Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Бақытым да,байлығым да-денсаулық

Ашық тәрбие сағаты Бақытым да,байлығым да-денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1033
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Бaқытым дa, байлығым да денсаулықСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды зиянды әдеттерге негативті көзқарас қалыптастыру; Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру;Дамытушылық: Теoриялық білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша шешім қабылдауға, қорытынды шығаруға баулу; оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;Тәрбиелік: Оқушылардa өз денсаулығын қалыптастыра отырып, өз ісін қадағалауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;Сaбaқтың түрі: сайыс сабақӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмысКөрнекілігі: слайдтар, Вeнн диаграммасы, видеороликСабақтың барысы1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық (шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жүрек жылуын сыйлауы.)Армысың, асыл күн!Армысың, асыл жыр!Армысың, көк аспан!Армысың жан досым!Жылуыма жылу қос,Міне, менің қолым!Кіріспе сөз: Дeнсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.Ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізгіміз келеді.Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз “Бақытым да байлығым да – денсаулық” тақырыбында өтеді. Оқушыларда жастайынан денсаулығын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру, СӨС дегеннің не екені туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Темекі – денсаулық дұшпаны»атты сынып сағатын өткізуді жөн көрдім.СӨС дегеніміз – бұл өз денсаулығыңды сақтауға, нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы. Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің ой - өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жете алады.Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – СӨС, оны насихаттау мәселесі. СӨС – ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Ал зиянды әдеттер дегеніміз қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік.2. Сайыстың кезеңдеріңмен, шартымен таныстыру. Сыныпты екі топқа бөлу.I - бөлім. Топтың атын анықтау.II - бөлім.«Тәні саудың – жаны сау». Шарты: кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.1. 5/қызыл/ Темекі құрамындағы ең улы зат ?2. 5/жасыл/ Темекі қандай мүшелерге зиян келтіреді?3. 5/сары/ Темекі тарту қандай аурулардың себебі болып табылады?4. 5/көк/ Пассивті темекі тарту дегеніміз не?5./Темекінің шығу тарихы/III - бөлім. Жағдаят кезеңі.I – топқа тапсырма. Темекі тартып отырған адамды бықсып жатқан пешпен салыстырайық. Пеш түтіні тартпай, бықсып, түтіні бері шығып жатыр, одан шыққан түтін көзді ашытады, қақалтады, жөтелтеді, адамның жүрегі айниды. Мұндай жерде ұзақ отыру мүмкін емес. Ал, темекі тартатын адамның аузынан, мұрнынан түтін шығып жатыр. Өзің ойлан! Қорытынды шығар.II - топқа тапсырма. Біз бір тамақтан:- жиіркенсек- құсқымыз келсе- бас айналсаОл тағамға еш уақытта жақындамаймыз. Олай болса неге адамдар темекіге организмдерін зорлап көндіреді? Ойлан! Қорытынды шығар.IV - бөлім. "Достарыңды салауатты өмір салтына шақыр! ". Шарты: 1шумақ өлең құрау;V - бөлім. "Ой толғаныс "кезеңі.(Венн диаграммасы). Спортшы және шылымшы адамды салыстыру(екі топтың ойыншылары кезек - кезекпен 2 мин ішінде бағананы толтырады). Әр дұрыс жауапқа 1ұпай.VI – бөлім. "Ой қорыту"кезеңі. Темекінің зияны туралы видеоролик.Қорытынды. Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта алған мағлұматтар СӨС дәріптейтін, өркениетті, елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресе білетін, білімді тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін. Әрбір жаңа алған білімдеріңді келешекте тиімді пайдаланып, денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:Денім сау болсын десең - темекі тартпа!Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!Әнші болғың келсе - темекі тартпа!Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ