Тақырыбы: «Біріңғай нөмір -маңызды қадам»
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға «Сенім 111» нөмірінің жұмыс жасау мақсатын, не үшін тағайындалғанын және өмірлік қиын жағдайларда сенім телефонына хабарласуға болатыны жөнінде хабардар ету. 111 нөмірінің қызметіне сенімдерін арттыру.
Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:
-
сенім телефонының жұмыс жасау ерекшеліктері мен принциптері, жөнінде айту;
-
қандай жағдайда бұл нөмірге хабарласу керектігі жөнінде мағлұмат беру.
-
Өзіне өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру;
Көрнекілігі: суреттер, Сенім телефонының нөмірі жазылған плакат, слайд
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Сабағымды бастамас бұрын алдымен бір – бірімізбен амандасып, сергіту жаттығуын орындайық. Енді қазір бәрімізде орынымыздан тұрайық, бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып менің айтқанымды қайталап, қимыл жасаймыз.
Күлім қағып қолымды (қолын бұлғайды)
1,2,3 деп соғайын (қол соғу)
Қарсы тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын (бір – біріне)
Қарсы тұрған көршімнің
Маңдайынан сипайын (бірінің маңдайынан сипау)
Күлімдеп бір қарайын (жымияды)
Құшақтасып алайын (құшақтайды)
- Қандай сезімде болдыңыздар ?(көңілдерін сұрау). Ендеше жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сынып сағатымызды сұрақтан бастағым келіп тұр.
-Сенім телефоны және не үшін қажет екенін білесіздер ме? (оқущылардың жауабы)
Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты, ол күнделікті телефон емессенім телефоны жөнінде болмақ.
Ал неге дәл бүгін сенім телефоны туралы әңгімелейміз? Өйткені балалар бүгін Барлық Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттары өтуде.
-
Қалай ойлайсыз бұл телефонға қай кезде қоңырау шалуға болады?
-
Егер балалар қиын жағдайға тап болса, егер оларға көмек қажет ал жанында көмектесетін адам болмаса онда осы сенім телеыонына қоңырау шалуға болады.
Қалай ойлайсыз, қандай жағдайларда сіздей балалар сенім телефонының қызметіне жүгіне алады?
Оқушылардың жауартары тақтаға жазылады. Ықтимал нұсқалар:
- баланы ұрады;
- ренжітеді;
- қауіп төндіреді;
- ойнағысы келмейді;
- мазақтайды т. б.
Бұндай дағдайларда әдетте не істейсіздер? (оқушылардың жауабы: ренжиміз, жылаймыз, ата-анамызға, ағамызға айтамыз)
Қиын жағдайда сізге кімдер көмектесе алады? (оқушылардың жауабы мұғалім, анама қоңырау шалам, ата-анамыз, ағамыз, т.б.)
- Оқушыларға сенім телефонының да көмектесе алатынын айтып кету
Сенім телефонында жұмыс жасайтын адамдар әрқашан сіздерді тыңдап, түсініп, жауап беріп, шұғыл көмектесуге дайын.
Біздің мектепте, көшеде достарымыз көп. Олармен өте көңілді әрі қызықты..Бірақ балалар өмірде қиын жағдайға тап болған балалар «111» нөміріне кез келген уақытта тегін хабарласып, көмек ала алады
Сергіту сәті:
Сенім телефонына арналған жаттығуымызды жасайық.
Егер біреу ренжітсе,
Сен жылама, күш салма.
Жай досыңа жақындап,
Күлімсіре, бетіне қара.
Достым бізге қоңырау шал,
Маңызды бізге қоңырауда.
Ертегі кейіпкерінен бізге кеңес: (Мақта қыз ертегісінің кейіпкері бізге әрдайым көңілді жүру үшін, еш нәрседен қорықпау үшін маңызды кеңес дайындап келіпті) Слайд арқылы кеңестер беру.
-
достарыңмен, құрбыларыңмен әрдайым амандасып жүр;
-
өзіңнің қызықты немен айналысатыныңды айта жүр, оларға өте қызықты болады.
-
Сені мазақтағандарға мән берме, оларға да қызықсыз болады.
-
құрбыларың баратын спорттық секцияларға сенде жазыл.
-
Ойыншық немесе жаңа заттарыңмен мақтанба
-
Кез келген жағдайды төбелессіз шешуге болатыны н ұмытпа!
Қорытынды бөлім:
Енді біз сіздермен Сенім 111 телефонының не екенін білдік. Бұл нөмірге қоңырау шалу арқылы сіз қиындықтан құтылып өзіңізге сенімді бола аласыздар. Сабағымыздың соңында осы сенім телефонына сенетінімізді дауыспен «Ия» деп бірге айтайық.
М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбие сағаты тақырыбы:
«Біріңғай нөмір -маңызды қадам»
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Рамазанова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "«Біріңғай нөмір -маңызды қадам»"

шағым қалдыра аласыз