400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Биік сенің мәртебең, дархан елім" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 13.10.2016 ж


Сабақтың тақырыбы: Биік сенің мәртебең, дархан елім!


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойында отанға және туған елге

деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін

қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың Отаншылдық сезімі мен тұрақты

моральдық мінез- құлықтарының беки түсуіне ықпал

ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайдты альбом (интерактивті

тақтаны пайдалана отырып), тірек-сызбалар.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасып, назарларын сабаққа аудару.

Қ.Р.Гимн орындату.

Шаттық шеңбері.

Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды көрген қандай жақсы.Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз де бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік.

ІІ. Негізгі бөлім.

Балалар бүгінгі біздің «Биік сенің мәртебең, дархан елім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

- Оқушылар, «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?


DrawObject1














- Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16- желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.


DrawObject2















Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілін білу, қастерлеу – парызымыз. 1989 жылы 22 қыркүйек күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Тіл туралы» заң қабылдап, еліміздегі мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі бекітілді.

Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 16 жастан бастап еліміздің төлқұжатын ала алады. Осыған байланысты 1995 жылы 27 ақпанда төлқұжат туралы заң күшіне енді.

Төл теңгеміз 1993жылдың 15 қарашасында Республикамызда ұлттық валюта ретінде бекітілді.

Сонымен бірге Ата Заңымыз бойынша Ел рәміздерін құрметтеуге, Отанымыздың табиғатын қорғауға, Отанымыздың білімді азаматы болуға міндеттіміз. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл болып отыр. Еліміздің тарихын біліп, құрметтей біліңдер. Жақсы оқып, Тәуелсіз Қазақстанды көркейтуге үлес қосайық балалар.

Біздің жеке ұлт екенімізді білдіретін ұлттық белгілеріміз яғни рәміздерімізден бөлек рухани құндылықтарымызда бар.Солардың бірі мақал – мәтел. Қазақ елі мақал – мәтелге өте бай. Туған елге,жерге, отанға арналған мақалдар баршылық.Мен дәл қазір сендердің мақал – мәтелді қаншалықты білетіндеріңді тексергім келіп тұр.Оны біз бір – бірімізге қоңырау шалу арқылы жүзеге асырамыз.


2. Мақал – мәтелдер.


  • Ел қадірін көрген біледі,
    Жер қадірін жүрген біледі.

  • Адам елінде көгерер,
    қоға көлінде көгерер.

  • Бөтен жердің гүлінен
    Туған жердің тікені артық.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Елінен безген оңбайды,
    Көлінен безген қонбайды.

  • Ел болам десең, бесігіңді түзе.

  • Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Балалар жаңа өздерің айтып кеттіңдер «туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» - деп , ендеше осы мақалдың шындығына көз жеткізу үшін келесі көрінісімізді тамашалайық.


3.Сахналау.

Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз? Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп – өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен. Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде? Атасы: Ол – менің ата – бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек. Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз? Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін. Немересі: Түсіндім ата сіздің сөздеріңіздің арқасында туған жерге деген құрметім арта түскендей.

Түйіндеме Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Жер шарының қай кіндігінде, қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу.

Тәрбиеші: Балалар тамашалаған көрінісіміз сендерге жақсы ой тастады деп ойлаймын. Енді ойымызды жинақтап мында көрсетілген дәйексөздердің мағынасын ашып көрейік.


4. Дәйексөз
Оқушыларға дәйексөздің мағынасын ашып және түсіндіру.

Алтын ұяң - отан қымбат.
Туып - өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Қазыбек би.

Ұлтарақтай болса да

ата қоныс — жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

туып-өскен ел қымбат.


5.Сергіту сәті.






6.Жұппен жұмыс.


Балалар мен қазір сендердің шығармашылық қабілеттеріңді байқағым келіп тұр.Қазір жұптасып жұмыс жасаймыз. Сендерді үш жұпқа бөлемін. 1ші жұпқа – ақындар

2 ші жұпқа – жазушылар

3 ші жұпқа – суретшілер деп атау бергім келіп тұр. Ақындар туған жер туралы бір шумақ өлең жазады. Жазушылар эссе жазады. Суретшілер сурет салады.


Қорытынды:

Балалар барлығымыз ортаға шеңбер болып тұрайық. Біз өзімздің еліміз жайлы біраз мәліметтер алдық. Мен жіптің бір ұшын кімге берем сол оқушы ҚР жайлы білетін мәліметін 1 сөзбен жеткізеді. Балалар байқадыңдар ма? Бір жіп біздің барлығымызды байланыстырып тұр. Дәл осы сияқты ҚР-да баршамыздың басымызды қосқан үлкен шаңырақ. Біз бұл шаңырақты дәл қазіргідей бірлікте тұрсақ қана сақтап қала аламыз. Сондықтан барлығымыз ынтымақты болып, жақсы білім алып, болашағымыздың жарқын болуына өз үлесімізді қосайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі