Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Арман мақсатқа жетелейді"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Арман мақсатқа жетелейді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Арман әрбір жанды мақсатқа жетелейтіні,арманға алға мақсат қоя отырып білімнің арқасында жету қажет екендігін ұғындыра отырып, ең бастысы әрбір баланың өзін сан алуан қырынан таныта білуі негізгі -мақсат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
2554
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

-1-
Армысыздар, бүгінгі тәрбие шарамызға қатысушы ұстаздар мен оқушылар!
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп толымды талант, сөз шебері Мұхтар ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын ол - арман.





Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек - ақ, ол бізге бағыт, күш - қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. Сол айтпақшы, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз жарқын болашақтың бейнесі – АРМАН туралы болмақ.




Ендеше 4 а сыныбының дайындаған «Арман алға жетелейді» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да болады деп арманда,
- деп ақын Мұқағали да арман жайлы жырлаған...



Ал, Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген. Міне, сол ақынның “Арман” атты өлеңіне назар салайық.

М.Шаханов «Арман» оқитындар:Қылышбай І,Серік Д,Күмісбекұлы Д,Қаламбай Б

АРМАН

Ерте, ерте, ертеде
Отырарда,
Біздің іңкәр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға
Қатар өсті екі бірдей жас бала.
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Біpгe оқыды,
Біpгe ойнады асықты.
Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет.

“Таңдайымыз өpіcті оймен татымақ”, –
Деп қуана езу тартты атырап.
Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.
Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей.

Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді біp қария.
Сол қария біp күні екі шәкіртті,
Құрметпенен өз үйіне шақыртты:
– Балақайлар, балапандар, көк өpім,
Сендерге біp сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.
Мен де танып білсем деп ем,
Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?
Қане, Дойыл, сен айтшы?

Дойыл айтты: – Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, армен де.
Жалын шашса өнерімнің өрнегі
Сонау Йемен, Мысыр, Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,
Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,
Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой.
Табу үшін жұрт таппаған айланы,
Көру үшін жұрт көрмеген пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Tілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,
Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

Қарт күрсінді: – Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Бағымызға туған дарын болар деп
Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мән табарсың,
Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың?
Бірақ Дойыл тұрып алды пандана:
– Арманымды өзгерте алман, жан баба!
– Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды, –
деп қария Дойылмен біp отырған
Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.
Әбу айтты: – Менде де бар біp арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егерде.

Қарт жымиды: – Бәрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тоят табар қаз қайдан?!
Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, eттің лезде мәз-мейрам.
Біpің үшін күрсінумен өтермін,
Біpің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,
Ал жарайды, батам осы, барыңдар,
Отырарда туған ұлы дарындар!

Әжуасын әжіміне жасырып,
Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын, өр көңіл,
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.
Дойыл солай өзгертпеді шешімін,
Дәулет оған жылдам ашты ecігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдат, Мысыр түгел білді ecімін.
“Eceпcіздің нecібecі озар ма?”
Әйелін де баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып бepіп жүрді қазанға.
Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Mінe осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады әбілетті тозғынға.
Саудагерді өзге түгіл
Өзінің
Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.
Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз – әpі ғалым, әpі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.

МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА.



Мен осы жерде арман туралы аңыз айтсам деп отырмын.
- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария:
- Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті.


-2-

Ақ қанатты құсым деймін сені,
Аспаннан жерге түсірмеймін сені.
Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,
Ей, Арманым! – деп өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңейді.



Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай, ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады.



Иә, қай адамда болсын өзiнiң арманы болады. Сол армандарына жеткiсi келеді. Арманына жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер, адамның арманы болмаса, ол алға ешқашан жылжымас едi. Армансыз адам - қанаты жоқ құспен тең дегендей, қанатсыз құс секiлдi ешқашан биікке ұша алмайды




Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,
Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.


Ән: «Аққу арман» Орындайтындар: Арман ,Арсен, Ментай ,Көркем,Толғанай.



Адамды санай берсең, көп арман да,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда
Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да.


Армансыз адам болмайды,
Қанатсыз құс ұшпайды.
Қағаз, қалам, жоспарсыз,
Арман, мақсат болмайды.



Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын

3.Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы әнді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, – деп Абай атамыз жырлағандай

Ендігі кезекті әсем әнге берелік. Достық әнімен Ақнәзікті ортаға шақырамыз.



Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,
Дүниеде нелер биік – Ар биік.
Көк жалғызы – ай да менің арманым,
Арманым ғой әлемдегі бар биік.

Қылышбай Інжудің орындауында «Три желание» әнін қабыл алыңыздар.



Ән «Мен қазақпын» орындайтын Тұрарбек Бекарыс,флешмоб ұлдар тобы.




Арман деген көп белес – біріне шықсаң, бірі бар деп Ғабит ағамыз адам арманының шексіз екендігін айтады. Осы бүгінгі тәрбие сағатынан түйгеніміз – бәрі де өз қолымызда!



Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін
Бәріміз бірге қалайық.


«Армандастар» әнін ұлдар тобының орындауында қабыл алыңыздар



Ән «Көңілді күн» орындайтын Болат Балнұр, би қыздар тобы.

Ән «Крылатые качели» орындайтын Күмісбекұлы Дамир



Ән «Тәуелсіздіктің ұраны» орындайтындар Қаламбай Арайлым,Дастанқызы Аягөз.



Құрметті біздің аяулы аналарымыз,ұстаздарымыз,алда келе жатқан көктемнің ең керемет күні 8-наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерге мың алғыс. Бұл ән сіздерге арналады.

«Анашым,ана жаным» орындайтындар Төлеу Аяла мен Ташмұрат Адина



Армандарыңыз орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңыздар!- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды «Армансыз күнім болмайды» әнімен аяқтаймыз



Сіздерге, отбасыларыңызға амандық, заманға тыныштық тілей отырып, көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет айтамыз.

 

Қорытындылау үшін сөз кезегі апайларға беріледі.



«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп Директордың ОІ жөніндегі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!