жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Ауылым -алтын бесігім" 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту.
Туған ауыл тарихымен таныстыру.
Туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.
Туған Онанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, ауыл туралы әндер, әуендер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Психологиялық дайындық
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық
Әке мен шешеміз
Сүйікті тым ыстық
Бәрінен Т Ы Н Ы Ш Т Ы Қ
Деген сөз тым ыстық
Жасасын әлемде
Достық пен тыныштық
Ауызша журнал
1-оқушы. Достар біз қандай әріпке ұқсадық О. О- осы әріптей жұбымыз жазылмасын.
2-оқушы. О-дыбысын естігенде алдымен ойымызға қай сөз түседі? (О- Отан)
Уа кімсің? - Қазақпын
Қайдан келесің? - Тәуелсіз бақытты елден келемін
Қайда барасың? - Нұрлы болашаққа
Туған жерің? - Кең байтақ тарих тұнған жер мекені
Отаның? - Тәуелсіз көп ұлтты қазақ елі
Елбасын? - Қазағымның Нұрсұлтаны
Мақтаның? - Желбіреген көк туым,
-Биік шырқар әнұран,
-Сырға тұнған елтанбам,
Мақсатың? - Қажет тілді меңгеру
1-оқушы. Сендер қандай баласыңдар?
Білім менен қаруланған
Бәсекеге талпынатын,
Болашаққа үміт артқан
Тәуелсіз елдің баласымыз.
Мұғалім. Ия балалар біз бақытты баламыз, тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Бұл күнде біз қайда тұрамыз?
Кең байтақ қазақ жерінде Кең жазира даласы бар
Егемен бейбіт өмірде Ақ сақалды данасы бар,
Қарағанды аймағында, Сырға тұнған тарихы бар
Ұлытаудың баурайында Біз ауылда тұрамыз
Мұғалім. Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды
Бұлдырасын өткен күн сағымдай боп,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы – деп ақын Мұқағали жырлағандай бүгінгі әдеп сағатымыз ауыл сөзімен байланысты «Ауылым- алтын бесігім» деп аталады. Бүгін бізге көмекші тірек сөз «Ауыл» сөзі болмақ.
Ауыл
Мұғалім. Ауыл әр адамның кең дүние есігін ашып, өмірге келген кіндік қанымен, маңдай тері тамған киелі мекен. Дүниенің ең құдіреттісі ана болса, ауыл – барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі осы- ауыл.
Негізгі кезең:
«Аулым- мекенім» туралы ән тыңдау, видео. Әннің мәтініне назар аудару. — Ән не туралы баяндалған?
Әннің әуеніне құлақ түріңдерші?
Сендерге қандай әсер берді?
Әрине, ауыл туралы сыр шертеді.
Ендеше ауыл туралы өз ойларыңды айтыңдаршы.
-Ауыл дегенде көз алдарыңа не елестейді? – деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?
Ол үшін екі топқа бөлінесіңдер орталық -1, орталық -2 топ құру арқылы постер құрасыңдар.
------------------------------
Ауыл
десе не елестейді
------------------------------
Пікірімізді толық жеткізейік.
-Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.
-Ауыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.
-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.
Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.
— Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.
Ендеше бүгінгі сабағымыз сол ауыл туралы болмақ.
Ассалаумағалейкум!
Уағалейкумассалам деп амандасып.
Мал жан аман ба? – деп қал сұрасып
Төрлет төрлет төрге шық, қонақ бол деп
Әрдайым жүрейікші амандасып.
«Ауылдың адамдары ай» әні орындалады видеосы көрсетіледі
Би Композиция Қазақ дастарханы
Ауыл дәмің ұсыну
Мұғалім. «Гүлденсе ауыл , гүлденеміз бәріміз» дегенгүлденген ауылымыздың өткеніне шолу жасап, «Ауыл- тарих» бөліміне кезек бере отырып «Тарихынды тани біл» айдарынан ауылымыздың ең үлкен қариясы 94 жастағы Рақымжан атамен сұхбатты тыңдайық. (Видео, Рақымжан ата сөзі). Атамыздың сөзін әрі қарай немересі Жандәулет жалғастырады. Алғаш ауылымызды колхоздандыру кезінде ұйымдастырған Байқадамыов Кенжебек атамен Бейкембаев Дүйсенбек аталар екен. Бұл екі кісі қызыл коммуна колхозын басқарған. 1957 жылы «Жыланды», «1 май», «Көкбұлақ», «Калиннин» колхоздарын қосып, совхоздандыру кезінде «Қаракеңгір» совхозы болып құрылған екен. Сол уақыттан бастап Бозтұмсық селолық советі жұмыс істеген. Ел аузында ертеректе суға қолдан бөгет жасаған. Ол тұмсыққа ұқсас болғандықтан Бозтұмсық атанған. Ауылымызды
Сейсебаев Рақымжан Бекетов Рүстем
Тоқболатов Есенғали Сарымбетов Есенгелді
Әділбаев Райымбек Бекетаев Әліпбек аталарымыз ауыл тарихына үлес қосқан екен. Біз аталарымызды мақтан тұтамыз.
Кейіннен осы уақытқа дейін ауылымыздыбасқарып келген аталар бұл күнде құрметті демалыста, кейбірі әлі де қызмет атқаруда
Ахметов Ораз Омаров Қуандық
Жакупов Әскербек Ахметбеков Абзал
Өткелбаев Ерлан Смайылов Маулен
Смағұлов Сарқыт Баймағамбетов Серік
сияқты аталардың еңбектерін айтуға болады.
Мұғалім: Міне осылай құылған ауылымыз еңбегі жанып, дами берді. Осы кезеңде жастық шағын ауылдың көркеюіне үлес қосқан «Ел үшін еңбек еткендер» көптеп саналады. (экранда тыл ардагерлерінің суреттері) Ауылымыздан шыққан екі мәрте социалистік «Еңбек ері» Нышанов Бәкен, «Еңбек қызыл ту орденді» Әбілдин Зейнолла аталардың еңбегі ерекше болды. Ендігі бөлім «Ауыл-еңбек» деп аталады.
1
-оқушы.
Мынау менің атам ғой деп мақтанамын
Тұлғасына қараймын толғанамын,
Бейнесінен көремін жас шағының
Ауылына еңбегін арнағаның.
М
ынау
менің атам Әбітаев Алтынбек сауда
саласында совхозда еңбек еткен.
2
-оқушы.
Ал, мынау менің Естай, Молдабек аталарым.
Көп жыл совхозда екеуіде жүргізуші
болып еңбек етті. Тыл ардагерлері болды.
3
-оқушы.
Мынау
менің Әбсалям және Барақ атам. Мен
атамынң баласымын екеуіде ауылға еңбек
еткен.
4
-оқушы.
Ал
менің Абдраш атам совхозда көп жыл
жылқышы болған.
5-оқушы. Менің Сейіткәрім атамда ауылға көп еңбек еткен.
6
-оқушы.
Ал
мен совхозда көп жылдар экономист болып
қызмет атқарған атамды мақтан етемін.
7
-оқушы.
Ақерке
менің де Шәмшібек атам елге белгілі
совхоз инженері болып көп жыл еңбек
еткенін білемін.
8-оқушы. Достар менің Әділбек атам К-700 жүргізушісі болған, ауылымыздың «әнші атасы» атанған қазір құрметті демалыста.
9-оқушы. Менің Дәріпбай атамда К-700 жүргізген.
1
0-
оқушы.
Менің Бекжан Феруза үшеуміздің атамыз
Сайлау атамызда совхозда еңбек еткен
,қазір құрметті демалыста .
1
1-оқушы.
Ал менің нағашы Амантай атамда көп жыл
бойы ауылымызда еңбек еткен қазір
зейнеткер.
12-оқушы. Ал мынау менің атам Сәтбек атам.
13-оқушы. Менде атамды айтып мақтана аламын. Атам Сайлауда көп жылдар совхозда ферма меңгерушісі болған.
14-оқушы.
Аталарымыз жас кезінен еңбек етіп
Бар өмірін мына біздерге арнап өтті.
Ұрпақтары бүгінде мақтан ғылып
Мақтаныш пен айтамыз біздер көпке.
Мұғалім. Келер бөлімді ауыл жырдесек. Экранда «Жырлаймын сені ауылым» Болашақта ауылды жырлайтында, жырға қосатында сендерсіңдер. «Айналдым елім» әні орындалады.
«Ауылым» әні әуені оналады.
1-оқушы.
Отаның отбасынан басталады
Бақытың деп білемін баспананы
Ауылыма теңгермеймін шын айтамын,
Жанымменен сүйсем-дағы Астананы.
2-оқушы.
Даланың сағынасын биік белін
Белестен асып түскен киіктерін,
Бір сәтке ойға алсаң туған жерді
Келеді көз алдына сүйікті елің.
3-оқушы.
Жанымды елжіреткен іңкәр далам ,
Даланың жабысы да тұлпар маған
Елімнің қажетіне жарасам деп
Күніне жүз ойланып мың толғанам
4-оқушы.
Ауылда жоқ болсада қарағайың
Ақ балтыр өспеседе бала қайың
Ауылдан алыс кетсем сағынамын
Талпынған анасына бала дайын
5-оқушы.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз
Қасиетті жер ана ауыл елді
Көркейтетін балалар біз боламыз.
6-оқушы.
Өзге жерден жесемде балдын балың
Қара суым өзіңсің сағынарым
Дүниеде саған тең жер барма екен?
Ол туған жер өзіңсің туған ауылым
7-оқушы.
Туған жерім айналам
Асыр салып ойнағам
Әрбір тасың киелі
Туған жерден айналам
8-оқушы.
Ауылды жырлар едім жырау болсам
Құлынтай қолға тұрар құрауласам
Дертіңнен жазылып –ақ кетесің-ау
Ауылдың топырағына бір аунсаң
9-оқушы.
Ауылым ырысы мол құт-мекенім
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін
Саяңда ойнап өсіп білім алып
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
10-оқушы.
Табындырған өзіңе бар адамды
Сағындырған дос бауыр жан анамды,
Бар еңбегім сен үшін туған ауыл
Арайлап атсын әрбір аппақ таңын
11-оқушы.
Өзің менің қуанышым бақытым,
Өзің менің керегімде тірегім
Туған аулым мен қашанда қарызбын,
Қабыл алған сәбидің ақ тілегің
12-оқушы.
Алыс кетсем ауылым аңсап жүремін,
Сағыңғанда өзіңдң аңсап жүремін
Туып өскен ауылым – Қаракеңгір
Мақтан тұтам өзіңді мақтап жүрем
13-оқушы.
Ауылымыз Қаракеңгір құт дарыған,
Өзіңе жете ме мынау барша ғалам
Өзімдей жас өрендер туып өскен
Айналдым киелі топырағыңнан
Хор «Қаракеңгір» вальсі
Мұғалім. Ауыл жайлы қанша айтсақта таусыла ма? Ендігі кезек «Ауыл-шежіре» деп атаймыз. Олай дейтініміз «Батыр туған ауыл» дейміз. Олай дейтініміз ол кім екен? Ол жайлы экраннан батырдың ұрпағының әңімесін тыңдайық. (видео, Ерден батыр туралы деректер, батыр ұрпақтары Серікбай, Жетпіс аталарға шолу) Серікбай сөзі тыңдалады экраннан.
М
ұғалім.
Ұлытаудың физикалық картасы, Қаракеңгірдің
жергілікті жер сызбасымен таныстыру.
Қаракеңгір өзеңі бойындағы елді –
мекендер Дүзен, Ерден, Алашахан, Жошыхан
ескерткіштерімен таныстыру.
1-оқушы. Мынау біздің Қаракеңгір өзені. Өзен бойында бірнеше шағын ауыл орналасқан. Кеңгір өзені Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасына құяды. Ауылымыз Қаракеңгірдің батысында үшжүздің басын қосқан киелі жер Ұлытау ауданы орналысқан. Ұлытау ауданымен ауылымыз күнделікті байланысты жұмыс істейді. Арақашықтығы 40 км. Ал Солтүстігінде Шеңбер 130 км., Терісаққан 240 км., совхоздарымен орналсқан. Ауылымыздың Шығыс жағында Егінді, Алғабас 40 км., Шұбаркөл 85 км., елді мекенде орналасқан. Оңтүстігінде Сарысу, Теңгеш өзенімен жалғасады.
Мұғалім. Енді мына жерде бейнені құрастыру тапсырмасын орындайық. Бөлім «ауыл мақтан» деп аталады. (Бүгінгі ауыл- ертеңгі болашақ) Оқушылар құрастырған бейне арқылы мәлімет береді.
1-оқушы. Әкімшілік суреті
Құрметті қонақтар! Сіздер Қаракеңгір ауылдық аймағының әкімшілік ғимаратын көріп отырсыздар. Ауылымыздың әкімі Төре Жалғас Сәулебекұлы. Бұл күнде әкім қызметін атқаруда. Әкімшілік қызметі халыққа әлеуметтік-көмек көрсету болып табылады.
2-оқушы. Мектеп суреті
Мектебім бар зәулім сарай мақтанардай,
Болашаққа армандарды нұсқағандай
Мақтан етем ауылымның ұстаздарын,
Бар өмірін шәкірттеріне арнағандай
«Білім кілті мектепте» бұл біздің мәуелі білім ошіғымыз. Жас ұрпақты қуанышқа бөлеген № 4 Қаракеңгір ЖОББМ, КММі мектеп басшысы Бейсенов Манарбек Молдабекұлы басқарады. Мектебімізде 110 оқушы, 29 мұғалім жұмыс істейді.
3-оқушы. Мәдениет үйі
Қаракенгір туған елім, туған жерім
Аспанында қалықтап ,ән тербеген.
Ешқандай жер жетпейді бңр өзіңе,
Адамдары ауылымның өнерлі келген,
«Өнер көзі халықта» деген бұл мәдениет үйі. Бұл мекемені Баймышов Қанат Төлеубекұлы басқарады. Мәдениет үйінде 14 адам жұмыс істейді.
4-оқушы. Менің құрастырған бейнемде аурухана суреті шықты. «Денсаулық-зор байлық» демекші Қаракеңгір елді мекенінде 1 аурухана жұмыс істейді. Оны Мұсабеков Жакуда Сабырұлы басқарады.
5-оқушы.
Ақ жүрек адамдары аңқылдаған
Заманауи өмірге алға ұмтылған
Мақтан болған ауылдас аға-апалар
Кәсіп ашып еңбекпен нәсіп тапқан
Ауылымызда «Айгерім», «Ақниет», «Аянат», «Айшолпан», «Айбибі» атты сауда орындары жұмыс істейді.
Ауылымыздың суы қандай бал татытған,
Біраз үйде су құбыры ол тартылған
Тіршілік қызған ауыл еңбекпенен,
Адамдары кеңпейіл тату тұрған.
Мұғалім. Сондай-ақ ауыл ән бөліміне кезек берейік. Ауылымызда әншілер көп екені белгілі. Олай болса «Әнге құмар ауыл» дей келе өз ата-аналарымыздың өнерін тамашаласақ. (Әжелер әні, Ата-әже дуеті, жеке дауыстағы әндер тыңдалады) Жергілікті сазгерлер Кеңгірім әні мен сөзі Жетпіс Кеңпейілов, Ақ қайнар әні мен сөзі Молдабек Бейсенов. Қаракеңгір әні мен сөзі ЖақсыбекБейжігітов туралы мағлұматпен таныстыру. Ән тыңдау арқылы тапсырма орындау. Келесі бөлім «Ауыл болашақ». Аулымы менің қиялымда болашақ ауыл бейнесін елестету менің арманым тақырыбында салған суретін қорғау, баяндау.
Мұғалім. Ал, енді біз туған жерімізге ауылымызға не айтамыз? «Ауылым мәңгі жасасын!»
6-оқушы. Қасиетті туған жер бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын. Қажырлықты, қайсарлықты, байсалдылықты, имандылықты шексіз даламанан үйрендім.
7-оқушы.Біздер жас ұрпақ қазақ елінің ертеңіміз. Мен елімнің туған ауылымның болашағы зор екеніне сенемін. Өйткені, біздің елімізде ауылымызда татулықта, байлықта, достықта бар.
8-оқушы. Адам асқақ арманына туған аулын, жерін, отаның сүйсе ғана ұол жеткізе алады.
9-оқушы.
Жайқалған шалғын қазына толы
Толассыз қарқын маңырап малы
Байлығы тасқан арманы асқан,
Бақытты менің ауылым.
10- оқушы. Туған жерде асыр салған біз ұланбыз өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар өнер десе ерінбейміз.
Хор «Туған жер» , «Атамекен».
Қорытындылау. Әдеп сағатының соңы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген