Ашық тәрбие сағаты "«Біріңғай нөмір -маңызды қадам»"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "«Біріңғай нөмір -маңызды қадам»"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына «Сенім 111» нөмірінің жұмыс жасау мақсатын, не үшін тағайындалғанын және өмірлік қиын жағдайларда сенім телефонына хабарласуға болатыны жөнінде хабардар ету. 111 нөмірінің қызметіне сенімдерін арттыру. - сенім телефонының жұмыс жасау ерекшеліктері мен принциптері, жөнінде айту; - қандай жағдайда бұл нөмірге хабарласу керектігі жөнінде мағлұмат беру. - Өзіне өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру; Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біріңғай нөмір -маңызды қадам»

Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға «Сенім 111» нөмірінің жұмыс жасау мақсатын, не үшін тағайындалғанын және өмірлік қиын жағдайларда сенім телефонына хабарласуға болатыны жөнінде хабардар ету. 111 нөмірінің қызметіне сенімдерін арттыру.

Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

  • сенім телефонының жұмыс жасау ерекшеліктері мен принциптері, жөнінде айту;

  • қандай жағдайда бұл нөмірге хабарласу керектігі жөнінде мағлұмат беру.

  • Өзіне өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру;

Көрнекілігі: суреттер, Сенім телефонының нөмірі жазылған плакат, слайд


Сынып сағатының барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.

Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)

1,2,3 деп соғайын (қол соғу)

Қарсы тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)

Қарсы тұрған көршімнің

Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)

Күлімдеп бір қарайын (жымияды)

Құшақтасып алайын (құшақтайды)

- Қандай сезімде болдыңыздар ?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сынып сағатымызды сұрақтан бастағым келіп тұр.

-Сенім телефоны және не үшін қажет екенін білесіздер ме? (оқущылардың жауабы)

Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты, ол күнделікті телефон емессенім телефоны жөнінде болмақ.

Ал неге дәл бүгін сенім телефоны туралы әңгімелейміз? Өйткені балалар бүгін Барлық Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттары өтуде.

  • Қалай ойлайсыз бұл телефонға қай кезде қоңырау шалуға болады?

  • Егер балалар қиын жағдайға тап болса, егер оларға көмек қажет ал жанында көмектесетін адам болмаса онда осы сенім телеыонына қоңырау шалуға болады.

Қалай ойлайсыз, қандай жағдайларда сіздей балалар сенім телефонының қызметіне жүгіне алады?

Оқушылардың жауартары тақтаға жазылады. Ықтимал нұсқалар:

- баланы ұрады;

- ренжітеді;

- қауіп төндіреді;

- ойнағысы келмейді;

- мазақтайды т. б.

Бұндай дағдайларда әдетте не істейсіздер? (оқушылардың жауабы: ренжиміз, жылаймыз, ата-анамызға, ағамызға айтамыз)

Қиын жағдайда сізге кімдер көмектесе алады? (оқушылардың жауабы мұғалім, анама қоңырау шалам, ата-анамыз, ағамыз, т.б.)

- Оқушыларға сенім телефонының да көмектесе алатынын айтып кету

Сенім телефонында жұмыс жасайтын адамдар әрқашан сіздерді тыңдап, түсініп, жауап беріп, шұғыл көмектесуге дайын.

Біздің мектепте, көшеде достарымыз көп. Олармен өте көңілді әрі қызықты..Бірақ балалар өмірде қиын жағдайға тап болған балалар «111» нөміріне кез келген уақытта тегін хабарласып, көмек ала алады

Сергіту сәті:

Сенім телефонына арналған жаттығуымызды жасайық.

Егер біреу ренжітсе,

Сен жылама, күш салма.

Жай досыңа жақындап,

Күлімсіре, бетіне қара.

Достым бізге қоңырау шал,

Маңызды бізге қоңырауда.


Ертегі кейіпкерінен бізге кеңес: (Мақта қыз ертегісінің кейіпкері бізге әрдайым көңілді жүру үшін, еш нәрседен қорықпау үшін маңызды кеңес дайындап келіпті) Слайд арқылы кеңестер беру.

  • достарыңмен, құрбыларыңмен әрдайым амандасып жүр;

  • өзіңнің қызықты немен айналысатыныңды айта жүр, оларға өте қызықты болады.

  • Сені мазақтағандарға мән берме, оларға да қызықсыз болады.

  • құрбыларың баратын спорттық секцияларға сенде жазыл.

  • Ойыншық немесе жаңа заттарыңмен мақтанба

  • Кез келген жағдайды төбелессіз шешуге болатыны н ұмытпа!

Қорытынды бөлім:

Енді біз сіздермен Сенім 111 телефонының не екенін білдік. Бұл нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз қиындықтан құтылып өзіңізге сенімді бола аласыздар. Сабағымыздың соңында осы сенім телефонына сенетінімізді дауыспен «Ия» деп бірге айтайық.




М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Біріңғай нөмір -маңызды қадам»











Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Рамазанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі