Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Біз бақытты баламыз!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Біз бақытты баламыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру; Адами қасиеттерін дамыту; Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2021
7077
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

14.12.2021 Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданының №163 орта мектебінің 1 д сынып

Тақырыбы: Біз бақытты баламыз

Мақсаты:

«Бақыт» , қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру;

Адами қасиеттерін дамыту;

Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Слайд, шарлармен безендіру;

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе бөлім.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біздің бүгінгі «Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шақ.

- Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар! – дей келе, « Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Олай болса, балалар, қонақтармен амандасын алайық.

- Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үлкендерді көргенде,

Сәлемдесіп аламыз

ӘН: Алдарыңызда тамаша «Ұстазым». Әнімен Мұхитқызы Нейланы қарсы алайық.

2.Тыныштық сәті

Жүргізуші:

Балалар, мен бүгін сендерге мұғалім емес ,сиқыршы боламын. Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз.
Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде сапарымыз басталады.

- Қане, олай болса көзімізді жұмайық! 1,2,3

( баяу музыка)

Сендер ғажайып «Бақыт» әлеміне келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет! Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар. Алдарыңнан Бақыт періштесі шығып:

  • Менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте ерекше балаларсыңдар. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын.
    Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңдар!- дейді.

  • Бақыт періштесі сыйлаған сәулені жүректерімізге сақтап, өз сыныбымызға оралайық!

  • Енді көзімізді ашайық.

  1. Негізгі бөлім.

3.Әңгімелесу.

Жүргізуші
Балалар сендер қайда бардыңдар?

-Ол жақта не көрдіңдер?

-Айнала неге толы?
- «Бақыт сәулесі не әкеледі екен ? (қуаныш пен бақыт)
(Балалардың ой- пікірлері тыңдалады).

Жүргізуші:

Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің тәп-тәтті, сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық.

1.АЯНАТ

Достармен бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз?!

2.Нұртуған:

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

3.Асылназ:

Балаларға сол бақыт,

Болса Отаным аман-сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса биік Алатау.

4.Ернар:

Күлім қағып көкте күн,

Тал шыбықтай көктедім.

Әлдилейді апамдай,

Мейірімді мектебім.

5.Жасмин:

Өсіп оймен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз.

6.Нұрым:

Балалық шақ – балғын шақ,

Өмірдің өзі болашақ.

Балалық шақ шектеулі,

Ойнайтын кезде асыр сап.

7.Нұрай Ш:

Балалықтың шаттығы,

Ештеңеге жетпейді.

Үлкен болып өскенше,

Ол жаныңнан кетпейді.


8.Арафат:

Қайта оралып келмейтін

Балалық шақтың қызығы

Мектеп те қайта келмейді

Қоңыраудың сыңғыры,

9.Ж.Арнат:

Суға түсіп жазда арық жағалап,

Үлкендерді ойнашы деп мазалап.

Сөз түсінбей еркеленіп бәріне

Тау мен тасты әр күн сайын аралап.

10.Маншүк:

Балалық шақ ұмытылмас қызықты,

Ол қызықты кімдер бұзып сызыпты.

Естеліктер еске салып күлдірер,

Дәл сол шақтар қуанышты, қызықты.

11.Т Нұрай:

Бейбіт елдің ұланы

Оттай лаулап жанамыз,

Бұл бақыттың ұланы,

Біз бақытты баламыз.

12.Ердос:

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерді сыйлаймыз

Тентек бала болмаймыз

Таңда ерте тұрамыз

13.Іңжу:

Беті қолды жуамыз

Кір қоңдарды қуамыз

Біз ұқыпты баламыз

Кесте тоқып, сурет салып

Біз шебер де боламыз.

14.Нұрасыл:

Тақпақ жаттап,ән айтып,

Біз өнерпаз боламыз

Біз осындай боламыз

Біз бақытты баламыз.

15.Рашид:

Сәби күндер, бала күндер баяғы,

Қайдан енді бізге құшақ жаяды.

Үйге кірмей, ойынға да тоймастан,

Жепте кейде алар едік таяқты.

4. Хор. « Біз бақытты баламыз!»

5. Мұгалім түсіндірмесі:

Сонымен, бақыт дегеніміз біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз,мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді.



6.Сахналық көрініс. Балалардың өнерін тамашалайық.

Жүргізуші:

Сейфолла Оспановтың «Бақыт деген не өзі?»

Қызы:Айтшы білсең егер де,
Әке бақыт деген не?
Әкесі:Бақыт деген , шырағым
Мынау әсем тұрағың.
Ну ормандар, гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны
БАҚЫТ- дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің.
Қызы: Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Әкесі: Адал еңбек етесің
Сонда ғана жетесің.

Қызы: Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?

Әкесі:Бақыт деген, сөзім шын

Айналайын, өзіңсің!

7. Хор. «Қошақаным».

8. Би: Сұлу қыздар флешмоб биімен.

9.Ой қозғау.

Жүргізуші:

Балалар, қалай ойлайсыңдар, « Бақытты бала » деп кімді айта аламыз?

Күтілетін нәтиже:
-Өз отбасы бар
-Достары көп
-Денсаулығы мықты
-Арманы орындалған баланы

Жүргізуші:
-Иә, ойларың дұрыс, балалар.

- Балалар, денсаулық демекші, біздің бақытты болуымыздың ең бастысы – спорт.

0 «А» тобының бүлдіршіні Мусалин Дидардың би өнерін тамашалайық.

10. Тұрғанбек Аяланы : «Әжетайым менің» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші:

11.Бақыт деген не? тақырыбын тағы да

бүлдіршіндер өз тақпақтарын айтып толықтырмақшыАл,ендеше құлақ салып тыңдайық.(тақпақ айту)

16.Айша:

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берер ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нақым менің.

17.Аяла :

Ал екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

18.Арсен:

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

19.Ернұр:

Жылай қалсақ жұбанамыз,

Ақыл тыңдап, тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Таңда ерте тұра аламыз,

Беті қолды жуа аламыз,

Біз ұқыпты баламыз.

20.Ақтілек:

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан – ортақ үйіміз ,

Көңілді ән мен күйіміз.

21.Нейла:

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

Үй тазалап жинаймыз біз,

Біз қолқанат баламыз!

Домбыра да тарта аламыз,\

Өлеңді де айта аламыз

Біз өнерпаз баламыз!

22.Арафат:

Мен бақытты баламын,

Таудай болып талабым.

Білімді оқушы боламын деп ,

Мектебіме барамын.

23.Хамза:

Музыка деген сабақта,

Ән айтып би билеймін.

Өтірікті, жалқаулықты,

Салақтықты сүймеймін.

24.Ш.Нұрай:

Сабағымды жақсы оқып,

Күнде бестік аламын.

Сурет салу сабағында,

Әдемі сурет саламын.


Жүргізуші:

Өте жақсы, балалар, өмірде қуанышты сәттерің көп болсын!

12. Хор. «Көк тудың желбірегені».

13.Қорытынды:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!