жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты "Бауыржан Момышұлы ерліктері" 8сынып
Күні:17.02.2020 |
Мектеп:№129ЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні: Г.Дүйсенбиева
|
|||
Сынып: 8 «В» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||
Тәрбие сағатының тақырыбы |
Б.Момышұлы ерліктері |
|||
Тәрбие сағатының мақсаты |
|
|||
Құндылықтар |
Мәңгілік ел , ұлттық құндылықтарды насихаттау. Отан, ерлік, жеңіс туралы дәріптеу |
|||
АКТ дағдысын қолдану |
Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланатын уақыт |
|
Дереккөздер |
||
Сабақтың басы
3 мин
5 мин
|
Шаттық шеңберін құру -Сәлемдесу - Бір-біріне күлімдей қарау -Топқа бірігу Ерлік, бірлік, бейбітшілік, шаттық
Мұғалім: Кіріспе сөз Бейбіт өмір! Осынау сөздің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жер тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр. Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек. Соғыс бейнекөрініс Қай соғысты алып қарасақ та қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі де бірегейі батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген, соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери Академияны бітіріп, әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлы аталарың еді. |
|
||
Сабақтың ортасы
5 мин
18мин
2 мин
3мин
|
Сынып, сап түзе! 1 оқушы: 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. 2 оқушы: Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті 3 оқушы: Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. 4оқушы:1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Карпов басқарған 1073 - полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. 5оқушы: Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қамылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. 6 оқушы: Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталармен байланысты үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. 7оқушы: Батальонның алдында жүретін 15 адамнан құралған барлаушы қойып взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірнің ізімен бірін жүргізе жүргізуді ұйғарды. 8 оқушы: Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. 9 оқушы: Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырады. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. 10 оқушы: Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды 11 оқушы: Иван Василевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп, «Жарайсың сұңқарым» деп арқасынан қақты. 12оқушы: Кеңес әскерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. 13 оқушы: Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамамен аман-есен дивизиясына қосылды 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. Топтық жұмыс
Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысын салыстыру
Сергіту сәті 1 шумақ өлең оқу Бейнекөрініс «Б.Момышұлының өз даусы» «Хат алмасу» әдісі «Соғыс», «Ерлік», «Бейбітшілік», «Тәуелсіздік» |
|
||
Сабақтың соңы
2мин
2мин Кері байланыс.
|
Мұғалім Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Отанды қорғау отанға деген патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсеткен ерлеріміз жеңіс шежіресіне алтын әріппен жазылып, жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмнің үлгісі болып қала береді. Қазақ халқының бұл ерлігі ұрпаққа ұран, елге мұра болмақ. «Жойылсын соғыс!»әні Топқа бөлінген гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. «Бүгінгі күнге тілек» оқушылар тілектерін стикерге жазып білім ағашына жазып кетеді |
|
||
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: С.Р.Мұстафаева
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: С.Т.Усманова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген