Тақырыбы: Білімді мыңды
жығар.
Мақсаты: Оқушылардың білім-білік
дағдыларын байқау. Өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң
ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Білімге деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,
слайд
Сабақтың
барысы:
-
Қызығушылығын
ояту.
Қанаттанып,
талаптанып,
Биіктерге
самғаймыз.
Қыран құстай қанат
қағып,
Асуларды
шарлаймыз.
- Армысыздар оқушылар!
Еліміздің ертеңі , халқымыздың болашағы сендерсіңдер.Сендер тек
білімдеріңмен еліміздің даңқын арттыра аласыңдар. Бүгінгі өткізгелі
отырған интеллектуалдық ойынымыз сендердің ой-өрістеріңді кеңейтіп,
есте сақтау қабілеттеріңді шыңдап, білімге қызығушылықтарыңды
арттырады.
Топтарды
таныстыру.
1-топ. 2-топ
3-топ
Қыран Қарлығаш
Аққу
«Қазақ осы әні» Жаңабай
Шынардың орындауында.
Сайысымыз 4 кезеңнен
тұрады:
1-кезең: «Кім
жылдам?»
2-кезең: «Ойлан
тап!»
3-кезең: «Ғажайып
сурет.»
4-кезең: «Жұбын
тап!»
-
Мағынаны
тану:
Мұғалім: Білмеймін деп
қысылма,
Талабың болса
бойыңда.
Өнерлінің
ырысы,
Жарқырап жатыр
бойында.
1-кезең: «Кім
жылдам?»
1). Сиырдың төлін қалай
атайды?
2). Жұлдыздар қай кезде пайда
болады?
3). Үй жануарларын
ата.
4). Қызанақтың түсі
қандай?
5). Балық қайда
болады?
6). Жыл мезгілдерін
ата.
7). Т қандай
дыбыс?
8). Жапырақ қай кезде
сарғаяды?
9).Тудың түсі
қандай?
10). Қ.Р. Президенті
кім?
11). Жемістерді
ата.
12). Қыстың көркі
не?
13). Ә қандай
дыбыс?
«Бәйге биі» Ұлдар
тобы.
2-кезең: «Ойлан
тап!»
-
Бетін адам
ашады,
Білім нұрын шашады.
(кітап)
-
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын
шашады.(күн)
-
Күндіз бәрі
қашады,
Түнде аспанды
басады.(жұлдыз)
-
Сырт-сырт
соғады,
Уақыт озады.
(сағат)
-
Жеміс-жидек
жегенім
Балды жақсы
көремін. (аю)
-
Үстім
жолақ
-
Тісім
орақ
Күшім
мол-ақ,
Барып тұрған
қайсармын.
Өзің айтшы, қайсы аңмын.
(жолбарыс)
-
Өзімнен өзгенің бәрін көрем.
(көз)
-
Тақтаны досым
дейді,
Өзін сол досы жейді.
(бор)
10) Табанында жолы
бар,
Төбесінде қолы бар.
(трамвай)
3-кезең: «Ғажайып
сурет» (бұл бөлімде оқушылар өз
беттерімен сурет салады)
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік.
Бұл кезеңде ғажайыпқа
берелік.
Арамызда тапқыр достар көп
екен.
Соларды енді жарыстырып
көрелік- деп оқушыларға сурет салдыру.
4-кезең: «Жұбын
тап!» (берілген 2 бағандағы сөздерді
сәйкестендіреді).
Алыс
қара
Жоғары
сары
Ақ
жақын
Сап
төмен
Жылқы
боздайды
Қой
ақырады
Түйе
кісінейді
Арыстан
маңырайды
-
Ой
толғаныс.
( Жиналған ұпайлары бойынша
жеңімпазды анықтау.)
Балалардың білімі құтты
болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты
болсын!
Білімдерін әрі қарай
дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты
болсын!
«Лолипоп биі» қыздар
тобы.