жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Бар әлемді бас идірген аналар" 5 сынып
Тақырыбы: Бар әлемді бас идірген аналар.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, қара жерге нәр беріп, табиғатқа жан беріп, өмірлерге мән беріп, аруларға сән беріп, жүректерге ән беріп келіп жеткен көктемнің алғашқы мерекесі, 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, арулармен ғана ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналар сіздерге арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін аналарға бағыштайды - дей келе ортаға 2-сынып
оқушыларын шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Мұғалім:
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?
Балалар: Ана! Ана! Ана!
- Иә, бұл әрине ана! Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз! Балаларыңыздың сіздерге деген құттықтау-ларын қабыл алыңыздар.
Сансызбай:
Сіздерден өскен бабалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар
Бекасыл:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Байтөре:
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Фараби:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Әннен маржан шашайық
Нұрасыл:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
Ақсәуле:
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Дулат:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап біздер де ән саламыз
Нүрила:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Ринат:
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Сансызбай
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
Ақсәуле:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
Бето:
Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Мейрамкүл апай ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймыз.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
Нұрасыл:
Клара апай басшылардың бірі ғой,
Басшылардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой!
Мұғалім: Құрметті қауым, бүгінгі тәрбие сабағымызды біз сәл ерекшелеу етіп өтсек па деген оймен аналарымыздың арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналарымыздың арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық. Енді мыны сурет қиындылары арқалы аналарымызды екі топқа бөліп алайық. Аналар суреттер арқылы «Қызғалдақ» және «Бәйшешек» болып екі топқа бөлінеді.
Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік. Сайыс шарттары.
1. Таныстыру .
2. Мақалды жалғастыр.
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік. (сұрақ-жауақ)
4. «Шешеге қарап-қыз өсер». қолөнер сайысы
5. Өнер сайысы. (ата - аналар өз өнерлерін көрсетеді)
Мұғалім:
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –
Әділқазылар:
-
_________________
-
_________________
-
_________________
Мұғалім: Әділқазыларды сайлап алдық. Енді сайысымызды бастамас бұрын,
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен
қырмызы қыздарымыздың құрметіне Өтеш Ақсәуленің орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар
Мұғалім:
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
Мұғалім:
Қос ішектің бірін тарт та,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра, - деп келесі кезекті Сансызбай балаларыңыз
бен Бекасыл балаларыңыздың орындауындағы «Домбыра» әніне берейік.
Мұғалім:
Тамызып мақал тіліңнен
Білімді болсаң жарарсың.
Жалғасын тапсаң мақалдың,
Жеңісті қолға аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Мұғалім:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса Дулат пен Ринатты қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдардың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Ананың тілі. Орындайтын: Дулат пенен Ринат.
Мұғалім: Келесі сайыс түрі. Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу (аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға арналған:
1. Сіздің үйіңізге қонақ келгелі жатыр. Сіздің қолыңыз тимей жатыр еді. Балаңыз үй тапсырмасының орындалуын сұрап мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтасыз ба?
2. Балаңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Балаңызға жиналысқа неге бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Бірақ күн кеш болып кеткен еді. Сіз не істейсіз?
4. Балаңызды абайсызда орынсыз ренжітіп алдыңыз. Сіз өзіңіздің кінәлі екеніңізді біліп тұрсыз. Не істейсіз?
5. Күнделікті үйдің күйбің тірлігімен жүріп, балаңыздың үй тапсырмасына қарай алмадыңыз. Балаңыз сабақтан нашар баға алып келді. Сіз не айтасыз?
6. Балаңыз математика сабағынан үйге берілген тапсырмасырмадан үнемі 5-тік баға алады. Бірақ тоқсандыққа 3 шығады. Оның себебін сіз жақсы білесіз. Балаңыздың тоқсандық бағасы жақсы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
Мұғалім:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар. Қарсы алыңыздар
алдарыңызда «Серілер» КВН командасы.
Мұғалім:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыздың қолөнер сайысына кезек берейік.
Ән: Ақ мамам. Орындайтын Ақсәуле, Нүрила.
Мұғалім:
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі. Марапаттау атаулары:
Мұғалім: Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз.
Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Байтөре балаларыңыз.
Мұғалім:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Жеңгелер үшін деп те ән шырқауда,
Сіздер үшін Нұрасылдың ән шашулары.
Нұрасыл балаларыңыздың орындауындағы «Жеңеше-ай» әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, деп аналарымызға арнаған азғана
сылығымызды қабыл алыңыздар. (Оқушылар аналарына арнап құттықтау қағаздары мен гүл шоқтарын сыйлайды).
Құрметті қонақтар, біздің «Бар әлемді бас идірген аналар» атты ашық тәрбие сағатымызға келіп, көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен сабағымыз
аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген