Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты :"Бастауышым-балбұлағым "- 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты бастауыш сыныпты бітірген оқушыларға 4 жылдық жасаған жұмыстарына,яғни мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап 4 сыныпқа дейінгі аралықтағы жетістіктерін көрсететін есеп беру тәрбие сағатын ұйымдастырушы сынып жетекшісіне керек.Мұнда ағылшын және орыс тілін үйренгендерін көрсету,әдебиет сабақтары мен математика сабақтарына үйренгендері қысқаша келтіріліп берілген.Осы тәрбие сағатым өз мектебімдегі әріптестерімнің жоғары бағалау пікіріне лайық болды.Сондықтан өзім сияқты сынып жетекшілеріне көмегі тиер деп осы сабақты жарияладым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Бастауышым - балбұлағым


Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткіз;Бастауышта алған білімдеріне есеп беру.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әсем безендіру: қанатты сөздер мен тақырып : «Шуағын төккен 4 жыл», шарлар, гүлдер.Оқушылардың жетістіктеріне слайдтар жасалады.Өлеңдерге дайындалған видео роликтер .


Сабақтың барысы:

І бөлім.Кіріспе сөз.Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас, біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныптан орта буынға өткелі тұр. (видео үзінді)

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «Ғ» сынып оқушыларын ортамызға! – деп бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді жеткен жетістіктеріне шолу жасай отырып шақырамыз!


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға таныстыра отырып шақырамыз.

Мұғалім және таныстырушы екі оқушы:



4 Ғ сыныбының сынып жетекшісі Байшымырова Рая Анарбекызы 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін қызыл дипломмен тамамдаған.2014 жылға дейін №83 жалпы орта мектепте бастауыш орыс сыныбында мұғалім болып өзге ұлт өкілдеріне білім берген.Сол кездерде өз ана тілінде қазақ балаларына білім беруді армандаған.2014 жылдың 1 қыркүйегінде №68 жалпы орта мектептен өз тіліндегі 1 сыныпты алуға шақырту түскен де қуашышында шек болмаған. Ия, біз 4 Ғ сынып оқушыларына Рая апаймен бірге болу бағы бұйырып тұр екен. Осы 4 жыл уақыт ішінде сынып оқушыларын көптеген жетістіктерге жетуге бар күшін салды.Сыныптың жетістіктерін айта кетейік:2014 жылы «Сыбдырлы сұлу,Алтын күз» мерекесі ІІІ орын,2015 жылы «Күз,келбетің көрікті!» байқауы ІІ орын, 2016 жылы Алтын күз мерекесінде ІІІ орын,100 кітап жобасы аясында «Ертегілер елінде » байқауында ІІІ орын алды ,бес оқушысы мадақтама алды,2016 жылы мектебімізде өткен облыстық семинарда «Тәуелсіздіктің 25 жылыдығына -25 тілек» атты тәрбие сағатын өтті,мектебімізде өткен ата-аналарға арналған семинарларға арнап «Отбасы және бала құқығы» тақырыбына ашық тәрбие сағатын өтті.

«Ақбота» олимпиадасына -7 оқушы, «Алтын ұрпақ» олимпиадасына – 7 оқушы , «Алтын қыран» олимпиадасына -3 оқушы, «Самұрық» олимпиадасына -5 оқушы ,Пони олимпиадасына - 3 оқушысы 4 жыл бойы тұрақты қатысты.Олардың ішінде бірнеше олимпиада жүлдегерлері болды.Олар 2016 жылы Сейдазимбек Даниял - ІІ орын , 2017 жылы Ердали Ахмет -Алтын ұрпақ- І орын , Абзал Әділет -2016 жылы Пони жүлдегері болды.2018 жылы «Ғарышкерлер көктемі » тәрбие сағаты үшін бірнеше оқушысы мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.


1.Сыныбымыздың ақын қызы бар ,кез –келген тақырыпқа дайын тұрар ұйқасы.

Тәкәппар ғана байсалды,

Жарасады өзіне байыппен қарап, екшелеп бәрін таразыға салғаны –деп 2018 жылғы Ақбота олимпиадасының ІІ орын , 2016 жылы «Күз ханшайымы» байқауының І орын иегері Гаухарды шақырымыз ортаға!


2.Сүйкімді ғана,жүрекке шырақ жағатын

Ұстазына ақыл қоса алатын,

Рая апайдың ойларын айтқызбай-ақ ұғатын,

Айерке біздің атына сай еркеміз

Еркелесе еркелесін, жарасымды оған барлығы -«Күз падишасы -2015» байқауында «Сүйкімді ару» номинациясы, «Ертегілер елінде»- ролге ене білгені үшін ІІІ орын алды.Сыныптағы мәнерлеп оқудың шебері.


3. Бар арманын Қазақстанмен байланыстырған,

Кішкене ғана жүрегі елім деп бүгін соғуды бастаған,

«Кәсіпкер болсам мен егер,Қазақстанды кезем де,

Бар байлықты бөлем де Қазақстанға берем де»- деп жырлаған

Енді бірде «» тереңнен ой қозғаған,елінің болашақ тірегі,мақтанышы болар

Ол кім? Ол біздің болашақ еркін күресші, футболист , бизнесмен,қазіргі оқу озаты,әншіміз -Аңсар!


4. Жымия күліп, Жансая, шыға келші ортаға!

Жанымызға нұр шашатын,қамқор болған да анамыздан кем түспейтін,

Апайымыз секілді математика десе ішер асын жерге қоятын

Математик - ол болашақ – ғаламат есептеулер жасап ,шығаратын жаңалық!



5. 42 әріптің жазылу қалпын сақтап

Дәптеріне түсірмейтін артық нүкте

Аспай ,саспай,тиянақты қарайтын өз ісіне

Айнымайтын байсалды бір қалпынан

Біздің Мәриям мақтанышы сыныптың.


6. Айнымайтын,жаңылмайтын бір ойдан

Біздің Асқар бес жасында таңдапты өзіне мамандық ,

«Өрт сөндіріп ,тілсіз жаудан қорғаймын,

Тілеймін баршаңызға амандық!»-деп жыр жазса,2017 жылы

мектепішілік ғылыми жоба байқауының І орын иегері болды,Шымкент қаласында өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер мен студенттер арасындағы ғылыми практикалық конференциясында жүйелі зерттеулер топтамасын ұсынғаны үшін ІІ орын алды, Астана қалалық «Болашақтың балалар» ғылыми жобалар байқауының ІІІ орын иегері атанды, «Ән көңілдің ажары» байқауы ІІІ орын, «Жаса,жайна ,Қазақстан» суреттер байқауында ІІІ орын алған.



7. Барлық пәннен жаңа берілген білімді бір айтқаннан памятына жазатын,

Қазақ тілдің ережесін көзді жұмып соғатын,

Математикадан тапсырманы үйге қалмағанша шешетін,

Болашаққа космонавт болып баратын Әділет

2016 жылы Астана қаласында өткен «Ұрпақ-» жобасының «Болашақтың балалары» –республикалық ғылыми жоба байқауының І орын иегері, Пони олимпиадасының барлық кезеңдердегі жеңімпазы.

Ахметпен екеуі қалмапты ғой қатыспаған бірде-бір олимпиада байқауы.


8. Өздігінен іздену оның нағыз хоббиі

Неше түрлі жаңалық,неше түрлі тарихтан ой қозғайтын жаңылмай

Ахметтен көреміз болашақ Қазақ профессорын!

Алтын ұрпақ,Алтын қыран,Ақбота,Самұрық ,Пони олимпиадаларының 2015,2016,2017,2018 жылдардағы тұрақты қатысушысы, Самұрық олимпиадасының 2016 жылғы І орын иегері, Ақбота олимпиадасының 2018 жылы ІІІ орын иегері,

Теңесетін кім бар екен Ахметтке!


.


9. Арманы асқақ, қиялы жүйрік ,болашақтың баласы

Әңгіме жазса тереңдерден қозғайтын,

Инженер –конструктор болып

достарын роботтармен қамтамасыз етуді бүгіннен бастап ойлайтын

Жандос міне орта да.


10. Мадияр біздің саз мектебінің дүлдүлі,

Қыл қаламмен сурет салады шиырып,

Өзі намысшыл,қалап тұрады аламан болса бәйгеден бірінші боп келгенді.


11. Облыстық спартакиадалардың еркін күрестен бірнеше дүркін жеңімпазы,мектебіміздің мақтанышы, сыныбымыздың әншісі,спортпен бірге құс асыраудың қыр сырын игеріп жүрген болашақ ел мақтанышы болам деген мақсаты бар Даниял шықшы ортаға! -2016 жылы Самұрық математика олимпиадасынан - ІІ орын алған, 2017 жылы «Біз таланттарды іздейміз» байқауында –ІІІ орын,2018 жылы «Ән көңілдің ажары» байқауы ІІІ орын алған.


12. Саламат біздің сабырлы да салмақты,

Апайымыздың ойынан шығар мақтанышы

Не айтса да салмақты ой тастар ,ақылы оның бәрімізден озық-ақ!


13. Біздің сыныптағы жеті қыздың бірігейі,сынып жетекшіміздің бар құжатының орнын түгелдей дерлік өз затындай білетін , кейбіреулер қызыға ,енді біреу қызғана қарайтын біздің апайдың жақсы көмекшісі ,болашақ математик, ешкімге ұқсамайтын Хадиджа !


14. Жайбірақат, асықпайтын ешқашан Қуаныш біздің қайда жүр?

4 жыл бойы Рая апай қамшылап оның намысын

«Сен бірінші болуға лайықсың!» -деп жатқаны.

Ал ол болса байсалды, салмақты қалпынан бір аумай жетті бүгін бізбен бірге бастауыштың соңына.


15. Үлгі етеді біздерге Рая апай ылғи Нұртасты,

Өз намысты, сабырлы,байсалды , даусын да оның естімейсің,

Сабағында оқитын

Болсаңшы осы Нұртастай!


16. Шапшаң жазу,шапшаң оқу - жарысы болса егер

Біздің Бекзат алар еді бас жүлде .

Өзі адал, өтірігі жоқ оның , болашақта болмақ екен қазақ тілі мен математиканы қатар меңгерген мұғалім!



17. Еске алдық біз бүгін Бекзат пен қоса Жалынның

Әліппені оқыған 1 інші сыныптағы кездерін,

Оқушы еді екеуі құшақтасып ,дауыстап,

Рая апай қарап тұратын риза болған кейіппен!


18. Өз салмақты, асықпайтын,әутеуір көштен қалмайтын Мақсат жақсы адам деп ұстазым ылғи мақтайды.


19. Сіз білесіз бе, біздің сыныпта пендеге зияны тимейтін,

Рая апай айтпақшы қыбырлаған жәндікті ренжітуді білмейтін

6 сабақтан соң біздің ұмытқан затымызды жинап орнына қоятын,

Біз үшін Айман апайға бар үстелді бір өзі көтеріп беруге дайын тұратын

Рая апайдың сабақтан соңғы серігі,

Адал досымыз бар.Ол кім? Ол біздің –Азамат!



20. Біреуге көмек керек болса , бірінші болып ұмтылатын,

Есеп шығарғанда алдына жан салмайтын, төрт амалға берілген кез-келген есепті көзін жұмып тұрып, жаңылмай орындайтын Сапарбайды таныстыру маған мәртебе!


21. Ақылды қыз Аружан , жайнаған гүлге ұқсаған,

Намысын қажап жіберсең Айға даяр ұшуға,

Кез келген іс тынады Аружанға ұсынсаң!

22. Момақан мінезінен бір айнымайтын , жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, үлгі алуға боларлық сыныптасымыз - Нұрдаулет !



23. Өзінше арман ,қиялға ерік беретін

Әртүрлі ойындар ойлап табудың шебері Банудай әдепті, жұмбақ қызымызбен танысыңыздар ендеше!-


24. Өзі балдырған бала болса да үлкен істерді атқарар, үлкендерше ой қозғап орын тапқан жүректен – Нұрислам бізге мақтаныш!


25.Біздің сыныптың соңғы айлардағы жаңа оқушысы , жақсы дос - Расул – міне орта да!

Мұғалім:

-Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, мәнерлеп оқу сайыстары ,патриоттық әндер сайыстары, әртүрлі олимпиадалар ,ғылыми жобалар ,әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген арта қалған 4 жылға есеп беріп, өз өнерлерімізді көрсетуге дайынбыз ба?

Оқушылар:Дайынбыз!

Оқушы: Ия, достар, бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге ,сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әр бір ұстаз өз бойындағы жақсы қасиеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

Оқушы: Уақыт озды, бізде есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсе білдік ,үйрендік.

Сұлулықты пен мейірімділікті жақсы көру, әдемі сөйлеу, кішіпейіл болу, жақсы мен жаманды ажырата білу, үлкенге ізет, кішіге қамқоршы бола білу – міне осы адамзат баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін - бәрін осы мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.


Оқушы: Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия тағы да басқа пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі, ағылшын пәндерін зер салып оқып үйрендік.


Оқушы (Саламат):

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадық.


Оқушы:

Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып, ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Рая апайдың тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.


Оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Әдебиеттік оқуды

Қазақ әдебиетімен жалғастырамыз.

Оқушы:Әдебиеттік оқу және орыс тілі пәндерінен ақын-жазушылардың шығармаларымен оқып таныстық,негізгі ойды анықтау,сахналау,өтілген тақырыптың ережелеріне байланысты мәтіннен керекті сөздерді табуды үйрендік. Халық ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларымен таныстық.Төле би ,Әйтеке би,Қазбек бидің шешендік сөздерімен таныстық.Ұлы адамдардың шығармаларын оқып қана қоймай ,олардың өмірімен,тарихтағы ерен ерліктерімен таныстық.Атап өтетін болсақ :Абай Құнанбаев,Шәкәрім Құдайбердіұлы,Мағжан Жұмабаев,Жүсіпбек Аймауытов,Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин,Сәбит Мұқанов,Мұхтар Әуезов,Мұқағали Мақатаев,Мұхтар Шаханов,Бауыржан Момышұлы және тағы басқалар.Бұл алған біліміміз келешекте тарих пәнін оқуға қызығушылығымызды оятты.Осының дәлелі ретінде жүрегімізден жол тапқан,Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып,оны қорғап,қастерлеуге,дамытуға ой салған бір-екі өлеңді оқып беруді жөн көрдік.

(оқушылар бір-бір жолдан оқиды :М.Мақатаев «Үш бақытым», «Отан », М.Шаханов «Төрт ана», Төлеген Айбергенов «Моя Республика»)


( «Моя Республика» Төлеген Айбергенов

Она велика:от Алтая до Каспия,

Она широка ,как народа душа.

Она же - Европа,Она же и Азия,

И волны Урала,

И плеск Иртыша.

Родная земля-

Молодая и древняя-

Пою о тебе

И тобою живу!

Есть все у тебя:

И леса,и озера,

И синие глуби

Натруженных рек,

Бескрайние степи,

Высокие горы,

И я – твой хозяин

И твой Человек! )

Оқушы : Мектеп қабырғасы бізге жазу мен сызуды ғана үйретпеді,болашақта өзіміз танысқан Ұлы адамдар секілді халықтың адамы болуға үйретті. Аталар өсиетіне сай ата-ананы құрметтейтін, жеті атасын білетін,Отанын сүйетін ,намысшыл азамат болуға да үйретті.

(Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан үзінді- видеоролик)

Оқушы:Сіздер тамашалаған көріністе үлкен мағына жатыр.Біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.Ендеше еліміздің болашағының жарқын болуына біз жауаптымыз.Елбасымызға ұқсаған білімді ұрпақ боламыз.Өйткені біз еліміздің болашағына жауаптымыз.Ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығы бізге өнеге!

Оқушы:

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика екен ғой.Сандарды жазу ,санау ,салыстыру,арифметикалық амалдарды орындау және олар қасиеттері ,геометриялық пішіндер және олардың қасиеттері ,бәрін,бәрін оқып үйрендік.Адамның күнделікті тұрмыс тіршілігі математикаға толы есептеулер екенін түсіндік.

Оқушы:

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы – дей отырып дүниетану мен ағылшын пәнінен алған білімдерімізді былайша ұштастырып көрсетуді жөн көрдік.Ал ендеше,елімізге келген қонақтарға немесе болашақта өзіміз шет елге шықсақ елімізді қысқаша былай таныстырған болар едік:

(Ағылшын тіліннен үйренгендеріне есеп беру жүреді:Екі оқушы бірі -қазақша,екіншісі -орысша картадан көрсете отырып таныстырады.)

Екі тілде айтылатын сөздер:

- Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты жетпейтін ұлан ғайыр кең өлке.Бес мемлекетпен шекаралас.Ол солтүстігінде Ресеймен,шығысында Қытай халық республикасымен,оңтүстігінді Қырғыз,Өзбек,Түркмен елімен шектеседі.Батыста Каспий теңізімен,оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.Республикамыздың жері 2 724,9 мың км2 аумақты алып жатыр. Жалпы кұрамы жөнінен көп ұлтты мемлекет,ал халықының саны 18 млн.Бас қаласы –Астана.Ел басы –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Менің елімде елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мынадай 6 басымдылық бойынша жұмыс жасап жатыр: Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық » жобасы, «Туған жер » бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы

100 жаңа есім».Біз осындай алып, қойнауы кен байлыққа толы,халқы дархан , көптеген ұлыстарға құшағынан орын тапқан дербес мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды мақтанышпен айта аламыз.

ІІ бөлім.

Мұғалім:-Ия, балалар, біз 4 жыл бойы алған біліміміздің жалпы мазмұнымен таныстырып шықтық.Енді тәрбие сағатымыздың екінші бөлімінде ән айтып, би билеумен қатар өлеңді мәнерлеп оқуға үйренгенімізді тағы бір қырынан көрсетейікші.


Оқушы: Ия, бүгін біз сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш мектебімізге, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтуға жиналдық. Ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Оқушы: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ,Айерке?

Айерке: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Оқушы: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!


... – оқушы:

Есімде, ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

... – оқушы:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4-інші «Ғ» сыныбым.

Түстей болып міне бүгін артта қалдың.

Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым

Алфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

Ән : «Ұстазым менің,қамқоршым менің ,

Баулыған мені өнерге,

Жүрегің дархан,

Өзіңнің арқаң

Биікке жетсем бұл күнде» (Айерке,Гаухар,Аңсар,Ахмет)


Оқушы:Ия, Асқар барлығымыз өзіміздің ұстазымыз жайлы жырладық. Ал сен білесіңбе? Ұстаздардың ұстазы ең алғаш әліппені кім жазған?

Асқар: Әрине білем. Ол Ыбырай Алтынсарин атамыз ғой.

Ұстаздың тұңғышы да зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе

Болашақ етер аңыз сені көпке

Ыбырай Алтынсарин деген шақта

Бар бала қолын көтереді көкке.


7 – оқушы:

Байсалды мінезіңмен бірқалыпты

Меніңде көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттіңдер әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады.

Деуші едің біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

8 – оқушы:

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті.

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.-деп ата-аналарымызбен бірге ұстаздар қауымына арнап бір ән шырқап көрейік.



Ән: «Ұстазым» (Сапарбай,Айерке,Мәриям, хор)

(Ұстазым,менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып.

Ұстазым менің ұстазым.)

...– оқушы:

Есігіңді ашқан балаңа

Құшақ жайдың мектебім сен қуана

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба?

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.


Оқушы:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Домбырамен күй (Мадияр)

Ән : «Туған ел » (Менің атым Қожа фильміндегі ән)

(Туған жердің бөбегіміз,

Туған жердің өлеңіміз,

Өмірге еркелеп,көңілді өлкеде,

Қараймыз туған күнге туған ел )


Оқушы: Осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !


... - оқушы:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

19 - оқушы:

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

20 - оқушы:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.-деп кезекті биге берейік.


Би : Серік Ибрагимовтің «Класстастарым» әніне қойылған көңілді би.


Оқушы: Біз бір нәрсені айтпадық .Тапшы не екенін.

Оқушы:Сенің не айтпақ болғаныңды мен білемін.Ата-анамыз туралы айтатын уақытта жетті.Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Әр ата-ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.

Оқушы: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.

Оқушы:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Оқушы:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Оқушы:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Мұғалім: Отанға,мектепке,ата-анаға,ұстазға арнап біз айтатын жыр мен ән ,алғыс пен ризашылық таусылмас.Бүгінгі сабағымыздың соңын орыс тілінен оқыған Валентин Петрович Катаевтің «Цветик-семицветик» ертегісінің желісімен қортындыласақ қайтеді? Гүл күлтелеріне өз арман-тілегімізді жазып орыс қызы Женяға ұқсас Мәриямның көмегімен тілек тілеп көрейік !Ал болса сол армандарымыздың орындалып,болашағымыздың жарқын болуына көмектессін.

(Орыс тілінен үйренгендеріне есеп беру болады :алдын ала Женяның айтуында ролик түсіріп қоямын.

Лети,лети ,лепесток,

Через запад на восток,

Через север,через юг.

Буд по моему вели ! Исполняй желаний моих друзей !)


Сабақтың қортындысына хормен ән орындалады:

«Отаным» Сөзі:Дихан Әбілевтікі, әні:Латиф Хамидидікі

(Туған жер-алтын таң,

Кең далам,таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз

Бақытты Ұлы Отан!

Отан!Ұлы Отан)


Оқушы: сабағымызды бүгінгі мерекеге арналған Асқардың тарту әнімен аяқтайық «Қазақстаным!»

Оқушы: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

(Ата-аналарға және қонақ ұстаздарға сөз беріледі.)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12