететін тамақ пен су;
- жылжымалы электр фонары мен сөмке;
- алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
- жылы киім мен аяқ киім;
Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз;
- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үй ішінде болсаңыз:
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- Лифтіні пайдаланбаңыз.
Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;







Ү.Жинақтау








1. Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар нешеге бөлінеді? 
2. Табиғи апаттарды ата? 
3. Техногенді апатарға мысал келтір? 
4. Жер сілкінісін қандай ғылым зерттейді?


Оқушылар жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар нешеге бөлінетінін біледі.

Табиғи апаттармен техногенді апаттарды ажырата алады.

. Жер сілкінісін қандай ғылым зерттейтінін біліді.

ҮІ.Бағалау




«Табиғат адамзатқа аманат» тақырыбында слайд шоу тамашалайды

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.


VII. Рефлексия


Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Смайликпен көрсет.(өте қызық, түсінбедім, ұнамады)


Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету.





































Shape9 Shape12

Ашық тәрбие сағаты

Shape11

Екі жұлдыз, бір тілек

Shape10 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!