400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Бала құқығы-асыл қазына" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала құқығы жайында оқушылармен бірлесе өткізілген ашық тәрбие сағаты. Өзім секілді бастауыш сынып мұғалімдеріне керек дүние деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бала құқығы –асыл қазына»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, бала құқығы  туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға,  тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, 
адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе.

Біз қандай планетада өмір сүреміз?

Жер планетасы
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан
Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?

Қазақтар

Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қала?

Астана .Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді

Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.

Конвенция дегеніміз ол- бала құқығы туралы келісім шарт

Құқық деген -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Ол 98бапты біріктіріп,9бөлімнен тұрады.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

«Сандар сөйлейді.
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

2002 жылы 8-тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»заң қабылданды
«Біз неге құқылымыз?» 
Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
әркімнің өмір сүруге құқығы бар
Тегін ауруханада емделуге
Балабақшаға келуге
Тегін білім алуға
Демалуға
Еркін ойнауға
Еркін өз ойын толық жеткізуге
Өз тілінде сөйлеуге
-Балалар,ыңғайланып отырып болсақ ,менің қолымда сиқырлы алтын сандық бар.Ал,сендер, ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бұл «Туу туралы куәлік».Куәлікті таныстыру.

Жұмбақ
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек, Әйгерім
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)
Мерекең құтты болсын ұстаздарым, Ибрагим
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)
Еліме білім керек, ғылым керек, Мағжан
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)
Жақсы ел шығарып заң игілікті, Шапағат

Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)
Отан дейміз от жаққан жерімізді Қарақат
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Мадияр: Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
Бақдәулет: Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері – ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Гүлбану: Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле – жаладан
Ата Заң бұл ардақты
Рахат: Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін

ІІ.Ата Заңым-асыл қазынам.
Халықтың ақ тілегі Диас
Ізгіліктің бастауы
Ата заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Түзелегн өн бойында
Әділдіктің ақ жолын
Нұр боп жансын жолында
Самға біліп алда оны!
14-бап.Заң алдында жұрттың бәрі тең. Қ.Аружан
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйініш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз
13-бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін Аида
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап
Қызмет етер ел үшін.
2-бап.Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Б.Аружан
Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті
Ол- Нұрсұлтан Назарбаев

Ту ,Елтаңба,Әнұран және Астан жайында оқушылардың ізденісі
75-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ибрагим
Шыр етіп жерге түскенде
Жұтқаным ауа таза леп
Жер-Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет
5-бап.Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ! Қарақат
Шындығымның шырайы
Бақытымның күн, айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы

Көрініс.Асық ойнаған балалар.
12-бап.Біреудің атына кір келтіруге тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Ғұрпымыз бар ел сенген Диас
Дәстүрлері ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз ел сенген
Қорғар бәле –жаладан
Ата заң бұл ардақты!

Көрініс.
19-бап.Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар. Әйгерім
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
27-бап.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Мағжан
Тәртіпті егер болсаң сен,
Жақсы көрер ұстазың
Ата-анаңмен мектебің
Өнеге болар ұстамың.
29-бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Гүлбану
Ата заңым шаттығымды қорғайды
Пәктігімді қолдайды
Ар атынан айтқан соң
Денсаулықты ойлайды.
30-бап. Азаматтардың тегін, орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар. Аида
Кітапты алып қолыңа
Біліммен енді достастың
Жаз бойы күнде ойнаған
Алаңмен бүгін қоштастың
Еңбек ет еркін жүр деген
Асыр сап ойнап күл деген
Ата заңым менің
Қорғаған аспан күнімді
Қорғаған бостандығымды
Ата заңым менің!

Көрініс.Құқығым бар
24-бап.Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар. Рахат
Еңбексіз адам гүлдемес
Білімсіз адам түк емес
Еңбек пен білім ұштасса
Тынығарсың бір белес.

Бақдәулет 21-бап

Әйгерім 20-бап

Шапағат.4-бап

Мадияр. 10-бап
ІІІ. «Бәріміз бірге!» ойыны

1. Біздің мемлекет – ҚР.
2. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
3. Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
4. Елорда – Астана.
5. ҚР кім басқарады? – Президент.
6.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).

7.Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991ж

8. Астана қаласының бұрыңғы атауы?-Целиноград,Ақмола

9.Еліміздің төл мерекелерін ата-Тәуелсіздік күні,Конституция күні

10.Президент күнін ата.-1-желтоқсан

11.Адамға не қымбат?-өмір

12.Әр адамның жеке басын куәландыратын қандай құжат?- төл құжат

13.Соттар үкім шығарғанда неге бағынады?-заңға

14.Конституция күнін ата.-30тамыз.


«Тәртіп орнат» Сәйкестендіру
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік -------------------------------------- Г – Тәуелсіздік
ІV.Оқушы міндеттерімен таныс болайық.
Гүлбану
Оқушылар басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу олардың өмірімен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешеуге міндетті.
Мағжан
Мектеп сыныпта сабырлықты, тыныштықты сақтауға міндетті.
Әйгерім
Мектеп жарлығына сәйкес жағдайда мектеп қызметкерлері мен кезекші оқушылардың айтқанын орындау мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер қауіпсіздік техникасын және тазалықты сақтауға міндетті.
Ибрагим
Темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы сабырлы киімін таза ұстау өз-өзіне қарауға міндетті.
V. Ұлылырдан қалған асыл сөз
Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
(385-хадис Мұхаммед Пайғамбар)
Қазақ халқы ең-бейбіт халықтардың бірі (Ш. Уәлиханов)
Заң мемлекеттердің тоғыз қабат тор көзді сауыты
(Шерхан Мыртаза)
Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа жетеміз.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығы)

Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,он үштен ары сырласыңдай сыйла.
Балам бол басқа бол бәріңе заң біреу-ақ. (Жүсіп Баласағұн)

VI.Қорытынды Б.Момышұлы айтқандай, «Азамат жолы-ар жолы» ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болып өсе берейік.
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды.
Әнұранмен аяқтау

Иманов атындағы жалпы орта мектебі











Shape1





Тақырыбы: «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АСЫЛ ҚАЗЫНА»

Сыныбы: 4

Жетекшісі: Құдайбергенова.Э





20014-2015оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
6060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі