15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Балаңды аясаң - аяма"
Сабақтың тақырыбы: «Балаңды аясаң - аяма»
Сабақтың мақсаты: - Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік
беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту,
дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұхбат, ой-пікір алмасу, әңгімелеу, ойтолғау;
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, түрлі-түсті қағаз, слайд
Күтілетін нәтиже:
-
Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;
-
Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;
-
Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;
-
Еңбекті құрметтеуді үйренеді;
-
Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Ата-аналарға сұрақ қою.
3. Оқушылардың ой толғауы.
4.Үш сұрақ техникасы бойынша сұрақ қою.
5.Ата-аналарға сабақ басындағы сұрақты қайта
қою, пікірінің қаншалықты өзгергенін
анықтау.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі тағлымы зор «дөңгелек үстелге» жиналуымыздың мақсаты- 8 «А», «Б» сынып оқушылары және ата-аналарының арасында «Балаңды аясаң - аяма» деген тақырыпты талдау. Мақсатым - еңбек, адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде ешқандай университет, академия тәмамдамай-ақ ұрпағын жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатыпішер, арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолғанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақалдың негізінде тәрбиеленген.
-Еңбектің орны баланы тәрбиелеуде қаншалықты деңгейде деп
ойлайсыздар?
-«Бақыттың кілті- еңбекте» дегенді қалай түсінесіздер?
- Өзіңізді тәрбиелеген ата- анаңыз бен өзіңіз ұстанып отырған тәрбиеңізді салыстырып көріңізші. Қандай айырмашылықты байқар едіңіз? Неге айырмашылық жер мен көктей деңгейге жетті?
- Осы орайда біздер, ата-аналар, бала тәрбиелеуде осалдық танытып жүрген жоқпыз ба?
- Ғылымда «гипопротекция» деген ұғым бар, ол – баланы шектен тыс өбектеу деген түсінікті білдіреді. Олай болса, отбасыда сіздер аталған нәрсені қаншалықты орындап немесе орындамай жүрсіз?
-«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды қияды» деген аталы сөз ХХІ ғасырдағы бала тәрбиелеу ісінде қаншалықты құнды? Сіз қалай ойлайсыз?
Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін құнды. Бала тәрбиелеу ісінде бала екі тарапқа ортақ екенін ескерсек, оқушының пікірі де біз үшін құнды болмақ.
8«А» сынып оқушысы Өсербеава Қасиет «Дала мен қала баласы » тақырыбында ойтолғауын ұсынады. 8 «А» сынып оқушысы Бүркітбай Мөлдір «Жалқаулық» тақырыбында ойтолғауын ұсынады.
-
Дала мен қала тәрбиесіндегі екі баланың қайсысы өмірдегі қиындықты жеңеді деп ойлайсыңдар?
Қорыта келгенде, әрбір бала- әр үйдің үміті, арманы, қуанышы.Осы сөзді жадына берік түйген әрбір ата-ана мен бала тәрбиелеу ісінде тәрбиені ата-анадан кем бермейтін ұстаздар жадында ортақ проблеманы берік ұстауы керек. Ол – Бала. Баланы ағыннан шығармай, өмірге икемді етіп тәрбиелеп , алған білімін өмірде қолдана алатындай дәрежеге жеткізіп, ұлттық құндылықтарымызды замана көшіне ілестіре отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыра алсақ, сіз бен біздің ұлы мақсатымыздың орындалғаны деп түсінемін.
Қазір ата – ана мен ұстаздар арасында психологиялық «Құбыр» тренингін орындауға шақырамын.
Бұл тренинг сізге не берді? Қандай ой түйдіңіздер?
Алтын уақытарыңызды бөліп келегндеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін білдірген пікірлеріңіз құнды. Алдағы уақытта біріге тәрбие берсек, ұл-қыздарымыздың болашағы жарқын болады деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген