Тәрбие
сағаты
Бір
шаңырақ астында
Мақсаты: Көпұлтты
Қазақстан Республикасының халықтар
достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі
екендігін таныту. Әр халықтың өнері,
оның рухани байлығының негізін баланың
жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле
отырып, өзге ұлттың рухани байлығын
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар,
буклеттер,слайд, видео ролик.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар
құрметті қонақтар, қадірлі балалар
Сіздер білесіздер,кең байтақ Қазақстанда
130-дан астам ұлт өкілдері тұрып
жатыр.Әрине,бұл қазақ халқының ұлылығынан,
«Кең болсаң,кем болмайсың»дегендей
қазақ халқының пейілінің кеңдігінен
басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ
астында татулықта,сыйластықта өмір
сүріп жатқаны мәлім.
Қазақстан
Республикасында 130 дан астам ұлттар
өмір сүреді. Әр халықтың
тілі, әні, әдет-ғұрыптары шалқар
дариядай шалқуда.
1:Қазақстан
бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген
достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен
ырыстың ордасына айналды. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік
пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы
міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары
осынау ұлы көштің басында қол ұстасып
бірге жүрмек.
Қырғыз,
қазақ, өзбектер,
Монғол,
ұйғыр, дүнгендер,
Армян,
тәжік, грузин,
Орыс
пенен украин
Терезесі
тең жатыр – деп әр ұлт өкілдерін ортаға
шақырайық!
Әнел:(қазақ
ұлты)
Қазақ
халқы:
-
Қазақстан мемлекеті - көп ұлтты. Біздің
елімізде жүз отыздан астам ұлттар
тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек,
қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан,
украин, белорус, түрік, шешен және тағы
басқа шет мемлекеттен келген ұлттар
біздің елімізде тіршілік етуде. Біз
олармен татумыз, доспыз және бір -
бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір
сүрудеміз.
Әнел:
Біз
қазақпыз, батырмыз,
Байтақ
ел боп жатырмыз.
Біз
қазақпыз, арманбыз,
Батыр
ел боп қалғанбыз.
Біз
қазақпыз қаһарман
Жар
салатын жаһаннан.
Біз
қазақпыз, арыспыз,
Ер
жүректі барыспыз
Самира:(украина
ұлты)
2
жүргізуші: Кезекті украин халқына
берейік.
1
Украинаның территориясы - 603, 7 мың шаршы
километр. Астанасы - Киев. Ірі қалалары
- Харьков, Днепропетровск, Одесса. Халқы
- 48, 2 миллион адам.
Қазақ
жері маған да болған мекен,
Дүниеде
дәл мұндай ел бар ма екен?!
Досқа
- дарқан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем
оны, сағынып, самғап жетем.
Ануар:
Біздің
Отан кең байтақ
Көп
ұлттың мекені,
Біз
құшақты кең жайсақ.
Әлем
сыйып кетеді,
Тату
елміз табысқан
Қазақстан
– бақстан
Алихан:
Достық
біздің тірегіміз
Бірге
соғар жүрегіміз
Оттай
ыстық бір-біріне
Одақтасқан
ұлы елміз.
Нұржан:
Ата-бабам
ежелден-ақ дос қылған,
Татар,
қазақ неміпенен достасқан
Сол
достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі
күн мерекеде жайнаған.
Данияр:
( орыс ұлты)
1
Ресей елінің ресми атауы - Ресей
Федерациясы. Астанасы - Москва. Халқы -
143, 2 млн адам. Ұлттық ақшасы - рубль. Ресми
тілі - орыс тілі.
Орыс:
У
русских и казахов общий путь –
Путь
дружбы – и с него нельзя свернуть!
Народы
вместе сквозь века прошли,
В пути
друзей надежных обрели.
Расул:
Ынтымағы
жарасқан берекелі күн,
Білдіреді
болашақ ел ертеңін.
Татулық
пен достығың арта берсін.
Құтты
болсын бүгінгі мереке күн.
Ақ
мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы
шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам
армысың.
Өзбек:
Қазақ
пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз
ғой,татту-тәтті өмір сүрудеміз.Жүрегі
кең,бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға
айтылған ауыр сөз,бөтен ой естіген
жоқпыз.Мен елімнің амандығын,осы бетпен
алға жүре беруін тілеймін.
Көршімізді
сыйлаймыз,
Қонақ
келсе қимаймыз,
Қасымызға
алып - ап,
100
күндетіп тойлаймыз
Алтынбек:
Әйнегі
күн,шатыры аспан,
Кең
дала,төсі толқыған ән.
Көлдері
көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам
менің!
«Қазақстан»
әнін қабыл алыңыздар
«Достық»
әнін қабыл алыңыздар!
Бекхан:
Бір
ата,бір ананың түлегіміз,
Бір
болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік
барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік
деп бірге соқсын жүрегіміз.
Хор: «Әрқашан
күн сөнбесін!» әні үш тілде орындау.
Арман:
Енді
бүгін қарасам,
Айналам
бақыт кең жатыр.
Бірімен
– бірі туысқан,
Қол
ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз,
қазақ, өзбектер,
Моңғол,
ұйғыр, дүнгендер,
Армян,
тәжік, грузин,
Орыс
пенен украин.
Терезесі
тең жатыр.
Алатау,
Кавказ ұласып,
Баурайы
бұйрат кең жатыр.
Бақыты
әлі асқақтап,
Құлаққа
дауысы кеп жатыр.
Мұғалім:
Аман боп халқымыз мәңгілік,
Жүрейік
достықта сән құрып.
Бірлік
пен ынтымақ нығайса,
Атады
әрқашан таң күліп.
Біздің
ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі
берік, босағасынан ырыс - дәулет кетпегенін
қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын
барша халықтың өзіндік үлес қосуымен
бір - бір уық болып қадалғанын жақтаймыз.
Ашық, көк аспан астында барлық елдер
тату - тәтті өмір сүруіміз керек.
Мұғалім:
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте
болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!