жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" 4 сынып
|
Тәрбие сағаты |
Мектеп:15 мектеп лицей |
|||
|
Ортақ тақырып: |
Мұғалімнің аты:Сауранбек Әйгерім Қамбарбекқызы |
|||
|
Күні: 11.02.2020ж |
|
|||
|
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысқандар:20 |
Қатыспағандар: |
||
|
Сабақ тақырыбы |
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» |
|||
|
Жалпы мақсаттар |
Денсаулықтың негізгі қимылы ,спорт,дұрыс тамақтану,таза ауада жүру керек екендігін балаларға түсіндіру,жаман әдеттерден сақтандыру. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өзін өзі күте білуге,тазалыққа , ұқыптылыққа,салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу |
|||
|
Пән аралық байланыс |
Денешынықтыру, дүниетану, музыка |
|
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Суреттер,нақыл сөздер Денсаулық жөніндегі даналық сөздер жазылған плакаттар, жағдаяттық сұрақтар, мақал-мәтелдер, слаидтар. |
|
||
|
Ынтымақтастық атмосфера |
Бір-біріне тілек айту |
Мұғалім оқушылармен бірге орындайды |
||
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Тақырыпты ашу, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету |
|
||
|
Мағынаны тану
Суреттер арқылы топқа бөлу. Кіріспе Ой қозғау «Кім жүйрік?» Шығармашылық тапсырма:
Сергіту сәті «Түсіп қалған әріптер».
Қорытынды |
Ал, балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын,барлығымыз тақтаға шығып,бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп,шаттық шеңберін құрайық.Мыны менің қолымдағы допты бір-бірімізге ұсынып,жақсы тілектер айтып,ашық тәрбие сағатымызды жақсы көңіл- күймен бастайық.
1-топ.Спорт тобы 2-топ. Тазалық тобы 3-топ. Дұрыс тамақтану Әр топ өзінің тақырыптарына сай өз ұрандарын айту.
1-топ спорт тобының ұраны: Шынықсаң шымыр боласың Сауығып айдай толасың, Спортты серік ете біл Салауатты сен боласың. 2-топ Тазалық тобының ұраны: Таза болып жүреміз Беті қолды біз жуып Ылғи ойнап,күлеміз Тап-таза болып жүреміз. 3-топ Дұрыс тамақтану тобының ұраны: Дәруменді көп жейміз, Ауыруды білмейміз Шынағамыз,ойнаймыз Дұрыс тамақ таңдаймыз. Ал,балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болмақ? Мазайка арқылы тақырыбымыз шығады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болсада өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы- бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды.
Есікті қағып,Жалқаубек келеді:
Сәлеметсіздерме! Сіздерде керемет сабақ болып жатқанын естіп,балалармен бірге тамақтың құпиясын білуге және балаларға тәтті сусын,сағыз,чипсы әкелдім.Міне сендерге әкелдім.
Мұғалім сөзі: Асықпа , Жалқаубек бізбен бірге отыр,қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз. Газды сусынның құрамында консерванттар ,бояғыш пен ароматизатор,иіс беретін заттар кіреді,олар асқазанға жағымсыз әсер етеді.Газды суды мөлшерден көп қолданса,тіс құртының пайда болуына себепкер болады.Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ. Ал чипсыйдың құрамында бірнеше зиянды заттар бар.Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді Ал кейбір балалар жақсы көретін сағыздың құрамында қант көп,соның әсерінен іші ауыруы шегінің қатып қалуы , абайсызда жұтып қоюы өте қауіпті. Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдарма?
Ал қандай тамақ пайдалы?
Денсаулық туралы видеороликті көрейік
Мына видеороликтен не түсіндік?
1-топ «Спорт тобы» Сахналау 3-топ «Тазалық»Тамақтанудың ережелері 2-топ «Дұрыс тамақтану»Мақалды жалғастыр Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар, Олар бар күш-жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап,күні-түні аянбай еңбек етуде. Олай болса сабағымызға мектебіміздің дәрігері Серкебаева Раушан апайымызды шақырайық. Денсаулық төңірегінде сұрақтарыңыз болса дәрігерге қоюларыңызға рұқсат. Салауатты өмір салты деген не? Денсаулық үшін пайдалы және зиянды заттар
«Сиқырлы қапшық» Ойынның шарты:Мына қапшықтың ішінде заттар бар,сол заттардың ішінен тазалық заттарын табу.
Берілген сөздерге әріптерді қою. Д…. і (дәрі) К..н …р…іб…. (күн тәртібі) ….ны…..у (шынығу) с….ау……т (салауат) Д…не ш….ық….ру (дене шынықтыру) ту…ку….ез (туберкулез) тұ……у (тұмау) д… ау…. қ (денсаулық) Г…и…на (гигиена) З…ян…ы з…т……р (зиянды заттар) Д….р…..ер (дәрігер) в…та..н (витамин)
«Кім тапқыр?» Д-Дәрі шөптен,ақыл көптен Е-Емнің алды еңбек Н-Негізгі байлық денсаулық С-Саулық байлық негізі А-Ас адамның арқауы У-Уланудан сақтан Л-Ластың досы шыбын
Ы-Ыдысы тазаның ырысы тазы
|
|||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген