жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық тәрбие сағаты: "Бейбітшілік кодексін құру"
Тақырыбы: «Бейбітшілік кодексін құру»
Мақсаты:
Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу.
Сабақтың міндеттері:
Әр оқушының ой-пікірін тыңдай отырып, талдау жасау.
Дискуссиялық тақырыптардың, сұрақтардың мәнін ашу.
Оқушылардың бейбітшілік тақырыбына арнаған шығармашылық жұмысын тыңдау.
Көрнекілігі: Ұран сөздер, кітаптар, суреттер.
Барысы:
«Бейбітшілік», «бейбіт өмір» деген сөздің мәні неде, қандай ұғымдар?
Әлем бейбітшілігі жолында күресу дегенді қалай түсінесің?
Менің бейбітшілікке қосар үлесім қандай?
Бейбітшілік кезеңіндегі бейбітшіліктің сақталмауы.
Оқушылар бейбітшілікті қолдай ма?
«Рухы – ер,
Тәні – бекем,
Тірліктен де артық көрген бірлікті
Бұл бір қайсар халық екен», - деп ақын жырларында айтылғандай, қазақ халқы, қазақ ұрпағы – бірлік пен бейбітшілік туын биік көтерген халықпыз.
Бейбітшілік – адамзат ғұмырының мәнді де сәнді кезеңі.
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімзді танытар Елтаңбамыз қабылданды.
Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қанат қаққан қыран тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек қай елдікі екенін аңғартады. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір мата. Күн – шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап тұмардай сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз. Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтың айналасында күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
Адамзаттың, мемлекеттердің тұтастай даму тарихына үңілер болсақ, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрестің толассыз жүргізілетінін байқаймыз. Тіпті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма жыл толады. Бұл бір қарағанда тым азғантай мерзім. Алайда, осы жиырма жылда Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикасы дамыды, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді. Қазіргі Қазақстанда тұратын жүзден астам этностың бағдырын қазақ тағдырынан бөле-жара қарамай, барлығын бір ананың баласындай бауырға тарту нәтижесінде еліміз ішік-сыртқы саясатта үлкен беделге ие болды. Жас мемелекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Ана тілімізге деген құрмет Ата Заңымыздан бастау алды.
Бастаушы; Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген ұстанымды бүгінде біздің жолбасшымызға айналып отыр. Сонау 90-шы жылдардағы күйреп қалған шаруашылықтар, босап қалған дүкен сөрелері, елді жайлаған жоқшылық пен қымбатшылық аз уақытта ескеріліп, халықтың тұрмысы оңалды, экономикадағы өрлеу елдің әл-ауқатын арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекеттік меншікте, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік шаруашылықтарда ғана жұмыс істеп үйренген халық жаңа жұмысқа баулынды, кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалды, «жекеменшік» деген ұғым қалыптастырылды, адамдардың жаңадан өмір сүруіне қолдау көрсетілді. Сол жылдардағы ел басына түскен қиындықтарды, кедергілерді, тапшылықтарды санап тауыса алмайсыз. 1993 жылдың 12 қарашасында төл теңгеміздің дүниеге келуінің өзі бізді болашаққа бастайтын батыл қадам еді. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздеріміздің бекітілуі, шекарамыздың айқындалуы – осының бәрі тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет құндылықтар болатын.
Бастаушы: «Тәуелсіздік бізге не берді?» деген кезде, жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орын алатын Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алғанын айтар едім. Жаңадан салынған елордамыз – Астанамыз бар. Астана қаласының салынуы республикамыздың әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына, ұлттық қауіпсіздігіміздің нығаюына үлкен үлесін қосты. Есілдің жағасындағы ару қала тарихи маңызды оқиғалардың ордасына айналды. Астанада ХХІ ғасырдағы ЕҚЫҰ-ның тұңғыш Самиті өтті. Қысқы Азиада-2011 спорт сайыстарының салтанаты да Астананың мәртебесін, қазақстандықтардың рухын көтерді.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда қазақтардың саны 40 пайыз ғана болды. Яғни, біз өз мемлекетімізде тұрып, өсім жағынан азшылық жағдайда қалып келдік. Оның әртүрлі себептері болғанын білеміз. Дегенмен, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін ондағы негізгі ұлт, мемлекет құаушы ұлт сан жағынан басым болуға тиісті еді. Бұл бағытта да жүргізілген оңтайлы көші-қон, демографиялық саясат тәуелсіздік жылдары қазақтардың санын 6,5 миллионнан 10,3 миллионға жеткізді. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы қазақтардың саны 63,6 пайыз болды, яғни 20 жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының саны 3,8 млн. адамға көбейді.
Бастаушы:
Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған.
Бөлініп қонған қазақты
Кімдер де кімдер шаппаған?!
Оқушылар:
Қазақ даласы – кең, байтақ, жазира. Көз алартқан жаудың, қиығын салған көздің құртына айналған. Бірақ еліміз бейбіт өмірді, тыныштықты қалаған.
Қазақ халқы ұрпағының санасына ең алдымен татулықты, туыстықты, бірлікті қалыптастырған.
Қазақта, тіпті «көршіңмен де тату бол» деген сөз бар. Оның өзі бейбіт тұруды, тыныш өмірді қалағанлықтан айтылған.
Бастаушы:
Бағынып бірақ қалмаған,
Тәуелсіз қайран жан далам!
Жер бар ма жалпақ төсінде
Қасірет жақсы тамбаған?!
Оқушылар:
Кең даламыз – талай төгілген қанның, аққан жастың куәсі.
Қасіретті соғыстар қанша шаңырақты ортасына түсіріп, қанша отты өшірді.
Семей полигоны – сынақ Ордасы. 1949 жылдан бастап қазақ халқы ядролық қарудың қылышының астына түсті. Сандаған тағдырлар сұм саясаттың құрбанына айналды.
1990 жылдың 22 мамырында ғана «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» қаулы қабылданды.
Бастаушы:
Жауына қатты қасарған,
Қасарған сайын жасарған.
Найзамен
Нағыз қазақтың
Намысын кімдер баса алған?!
Оқушылар:
Ұрпағының бейбіт өмірі, тәтті ұйқысын бұзған ХХ ғасырдың атомдық-ядролық қарулар саясатына адамзат қарсылық айтуда, күресу жолында.
Халық бейбіт өмір үшін күреседі. Соғыс, террорлық әрекет – біздер үшін жат, сорақы іс.
Ирак – Америка арасында өткен соғыс зардабынан қаншама жанұя зардап шекті. Қалалар, тарихи ғимараттар қирады.
Еліміз егемендік алып, әлемге танылу кезеңінде бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің біріге отырып, ұлт, ұрпақ санасында берік орын алуы қажет.
ІІ. Әр оқушы бейбітшілік, бірлік, татулық жайлы мақал-мәтелдер, өлең жолдарын оқиды. Әрі өздерінің шығармашылығынан үзінділерді жатқа айтады.
Бастаушы:
Сендердікі – өмір, қоғам, заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын Адамға.
Бәріміз де бейбітшілікті қорғайық, қолдайық!
Сонда ғана сәнді өмір, мәнді тірлік болады.
Топтың біріге отырып орындауында «Ақ көгершін» әні.
Қорытынды:
Ұрпақ бейбітшіліккеүн қосады.
Оқушылар бейбітшілікті қолдайды!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген