Тақырыбы: «Бірлігіміз
жаарсқан».
Мақсаты:
Білімділік
мақсаты: 1-мамыр Қазақстан
халықтарының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу. Қазақстан
Республикасы басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығы туралы
мәлімет беру.
Дамытушылық
мақсаты: Көпұлтты Қазақстан халықның
татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойлауын
дамыту.
Түзету
мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәнерін
қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой өрісін
кеңейту.
Тәрбиелік
мақсаты: Ынтымаққа, достыққа, отанын
сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Залды мерекеге сай
безендіру.
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар,
ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар! Бүгінгі «Бірлігіміз жарасқан» атты
мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.
Мамыр айы табиғаттың жайма
шуақ мерекелік кезеңі. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік,
ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға
керек» деп көргендікпен Елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты
мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының
бірлігі. Ұлттардың татулығы артып, қазақ елінің нығайып өркендеуіне
өз үлесімізді қосайық.
Ынтымағы жарасқан берік
күн.
Білдіреді болашақ ел
ертеңін.
Татулық пен бірлігің арта
берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке
күн!
Ән: «Ассалаумағалейкум» 9 «В»
сынып оқушысы Ұлық Ерсұлтанның
орындауында.
Жүргізуші: Қазақстан
Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Жүзі басқа
болғанмен жүрегі бір, тілі басқа болғанмен тілегі бір Қазақстан
жерінің барлық ұланы ауыз бірлікте, туыс болуды
көздейді.
Би:
«Папури»
Жүргізуші: Қазақстанда тұратын
барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны астында бейбіт өмір суруде.
Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына
айналған қазақ елінде барынша қызмет етіп келе жатыр. Қазақстанның
ынтымақ, бірлігі үшін біз шаттанамыз
Уа, қош
келдің,
Ынтымақ күн, бірлік
күн.
Берекесі заманның,
тірліктің,
Ұлттар менен ұлыстардың
ұйытқан.
Ұлы елімнің келбетінен нұрды
ұқтым.
Ән: «Ақ көгершін» 5 «Ә» сынып
оқушысы Оразбек Ақеркенің орындауында.
Жүргізуші: Қазақстан халқының
бірлігі күні – достықтың, бірлік пен татулықтың, Отанымыз Қазақстан
Республикасының халқы үшін жауапкершіліктің
белгісі.
Болсыншы бейбітшілік жаныңы
тән,
Атыңнан айналайын, алып
Отан!
Әлемде, Қазақ елім өзің
барда,
Мен дағы мәңгілік боп жалын
атам!
Би: «Хип -
хоп»
Жүргізуші: Қазақстан халқының
бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір сүріп жатқан ел
тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниетінің дәстүрлі, асыға
күтер мейрамы
Мереке құтты болсын, туған
өлкем.
Гүлдене бер бұтақ жайып, өсіп
өркен!
Бүгінгі күні бізді
қуантады,
Болашағың бұдан да болсын
көркем!
Ән: «Қазағым -ау» 9 «В» сынып
оқушысы Ұлық Ерсұлтанның орындауында.
Жүргізуші: Бұл күн әрбір
Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық
сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің
мерекесі.
Би: 5-сынып қыздарының
орындауында «Испан биі»
Жүргізуші: Қазақстан бірлігі
арқасында біз қиындықтардан өтіп, тәуелсіздігімізді ныгайыттық,
бірлігіміздің арқасында барлық қиындықтарды жеңіп
шығамыз.
Хор: «Родина
моя».
Би: Қыздар тобының орындауында
«Сарыжайлау» биі.
Жүргізуші: Ортақ мекен жер
шары,
Төбеміз де, бір
аспан.
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» 5
«В» сынып оқушысы Итем Айдостың
орындауында.
Жүргізуші: Бейбіт аспан
астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген игі
тілекпен бүгінгі мерекелік іс-шарамызға қатысқандарыңызға рахмет
айтамыз.