400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты: "Азаттықтың ақ таңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты жалпы орта мектеп мұғалімдері мен арнайы мектеп-интернат тәрбиешілеріне көмегі орасан зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Азаттықтың ақ таңы».


Мақсаты:

1-жүргізуші:

  • 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан Желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату: оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.


Барысы:

2-жүргізуші:

«Нашақар» деп, «Ұлтшыл» деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн,

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қоған күн

Қырандар қуылып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.


1-жүргізуші:

  • Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты кешімізге қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

  • 16-желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.

Бұл қасіретті күні Қайрат, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күн еді.

1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Кампартиясы Орталық Комитетінің Бірінші міндетінен басталады. Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

Асығыс өткен пленум шешімі Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңіл толмаған халықтың жүрегіне наразылық ұшқыны лаулай түсті.


1-жүргізуші:

  • Осы аға-әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кейдеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.


Бекайдар:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атай салып,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.


Ардақ:

Желтоқсан – тағдырларға азалы күн

Қайраған намыстарын мазалы мұң

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қаралы анық есінде Қазағының.


Ақарыс:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жаппа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.


Балнұр:

Тарихым жатыр тасымда

Тіл қатып келер ғасырға

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында.


Дархан:

«Тәуелсіздік! Елім!» деген

Қанға бөккен жастар айтып үлгерді

17-де білім қуған жас ұрпақ

Күреспен сол келетінін білгенді

Желтоқсанның куәсі – оның шеруі,

Жастарымның әділ баға беруі.




2-жүргізуші:

  • Тергеуші Отырарды. Милиция айтады: «Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер!»

Милиционер Қайратты әкеледі.


Тергеуші:

  • Айыпкер Рысқұлбеков Севицкийді өлтірген сенсің мойында.


Қайрат:

  • Бұл деген қып-қызыл қиянат қой, мен ешкімді өлтіргенім жоқпын.


Тергеуші:

  • Мойында. Мойындасаң жазаң жеңілдейді. Маған 4000 сом ақша берсең мен саған көмектесемін.


Қайрат:

  • Ата-анама босқа ауыртпалық түсіргім келмейді.


Тергеуші:

  • Севицкийді өлтірдім демей қатыстым десең де болады.


Қайрат:

  • Мен істемегенімді неге істедім деймін? Бұл маған жабылған жала.


Тергеуші:

  • Ах, ты ...

Алып кетіңдер ойлансын, милиционерлер Қайратты ұрады. Қайрат хат жазып отыр: Хат оқылды.


Қайрат:

Әкетай – ау пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ай, біз секілді масылдар!

Айналайын қарындасым, қарағым

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы кешіп азап тартқан ағаңды

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?!

Айналайын інішегім, құлыным.

Сені ойласам үзіледі жұлыным!

Кетіп барам мен айдауға, құлыным ...


Тергеуші:

  • Айыпкерді алып келіңдер.

Ах ты декабрист, оказывается сені ұрып соғу аз екен, сені ату керек.

Ақтық сөзіңді айт, Севицкийді сен өлтірдің бе?


Қайрат:

  • Жоқ мен өлтірген жоқпын. Мен жазықсызбын.


Хатшы қыз:

  • Сот секілді. Орындарыңыздан тұрыңыздар!


Сот:

  • Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ КСРО Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жыл және 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылады.

  • Қылмыстық кодекстің 173 бабы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына, атуға кесілсін.


Қайрат:

Қазақ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдан жаным бар

«Еркек тоқты - құрбандық»,

«Атам» десең атыңдар.


1-жүргізуші:

  • Сөйтіп, КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен ату жазасы 20 жылға ауыстырылды. 21-ге қараған шағында тұтқындалып, Семей қаласының №21 камерасында 21 мамыр 1988 жылғы қапылыста дүниеден өткен соң Қайратты бес жыл өткен соң 1992 жылы 21 ақпанда ақтауы кездейсоқтық па?! Әлде 21 саны тағдыр жазуы ма?


2-жүргізуші:

  • Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы 9 желтоқсанда «Халық қаһарманы» атағын беру және «Алтын жұлдыз» тапсыру туралы қол қойылды.

  • Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін талай атаулы оқиғалар болды.


Ерасыл:

Тәуелсіздік бақытына оралып,

Елім жатыр шаттығына қуанып.

Желбірейді көкте туы әдемі,

Егемен ел бол дәуреннін өткеріп.


Бәйдібек:

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып тәу еткен жер.


Әтіркүл:

Елдің егемендік, теңдік алып

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қойнауы кеше толы Қазақ елі

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.


С.Айгерім:

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз

Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз.


Мәншүк:

Тәуелсіздік тірегім алмас үнді

Тәтті үміті халқымның сан ғасырлы

Көк байрақты кемеңгер кемел ойлы

Келбетіңнен көремін жалғасымды.


Толқын:

Қазақ елін – туған елді сүйемін

Туған елмен бірге жаным, сүйгенім

Үлкен өмір сырларынан ой түйіп

Намыс үшін өртенемін, күйемін.


Бағдат:

Болмақ емес көңілімде ой бөтен

Адал ойды қиялымда тербетем

Қазақпын деп әлемге жар салып

Асқақтаған армандарға жетем мен.


1-жүргізуші:

  • Желтоқсан оқиғасы – біздің тәуелсіздігімізді мойындатқан күн.


2-жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.


Ән: «Қазақстаным» Нұржігіт


1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы алыс

Егемендік – ел бақыты, ертеңі

О, халайық

Құтты болсын қуаныш.


2-жүргізуші:

Тәуелсіздік көркі ол да

Өркениет өрінде

Нұр төгеді елтаңба

Ақ орданың төрінде

Әнұраным – жанұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мың қайталанып айтам мұны.


1-жүргізуші:

  • Осымен «Азаттық ақ таңы» атты ашық сабағымыз аяқталды.

  • Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі