400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Ата-ананың ақылы - ұазулы қара жолмен тең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерге керек. "Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең" - Міржақып Дулатов айтпақшы баланы тәрбиелеуде ата-ананың ролі зор.Осы тақырыпта тірбие сағат өткізсе ішіндегі материал кқмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6 «Ә» Күні:


Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың ақылы -қазулы қара жолмен тең


Мақсаты: баланың тал бесігі отбасы екендігін ұғындырып, отбасы құндылықтарын құрметтеп, дәріптеуге, өзінің айналасындағыларға құрметпен сыйластықпен қарау қасиеттерін жетілдіру, заман талабына сай отан сүйгіш азамат тәрбиелеу;


Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, ұлағатты сөздер, DVD; шарлар, гүлдер.
Әдісі: ой қозғау, пікірталас, сайыс.

Мұғалімнің кіріспе сөзі 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! 
Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Ата-ананың ақылы -қазулы қара жолмен тең» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз. 
Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады. 
Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. 


Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа 4 топ қатысады.


Топтармен таныстырып өтейін.

1 топ- «Ақыл» тобы

2 топ- «Қуат» тобы

3 топ- «Зият» тобы

4 топ – «Ғылым» тобы



Сайыс шарттары мынадай: 
1. «Сәлем – сөздәі анасы » - таныстыру. 
2. «Білгенге – маржан...» - қара өлең сайысы. 
3. Cөзжұмбақ
5. Мақал-мәтел сайысы
6. Кім тапқыр? сайысы


1 сайыс:

1 топ:


Бейбіт елміз сүреміз

Ойнаймыз да күлеміз

Ата-ананың асылы

«Ақыл» тобы міне біз

Артқан сенім жүгін біз

Үзбеген үміт жібін біз

Қарсыластар біз келдік

Жарысуға бүгін біз

2 топ:

Артында қалған іздерде

Үмітін олар үзгенбе

Қараңыз бізге достарым

«Қуат» тобы біздерде

Шыңымыз жеткен түздерге

Күніміз жеткен жүздерге

Ата- анамыз жіберді

Сәлемін айтып сіздерге

3 топ:


Бақытты біздер баламыз

Дарадан туған данамыз

«Зият» тобы мына біз

Зияттымыз қараңыз

Білімге толы санамыз

Тәрбие берген анамыз

Тұрғанда туым желбіреп

Жұлдыз болып жанамыз


4 топ:

Тұнып тұрған білімбіз

Жанып тұрған ғылымбыз

«Ғылым» тобы міне біз

Дана болар ұғымбыз

Келді міне күздерде

Айтайын мен сіздерге

Ғылымға толы жүрегі

Сайысқа келдік біздерде





2 сайыс

Мұзафар Әлімбаев «Ата - ананың арманы»

Қипақтайтын қит етсе анаң - әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес оллахи біздікінің,
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен,
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,
Бұл да бір күн алаулап жанар ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау,
Болмаса да топ жарған дана бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата - ананың жүрегі талады екен.



Бақыт

Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
Апам марқұм айтушы еді бір есімде
Адамдардың барлығы бұл өмірге
Бақыт үшін жаралған деп күресуге.
Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?
Қына құсап шыға ма тасқа ғана
Мейлі қанша тірнектеп жинасаң да
Өмір бойы жетпейтін ақшада ма?
Байлық шығар сол әлгі бақыт деген
Санаспайтын ешқандай уақытпенен
Ауылда ма бақытым, қалада ма?
Ешкім аяқ баспайтын далада ма?
Көрінеме көзге сол бақыт өзі
Жауындама басылған жаңа ғана
Боласың ба? Бақытты сонда ғана
Бақыттымын деп ойлар кейбіреулер
Қымбат бұйым ұстаса қолға дара
Бақыт па екен кең сарай үйің болса
Қызғанатын өзгелер күйің болса
Бақыт сенің достым-ау өз үлесің
Бақытыңа түбі сен кезігерсің
Бар адамды сонда сен сүйсіндіріп
Бақыттысың қарашы дегізерсің



Ата-ана

Ақша тауып жүз жасаймыз көңілде,

Қымбат үйде қымбат бұйым төріңде.

Дүниенің қыр соңына түсіп ап,

Бақ-дәулетке бас ұрамыз өмірде.


Уақыт мыстан, жонып жатыр жастықты.

Ойымызды тамырсыздық ашытты.

Қиял жетіп, қолың жетпес арманға,

Көзсіз көңіл неге сонша асықты.

Пенде ойға иман құнын ілген бе?!


Нағыз бақыт мағынасын білген бе?!

Ата-ана қорған, байлық екен-ау,

Көкірегі ояу жандар білгенге...

Бәрі-бәрі керек бізге шынында,

Бір ләззаты бар ғой шіркін, мұныңда.

Жеткен менен биік мансап, бақытқа,

Жетпейді ғой Ата-ана құнына.

авторы: Баубек Ералыұлы Бердіжар




Менің анам


Өсіріп, ер жеткізген сегіз бала,

Әлемде менің шешем – еңізгі ана.

Өң берген өміріне адалдығы

Тең келген көңіліне теңіз ғана!

Жүрген жоқ ізгілікті ол жиып бекер,

Жұмыр жер жүрегіне сиып кетер.

Маңдайдан «құлыным» деп сипағаны,

Мәңгілік мәртебеңді биіктетер.

Кім білмес анашымның пейілін кең,

Жаны оның жаратылған мейірімнен.

Қазақтың келіні боп ғұмыр кешті,

Аулақта сауық-сайран, сейіліңнен.

Сіңіріп тәрбиесін бай даланың,

Көрдік біз салт-дәстүрден таймағанын.

Абысын-ажынымен тату әлі,

Өткен жоқ алдын кесіп қайнағаның.

Жатса да ертелі-кеш үйге адам кеп,

Күтетін соның бәрін «сыйлы адам» деп.

Қонақты құт келгендей қарсы алумен,

Ғұмыры дастарханын жинаған жоқ.

Ешкімге көрсеткен жоқ енжарлығын,


Сөзжұмбақ.

Бұл сөзжұмбақтың бас әріптерінен отбасыға байланысты керемет сөз шығады

  1. .... алды-ынтымақ

  2. Ас атасы

  3. Жақын адам.

  4. Қазақта есімді неге сүйеніп қояды?

  5. Жерде өсетін ақ ұлпа

  6. Жақсы қасиеттердің бірі

  7. Бес асылдың бірі



ы












н












т












ы












м












а












қ














1.ырыс

2.нан

3.туыс

4.ырым

5.мақта

6.адамгершілік

7.қанағат


«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

  9. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  11. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

12 Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)





Соңғы сайыс «Кім тапқыр деп аталады?

4 топ қатар бір-бірінің артына тұрып артында жапсырулы тұрған ақ қағазға берілген суретті салады.Соңындағы оқушыға дейін салып келеді.Ең соңындағы оқушы қандай сурет екенін табу керек.


1 топ: ағаш

2 топ: үй

3 топ: гүл

4 топ: күн


Осымен жеңген топ марапатталады.Қош сау болыңыздар!




















































































В.Комаров атындағы ЖОМ










Тақырыбы:

«Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең»

(ашық-тәрбие сағаты)





































6 «Ә» сынып жетекшісі: Исергенова Л.Ш.



2017-2018 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
3501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі